7


Анашым ашық тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Анашым» әні

1 - жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай,тал бесікті тербей отырып,тебірене толғар бесік жыры арқылы ұрпғының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен ғарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерін аналарға бағыштайды

Хор: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

1 - оқушы. Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

«Анашым» деп мақтағам,

Айналайын ақ мамам.

2 - оқушы. Ана,әже,әпкелер,

Құтты болсын мереке.

Осы келген ортаға,

Тілейміз біз береке.

3 - оқушы. Ай қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

4 - оқушы. Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.

«Ақ мамам» әнін орындау (даярлық топ)

5 - оқушы. Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын,анажан!

6 - оқушы. Ардақтап аялап

Мәпелеп өсірген

Анамдай жан бар ма

Қатемді кешірген?!

7 - оқушы. Өмірдің қызығы

Өзіңсіз өтпейді

Мен үшін анама

Ешкім де жетпейді.

8 - оқушы. Көгімде күн болып

Жұлдыздай жанасың

Аман бол әрдайым,

Аяулы анашым!

« Құттықтаймын мама туған күніңмен» 1 кл

«Кім көп біледі» ойыны.

Кімнің ойы ұшқыр болса,бұл жұмбақты тез шешеді:

1.Екі жағым «Н» болса

Қасиетті тағаммын

Екі жағым «А» болса

Ел қадірлер адаммын

(Нан,Ана)

2.Апам үшін қам жеген,

Тозаң жұтып,шаң жеген,

Жатыр үйде айдаһар

Ондай мешкей қайда бар?

(Шаңсорғыш)

3.Даладай

Кімнің кең пейілі?

Данадай

Кімнің мол мейірі?

(Ана)

4.Отынсыз,сусыз піскен ас,

Адамның бәрі ішкен ас.

(Ананың сүті)

Бүгін біз құрметті де,ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған.Әжелерімізге арнап тақпақтарымызды айтып көрейік.

9 - оқушы. Менің әжем,ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем

Менің әжем,гүл әжем

Шуағы мол,нұр әжем

Анам үшін,мен үшін

Нағыз ана тілі әжем

10 - оқушы. Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

11 - оқушы . Мен анамның оң қолы

Тілін алып жүремін

Мен анамның оң қолы

Бәрін істей білемін

12 - оқушы. Үн қатасың бал тілмен

Еркелейін әр күн мен,

Құттықтаймын,анашым

Сегізінші наурызбен.

13 - оқушы. Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

14 - оқушы. Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күнім қаққан көздерін.

15 - оқушы. Дүниедегі ең кемеңгер дананы,

Ана табады,аялайды бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

«Анашым» әні.

16 - оқушы. Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем теңіз болам шалқыған,

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

17 - оқушы. Аналар шаңырақтың сәулеті ғой

Ана деген баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.

18 - оқушы. Пайдаланса уақытты

Біздің қыздар бақытты

Арманға жетер балалар

Аман болсын аналар!

«Ақ мамам» әні. Арсен Әсел.

Бата беру

Уа,құдайым оңдасын

Жаманшылық болмасын

Аруақ біткен жар болып,

Ару ана қолдасын!

Көк шалғынды жайлауға

Бөтен көштер қонбасын,

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі - бақи жаппасын

Бәле - жала отбасын

Іздесе де таппасын

Әумин.

2 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар,ұстаздар,қонақтар!

Аналарға арналған «Айналайын анашым»... атты ертеңгілігімізде құттықтау сөз.

Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берейік құрметпен басшымызға

Барша жұртқа арналсын мерекелік тілегіңіз!

Мұғалім: Балаларыңыздың сүйікті аналарына сыйлығы ретінде дайындаған ашық хаттарын қабыл алыңыздар.

Хор: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой,аналар.

Зор денсаулық,мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

1.Ақ мамам. Әсел мен Арсен.

2.Құттықтаймын мама,туған күніңмен. 1 кл

3.Ананың тілі - аяулы күні. Әсел мен Арайлан

4.Анашым

5. «Анам үшін» би (даярлық топ)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал