7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ата-аналарымыздың мамандығы Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ата-аналарымыздың мамандығы Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 2 "Г"

Әдіскер: Cулейменова С.Ы.

Пән: Дүниетану

Практикант: Толеу А.Н.

Сабақтың тақырыбы:« Ата-аналарымыздың мамандығы»

Мақсаты: Еліміз үшін мамандықтың бәрі де маңызды екендігін түсінеді.

Міндеттері:

1.Еліміздегі мамандықтардың барлығы да қажетті екендігін түсінеді.

2.Ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімелей алады.

3. Бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйренеді.

Көрнекілік: мамандық иелерінің суреттері, оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлеметсіңдерме,балалар! Отырыңдар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін.Менің аты- жөнім:Толеу Айжан Нуржановна

а) Психологиялық дайындық: жүректен жүрекке.

Ал онда балалар бүгінгі сабақта жақсы баға алуларына тілектеспін.Ендеше сабағымызды бастайық.

II.Өткенді қайталау:

Өткен сабақта не өттіңдер, кім айтады.

  • Үйге не берілді?

III. Жаңа сабақ:

- балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Кәне шешеміз бе?

1. Астында жүйрігі,

қолында құрығы (жылқышы)

2. Қалықтайды, бірақ ұшпайды (биші)

3. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады (шаштараз)

4. Кірпіштен сарай салады (құрылысшы)

Барлық жұмбақты да өте жақсы шештіңдер ал олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыздың аты «Ата-аналарымыздың мамандығы» деп аталады.

-Балалар кім қандай мамандық иелерін біледі?

-Жарайсыңдар бәріміз тақтаға назар аударайық, тақтадан не көріп тұрсындар? (мамандық иелерінің суреттері)

Дәрігер /емдейді

Мұғалім /оқытады , білім береді

Жүргізуші /көлік жүргізеді

Аспазшы /тамақ әзірлейді

Аңшы /аң аулайды

Суретші / сурет салады

Жазушы /кітап ,мақала ,әңгіме жазады

Тілші /аудармашылық қызмет атқарады

Етікші/ етік тігеді

Егінші / егін отырғызады

Сатушы /азық - түлік, тауар сатады

Тігінші /киім- кешек тігеді

-Жарайсыңдар, балалар!

IV. Оқулықпен жұмыс. (6 минут)

Оқулықтағы берілген мәтінді түсініп оқу.

-Сендердің ата-аналарың не үшін жұмыс істейді?

-Сенің отбасыңда белгілі бір мамандық әулеті бар ма?

-Сен ата-анаңның мамандығын жалғастырғың келе ме?

-Өзіңнің мектептегі және үйдегі еңбегің туралы не айта аласың?

V. Дәптермен жұмыс. (6 минут)Суретті мұқият қара.Бұл бөлмеде не істеу керек?

Үлкендердің көмегінсіз ------------- істей аламын.

Үлкендердің көмегімен ------------- істеймін.

VI .Сергіту сәті:

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Бетіңді жушы,

Қолыңды сүртші,

Айнаға қарашы,

Шашынды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы

VII.Тақтамен жұмыс.( дәрігер,мұғалім, осылар туралы не біледі?)

















VIII.Шығармашылық жұмыс. (10 минут)

Топтық жұмыс

«Біз мамандық таңдадық» тақырыбында жұмыс жасау,әр топ өз шығармашылық жұмыстарын орындайды, талдап,қорғайды.

1 топ- жүргізуші

2 топ- шаштаразшы

3 топ- мұғалім

VIIII. Үйге тапсырма:

Оқулықтың 12, 13 беттерін түсініп оқу. Ата-аналарынан олардың мамандықтары жайлы сұхбат алып, жазып алу.





VIIII. Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)

-Мен сабақты жақсы түсіндім -жасыл түс

-Мен сабақты түсінген сияқтымын- сары түс

-Маған сабақ түсініксіз болды- қызыл түс





















































































Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:







.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал