7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Біз әдепті баламыз ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Біз әдепті баламыз ашық тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

21.01.15 жыл.

Т әрбие сағат тақырыбы: «Біз әдепті баламыз»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кішіпейілділікке,үлкендерді сыйлауға адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп,ұнамсыз қылықтардан жирену сезімінтудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.

Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру.Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тіл байлықтарын,таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке,кішіпейілдікке,әдептіллікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.Өз-өздерін басқаруға,еркіндікке қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Тәрбие сағаты.

Типі:Өнеге сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі:Сыни тұрғыдан ойлау,сұрақ жауап,ой бөлісу.

Сабақтың көрнекілігі:Интербелсенді тақта,слайдтар,шарлар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Мейрімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Жүргізуші: Құрметті,ұзтаздар,оқушылар.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Біз әдепті баламыз». Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтпек.Ол үшін төрт топқа бөлінді.

1.Бақылаушы 2.Баяндаушы 3.Көрермен 4.Төреші

Әр топтан бір сайыскер шығады.

1-топ -Аружан.

2-топ-Мадина.

3-топ-Райымбек.

4-топ-Перизат.

Сосын әділ қазылар алқасын ұстаздардан сайлап алайық.

1.Айнұр Ахметова

2.Тәжіғұлова Батырхан

3.Мұханова Клара

Сайыстың бөлімдері.

1-бөлім.Таныстыру бөлімі.

2-бөлім.Әдептілік туралы әңгімелеу.Негізгі ортада өзін-өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы өз ойын жеткізу.1.Үйде,2.Көшеде,3.Мектепте,4.Қонақта,5.Дастарханда,6.Қалада.

3-бөлім.Сұраққа жауап беру.

4-бөлім.Өнер көосету.[ән,би т.б.]

5-бөлім.Әдептілік туралы көрініс көрсету.

6-бөлім.Әдептілік туралы мақал мәтелдер.

7-бөлім.Сүйікті асым ұнататын тағамдарын дайындап келу,түсінік беру.

Сайыскерді реттік нөмірлері арқылы өз өнерлерін көрсетуге шақыру. Жүргізуші:Олай болса әдепті бала қандай болу керек туралы жалпылама айту өту.

1.Асылжан. Әдепті бала-мәдениетті,кішіпейіл,үлкенді сыйлайтын,қамқоршы.Үлкенді-құрмет тұтады,көшеде,мектепте,асханада,көлікте,қонақта амандасып жүру керек.Кішіге-ізет,қамқоршы болу.

2.Нұрсәт. Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,біздер сәлем береміз,

-Сәлеметсіз бе,ағай-деп

-Сәлеметсіз бе,апай-деп

-Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

3. Зәмзәгүл.

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскеін

Адамдықтың тілегі

Адал болып өскенің

Әдептілік дегенін

Әрқашанда керегің

Жемпаздық дегенің

Әуре салсаң әлегің.

4.Нұршат.

Құс ұясын бұзбаймын

Бүлдірмеймін жейдемді

Қабырғаны сызбаймын

Жинап қоям бөлмемді

Бос шимайлап шатпақтап

Дәптерді де жыртпаймын

Бір күн болмай сатпақтап

Киімімді құртпаймын.





Сайыскерлерімізді реттік сандар бойынша шақырамыз.

1-бөлім.Таныстыру бөлімі:

1.Аружан 2.Мадина 3.Райымбек 4.Перизат.

Ән Бала тілегі [хор]

2-бөлім.Сұраққа жауап беру.

1-сайыскер. 1-жағдаят.Анар мен Асылай сабақтан қайтып келе жатты.Қолында ауыр сөмкесі бар көрші әжей жолдан өте алмай тұр екен...

2-сайыскер. 2-жағдаят.Асан мен Айдос спорт кешенінен үйге қайтып келе жатыр еді.Кеңет иесінен адасып қалған күшікке көздері түсті...

3-сайыскер. 3-жағдаят. Айгүл үйден мектепке келе жатты.Кенет үлкен ағащтын жанынан өте бергенде кішкентай балапанның шиқылдаған дыбысын естіді.Қараса ұясынан түсіп қалған екен... Айгүл сабақтан кешікпеу керек пе? Әлде балапанға көмек беру керек пе?

4-сайыскер. Жандос үйден ойнауға шыққан еді.Бір үйдің қасынан қарлығаштың шырылдап жоғары төмен ұшып жүргенін көріп қараса анадай жерде ұясынан түсіп қалған балапанына бір мысық жақын келеді екен...

Сұрақтар: 1.Әдептілік неден басталады?[сәлемдесуден] 2.Балалардың құқықтары туралы не білеміз?[сақтау,білу керек]

2. Сабақтан не істеуге болмайды?[кешігуге] 2.Құқық дегеніміз не?[құқық-үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы]

3. Үлкендерді не істеу керек?[сыйлау керек] Жақсы оқитын баланы кім дейміз?[үлгілі,әдепті,үздік оқушы]

4.Ата-ананың айтқаның не істеу керек?[тілін алу,тындау керек] Оқушы оқу құралдарын не істеу керек?[күтіп,таза ұстау керек]

Соңғы үлгідегі би - Аслан.

4-бөлім.Өнер көрсету [ән,би т.б.]

1.Аружан 2.Мадина 3.Райымбек 4.Перизат

Тақпақтар айту.

1.Айдана

Тәртіпті бала сүйеніш

Төбен бір көкке жетеді

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс айқай шу

Ұстамды бала манынан

Ұнамды қылық байқайсың.

2.Алтынбек

Апамызды сыйлайық

Үйдің ішін жинайық

Бұрынғыдай егесіп

Ерегесіп тұрмайық

Қалмау үшін керісіп

Кел алайық келісіп

Атқарайық үйдегі

Жұмысты тең бөлісіп.

3.Есен

Кел,самаурын қайнатып

Дастарханды жайнатып

Отырайық бөлмеде

Бөпемізді ойнатып

Гүлдерді де суарып

Еденді де жуайық

Келген кезде жұмыстан

Қалсын апам қуанып

4.Айжарық

Қарсы ал ерте күн көзін

Төсегінді жина өзін

Асықпай іш тамақты

Пышақты ұста оң қолмен

Шанышқыны сол қолмен

Нанды үгітпе қадірле

Қабығымен бәрін же

Саусағынды сормағын

Салдыр салақ болмағын

5.Мәди

Су құйдым да құманмен

Қолына мен әкемнің

Содан кейін оған мен

Орамалды әпердім.

6.Аслан

Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тындаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

7.Ақберден

Сыйлап үлкен ағаны

Таудай биік талабы

Сәлем берген баланы

Кім дейміз.,

Әдепті екен бұл дейміз,үлгілі екен бұл дейміз.

8.Данияр: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды,құрметтеуді айтамыз.Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп,ардақтай біледі,көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

5-бөлім. Әдептілік туралы көрініс көрсету.

1.Аружан 2.Мадина 3.Райымбек 4.Перизат

Ән- Жаңа жыл - Перизат,Назым,Зәмзәгүл.

6-бөлім Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Аружан

2.Мадина

3.Райымбек

4.Перизат

Тақпақтар: 1.Гүлзада

Жас кәріге сіз деген

Жақсы үлгі іздеген

Дос боламыз біз деген

Ізетті ұл мен қызбенен.

2.Наурыз

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді

Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді

Адалдықты сүйетін жүрегімен,жанымен

Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.

3.Назым

Отты ойлы жыры бар ақын болғым келеді

Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді

Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді

Ең бастысы өмірде кісі болғым келеді.

4.Аман

Теңізші болатын бала-

Бұлақпен ойнайды.

Батыр болатын бала-

Қынаппен ойнайды.

Жарықты жағатын бала-

Шырақпен ойнайды.

Диқан болатын бала-

Топырақпен ойнайды.

Ғалым болатын бала-

Кітаппен ойнайды.

5.Саламат

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге Сіз деген..

7-бөлім.Сүйікті асым ұнататын тағамды дайындау,айту.

1.Аружан

2.Мадина

3.Райымбек

4.Перизат

1.Ән - Айгөлек. Ақберден-Назым

2.Би - Қара жорға Асылжан-Нұршат

Қорытындылау: Бірінші баяндаушылар өз ойын айтып шығады. Екінші бақылаушылар айтады. Үшінші көрермен айтады. Төртінші төрешілер баға береді.

Сосын қазылар алқасы баға береді.

1.Бас жүлде-

2.Бірінші орын-

3.Екінші орын-

4.Үшінші орын-

Тәрбие сағатын аяқтаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар.Барлығымыз әдепті бала қандай болу керек екенін жақсы ұқтық. Тәртіпті де,тәрбиелі ұл-қыз болып адамгершілік қасиеттерді биік ұстап,мектепте,үйде өзімізді дұрыс ұстауды білейік.

Тындап,көргендерінізге рахмет.





































































































Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі

















Мектепішілік

«Әдепті бала- арлы бала»

атты апталығында өткізілген

Ашық тәрбие сағаты

«Біз әдепті баламыз»

Өткізген : Бупежанова А

Сыныбы: 3









































2015 жыл







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал