7


Өтірік өрге баспайды

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам екенін түсіндіруСабақтың түрі:топпен жұмысОқыту әдістері: «Ыстық орындық», «Алты қалпақ»,ребус ,Күтілетін нәтижелер:Пәндік нәтиже. Оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын табиғат құбылыстары
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Өтірік өрге баспайды.Н.Серәлиев

Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам екенін түсіндіру

Сабақтың түрі:топпен жұмыс

Оқыту әдістері: «Ыстық орындық», «Алты қалпақ»,ребус ,

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын табиғат құбылыстары арқылы кеңейту.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тұлғалық нәтиже. Өтірік айтпауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті,маркерлер,постер,қалпақтар

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал орнату.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз ,

Арайлап атқан таңға!

Оқушыларды 6 топқа бөлемін.

1-топ ақ қалпақ

2-топ сары қалпақ

3-топ қара қалпақ

4-топ қызыл қалпақ

5-топ жасыл қалпақ

6-топ көк қалпақ

II Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық»

(5минут)

Әр топтан 1 оқушыдан,яғни кімнің орындығында стикер жапсырылған сол оқушы дәптерге жазғанын ыстық орындыққа отырып оқиды.Қалған оқушылар бас бармақтарымен бағалайды.

III Жаңа сабақ

Қызығушылықтарын арттыру.Ребус шешу

(5минут) Әр топқа конвертке салып тапсырма беремін.Конверттің ішінде сөз жасырынған сол сөзді табады.

Шешімі: өтірік

IV Мағынаны тану

(5минут) Балаларды жаңа сабақ тақырыбымен танысып автормен таныстырамын.Автордың Н.Сеәлиевтің портретін көрсетіп өмірбаянын айтамын.

Ой қозғау

(7минут)


«Отбасына оралу»әдісі арқылы оқушылар мәтін мазмұнын бір-біріне түсіндіреді. Жеке жұмыс,топпен жұмыс жасайды.

11 22 33

11 22 33 топтарға бөлініп отырады әр бала өзінің оқығанын отбасына барып мазмұндайды.

Сергіту сәті(2минут) «көңілді күн»музыкасы арқылы қимылдайды

V Мәтінмен жұмыс.

«6 қалпақ»әдісі арқылы әр қалпаққа тапсырмаларын беремін.Мәтінмен жұмыс жасайды.

Ақ қалпақ-сахналық көрініс көрсетеді.

Сары қалпақ-жақсы қасиеттерін іздеп,монологын табады.

Қара қалпақ-сары қалпаққа қарсы айту.

Қызыл қалпақ-болжам жасау

Жасыл қалпақ-мәтіндегі мақалды табады.

Көк қалпақ-сарапшы,әр қалпақтың ойлау үдерісін басқарады.

VI Қорыту

(3минут) Кейіпкерге хат жазады.Әр оқушыға хатқалта беремін. Оқушылар ақ қағаздарға хат жазады.

Оқимын дегендер оқып береді.

VII Бағалау

(2минут) Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі арқылы балалардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін білемін.

Оқушылар өздерінің қалауы бойынша түстерді көтереді.

Қызыл түс-түсінбедім

Сары түс-түсінбеген жерім бар

Жасыл түс-түсіндім


Жалпы сабақты қалай бағалайтындарын бас бармақтарын көрсету

VIIIҮй тапсырмасы:мәтінді оқып,автор туралы мәлімет әкеледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал