7


Ана тілі Тақырыбы Қыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгі жасар өмір» Тұрсынбек Кәкішев.
Сабақтың мақсаты: 1. Сәкен Сейфуллин туралы оқушылардың білімін толықтыру.
Әңгіменің негізгі ойын, идеясын ашу. 2. Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезініп қабылдауын дамыту.3. Халық жүрегінен мәңгі орын алған адамдарды құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Біздің өтіп жатқан бөліміміз қалай аталады?
Бұл бөлімде кімдер туралы оқып, таныс болдық?
2. Үй тапсырмасын тексеру Оқушыларға түсініктерін айтқызу. Бөлімдерге бөліп айту. (Мысалы: 1.Қолға түскен тұтқын. 2. Атамырзаның зымиян әрекеті. 3. Шайқас.)
Өз сөзімен түсіндіру.
- Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта. Іс - әрекетіне баға бер.
- Әңгімеге басқаша тағы қандай ат қояр едің? Неге солай атағаныңды дәлелдеу.
3. Жаңа сабақ
Балалар, осы әңгіменің басты кейіпкері -Тұрар, елінің қамын ойлаған азаматтардың бірі. Қазақ елінің басындағы қиын-қыстау кезеңде халқы үшін күрескен, елі үшін құрбан болған зиялы өкілдеріміз көп болды. Біз солармен мақтана аламыз. Солардың бірі Сәкен Сейфуллиннің өмірі бүгінгі сабағымызда арқау болмақ.
Тұрсынбек Кәкішев. «Мәңгі жасар өмір»
Мәтін авторымен таныстыру.
Тұрсынбек Кәкішев - 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында туған. Сәкентанушы ғалым, әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы, профессор. Қазақ Қеңестік Социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 1944 - 1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрында актер болған. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген.
Сәкен Сейфуллин туралы қысқаша мағлұмат беру.
1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Ақадыр ауданында дүниеге келген.Қазақтың атақты ақыны,жалынды жазушысы, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткер, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Шын аты Сәдуақас. Оның қаламынан туған «Туған ел», «Ақсақ киік», «Дала», «Қызыл шұнақ», атты өлеңдері мен әңгімелері, «Асау тұлпар», «Домбыра», «Көкшетау», атты өлеңдер жинағы мен шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алады. Әкесі Сейфолла сөзге шешен, серілігі бар домбырашы әрі саятшы болған. Анасы Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нақышына келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен екі тілге де жүйрік, алғыр да жігерлі, оның үстіне тұрпаты да келісті келген, тез көзге түсіп, көрнекті тұлғаға айналады. Ақынның көзі тірісінде 1936 жылы республикада қазақ қаламгерлері арасында тұңғыш рет С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдық мерейтойы атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. Сәкен қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, 1938 жылы жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, Алматыда атылып, 1958 жылы ақталған. С.Сейфуллиннің есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады. 1985 жылдан Астана қаласында С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді.
Оқулықпен жұмыс: - Мәтінді оқу, түсіндіру.
- Іштей оқыту.Тізбектеп оқыту.
Сұрақ - жауап: Сөздік жұмыс
Мәтінді бөліктерге бөлу.
(Мысалы:1. Халықтың қорқынышы . 2. Сәкеннің әні немесе Сәкеннің мұрасы. 3. Мәңгі жасар өмір)
9. Сергіту сәті
С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тыңдату
Бұл Сәкеннің Сәния деген ғашығына арнаған әні.
10. Суретпен жұмыс
Суретке ат қою.
Сәкеннің тұтқындалуы. Сәкеннің азапты күндері. Жазықсыз жала.
Дәптермен жұмыс: Дәптерге сызба бойынша сөйлем құрату.
Қазақ тілінен өтіп жатқан тақырыпқа байланысты (бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша). Мысалы: Сәкен Сейфуллин - қазақтың ұлы ақыны. Немесе
Сәкен Сейфуллин - ұлы ақын. Сәкен Сейфуллин - ақын, жазушы.
Қосымша деректер, сұрақтар: Елбасы жарлығымен 1997 жыл 31 мамыр ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді. Еліміздің көптеген қалаларында Орал, Қарағанды, Павлодар, Тараз , Жамбыл, Балқаш, Алматы, Астана қалаларында , Жаңаөзен қаласында да ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіштер орнатылған.
Мәтінде қазақтың қандай салт-дәстүрі жайлы сөз етілген? (шілдехана). Дүниеге келген нерестенің алғашқы тойы.
Қорытындылау. Мәтіннен алған түсініктерін оқушыларға айтқыза отырып, Сәкеннің ағашына жапсырма қағаздармен ілу. Қағаздар алдын ала жазылған, оқушылар мәтіннен түйгендерін айтып, іле береді. Мысалы: (ақын,жазушы, «Тау ішінде» әні, халық жауы, «Туған ел», ата-анасы, ордені, туылған жері, туылған жылы, ақталған жылы, шын аты ). Бұл жерде Сәкен «халықтың жүрегінде мәңгі сақталады» деп жүрекше түріндегі жапсырма қағаздармен ілінеді.
- Олай болса балалар, сендер де еліміздің мақтанышы, үлгілі де білімді өрені болыңдар, - деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал