7


  • Учителю
  • 'Бүлдіршін - Ару ' ертеңгілігі

'Бүлдіршін - Ару ' ертеңгілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Бүлдіршін Ару -2014» ертеңгілік сайыс . Мақсаты: Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқап, өздерін емін еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамытып,білімге деген қызығушылықтарын арттыру.Адамгершілік қасиеттерін, бір - біріне дег
предварительный просмотр материала



І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі


сайысы

Өткізіген:

Шағын орталық тобының

тәрбиешісі: О.Отарова


2014 оқу жылы


Тақырыбы: «Бүлдіршін Ару -2014» ертеңгілік сайыс .
Мақсаты: Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқап, өздерін емін еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамытып,білімге деген қызығушылықтарын арттыру.Адамгершілік қасиеттерін, бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт - дәстүрді құрметтей білуге үйрету.

«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар-шексіз әлем, күннің нұры

Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай "Шағын орталық

«А» тобының" тәрбиеленушілерінің «Ананың аяулы алақаны"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сыйын алдымен тартуын қабыл алыңыздар.


Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
Армысыңдар әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді.


К.Нұржігіт

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Алтынай

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Б.Нұржігіт

-Шәкіртпін мен,
Ұлылардан жақсылықты теретін,
Ой маржанын көпке ұсынып беретін.
Барлығынан ардақтысы өмірдің,

Дина

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ!

Ақеркем

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам

Нұрислам

Ел жатқанда жатпаған.
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін балаңның,
Аман сау бол, ақ мамам,

Гүлназ

Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Дамир

Бауырсақ шайнап жегізген
Жая десем жал беріп.
Шекер десем бал беріп
Аялап мама емізген
Аяулы анам аман бол!

Әсемгүл

Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ақ мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Аружан

Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың

Бейбарыс

Жүре берсем қасыңда
Әйбат анам қуанам
Ботам деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам
Жангүл

Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
Айшат

Мамам менің ақ мамам,
Балын маған сақтаған,
Әнін маған сақтаған
Бәрін маған сақтаған.

Аянат

Мамам менің ақ мамам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Мен ұйықтамай жатпаған

Динара

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жаздым бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.




Барлығы бірге айтады

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.


Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.

Ән: хор «Айналайын ақ мамам»

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе -Отан ғана.


Құрметті ата-аналар осы мереке әрі қарай жалғасын тапақ.Әр баланың бойындағы ойлауы қабілеті, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Үлкенді сыйлап құрметтеу, әдепті сөйлеу, ибалы , көркіне сай бұрымды қыз, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білген ұрпақты тәрбиелеу, мақсатында көктемнің алғашқы шуақты күнінде өткелі тұрған «Бүлдіршін Ару-2014» қыз сыны сайысын ашуға рұқсат етіңіздер.


Бүгінгі сайысымыз, мерекеміз,
Қалайша мұны біз бекер дейміз.
Ананалар құтты болсын , ару тойы!
Бүлдіршіндер құтты болсын мерекеңіз!

Бүгінгі сайысқа қатысушы «Бүлдіршін аруларды ортаға шақырамыз.

Сайыстың шарты 4 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру
2. Өз өнері
3. Сұрақ-жауап
4. Сән үлгісі

Әділ-қазыларды сайлау.

Гүл көңілі қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді, - дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың

1 кезең: Таныстыруын бастаймыз.

Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.

2-кезең: Өз өнері

Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- әсем бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.


Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын

3- кезең: Сұрақ-жауап

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

  2. Жабай жануарларды ата ?

  3. «Шалқан» еретегісіндегі кейіпкерлерді ата ?

  4. Үй жануарларын ата ?

  5. «Қуыршақ» әнің айтып бер

  6. Үшбұрыштың неше бұрышы бар ?

Шеңберде бұрыш бар ма ?

  1. Жұмбақ шешу

Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады. (көктем)

  1. Логикалық есеп

Үш аю орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда?

9.Текеше түстерін айт, сана. Ән: хор «Ана туған күнніңмен »

4-кезең:

Сән үлгісі:

Ардақты ана-, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың -аясындай гүл бақтың.


Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.

Ойын:

Аналардың көздерін байлап өз балалларының ажыратып тауып алу.


Әділ-қазыларға сөз береміз.


Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Балаларыңыздың қызығын көріңіздер, құтты болсын. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі - көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Сау болыңыздар!

Ән. «Әрқашан күн сөнбесің» хор



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал