7


  • Учителю
  • 10 санынан азайту. Білгірлер отауы

10 санынан азайту. Білгірлер отауы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№33 жалпы орта білім беру мектебі

























Ашық сабақ

математика

«10 санынан азайту. Білгіштер отауы»

























































1 «Ә» сыныбы

2015 - 2016 о.ж.

Тақырыбы: 10 санынан азайту

Мақсаты: 1. 10 санының құрамын және 10көлемінде сандарды қосу және азайту кестесін қолдана отырып, 10 санынан азайту тәсілімен таныстыру; кері есептер шығару дағдысын жетілдіру.

2. Шапшаң есептеу, логикалық ойлау, шығармашылық белсенділігін дамыту; математикалық терминдерді нақты қолдана отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынас орната отырып, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға бейімдеу; өзін-өзі бақылай-бағалауға бейімдеу; өзара көмектесуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың формасы: топтық сайыс

4 топ: 1-«алғырлар», 2-«білгірлер», 3-«тапқырлар», 4-«ойшылдар»

Ұйымдастыру формасы: топпен, ұжыммен, жеке-дара

Қолданылатын технология: СТО элементтері

Әдіс-тәсілдері: ойша санау, өзіндік жұмысы, шығармашылық жұмысы, салыстыру, талдау, өзара тексеру-бағалау, дид. ойындар, «дөңгелек үстел» стратегиясы, көрнекілік

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сауат ашу

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Жайлы орта құру.

- Көңілін көтеру, жұмысқа жұмылдыру

Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн!

Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер!

Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз!

Қарады саған да. Сәлеметпіз де біз!

- Жұптасып, сәттілік тілеу





2. Сабақтың тақырыбын және мақсатын нақтылау(сурет гүл күлтелерімен)

- Суретке мұқият қарап, сабақтың тақырыбын жазыңдар ( алдын ала қағаз таратылады)

- Бүгін сабақта не істейміз? Сонымен, сабақтың мақсаты қалай болады?

3. Мұғалім: Балалар, бүгін біз «Білгіштер отауы» топтық сайыс өткіземіз. Әр сайыс 5 ұпай жүйесімен бағаланады. Сайыс соңында жеңімпаз анықталады.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру

1. Сан сәулесімен жұмыс:

1) сұрақ - жауап:

- Мынау не? біртаңбалы сандарды атаңдар; екітаңбалы сандарды атаңдар; ең үлкен екітаңбалы сан; ең кіші екітаңбалы сан; ең кіші үштаңбалы сан.

2) санау: әр топқа «сан сәулесімен жүгір» тапсырмасы беріледі:

«алғырлар» - жұп сандарды өсу ретімен, «білгірлер» - жұп сандарды кему ретімен,

«тапқыштар» -тақ сандарды өсу ретімен, «ойшылдар» - тақ сандарды кему ретімен

( мұқият тыңдап, өзара тексеру)

2. 10 санының құрамын қайталау «Дөңгелек үстел» стратегиясы

Әр топқа бүктелген қағаз беті беріледі, соған 10санының құрамының барлық мүмкін жағдайларын кезекпен жазып шығу керек; содан кейін топтардың қағаздары ауыстырылып, өзара тексеріледі; спикерлер есеп береді.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

1. Оқулықтағы кестемен жұмыс 138б. №1(ұжыммен)

- Кестеге мұқият қарап шығыңдар. Қандай амал орындаймыз? (азайту)

- Азайтудың компоненттерін атап беріңдер. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

- Азайғыш туралы не айтуға болады? (азайғыш-10)

- Азайтқыш туралы ше? ( азайтқыштар әр түрлі)

- Қай компоненттті табамыз? (айырманың мәнін) Табыңдар.

- Балалар, азайтқыш кемігенде, айырманың мәні қалай өзгереді? (артады)

- Қай жағдайда айырманың мәні екітаңбалы сан болады? (азайтқыш 0 болғанда)

ІV. Алғашқы бекіту жұмысы

1. Өздік жұмысы

Есептер шығару, кері есептер құрастырып, шығару (жеке-дара жұмыс)

Топтың әр мүшесіне жеке есеп мәтіні беріледі, балалар өздері оқып, шығарады, кері есеп құрып, шығарады. Содан соң өзара №1 есеп шығарған балалар өзара тексеру жүргізеді (№2,№3,№4,№5 солай тексереді), спикер есеп береді

1) Төбешіктен барлығы 10 бала сырғанап жүр еді. Оның 6-ауы ұлдар, қалғандары-қыздар. Төбешіктен неше қыз сырғанап ойнап жүр?

2) Мектеп ауласында барлығы10 ағаш өсіп тұр. Оның 3-еуі қарағай, қалғандары-қайың. Мектеп ауласында неше қайың өсіп тұр?

3) Ағаш бұтағында барлығы 10 құс отыр. Оның 7-еуі торғай, қалғандары-қарға. Бұтақта неше қарға отыр?

4) Аулада барлығы 10 кұс жүр еді. Оның 4-еуі үйрек, қалғандары - қаз. Аулада неше қаз жүр еді?

5) Сөреде барлығы 10 ойыншық бар. Оның 2-еуі қуыршақ, қалғандары-машина. Сөреде неше машина бар?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық, Оңға бір иіліп,

Бойымызды жазайық. Солға бір иіліп,

Қолымызды созайық, Белімізді жазайық,

Кеудемізді ашайық. Орнымызға отырайық.





2. «Аңқау математик» дидактикалық ойыны (топпен жұмыс)

Әр топқа «тиісті санды қой» тапсырмасы беріледі (карточка), топ мүшелері бір бірден орындап, басқа топ мүшелері нәтижесін тексереді.

















«алғырлар»





«білгірлер»





«тапқырлар»





«ойшылдар»

















3. «Сиқырлы үйшіктер» шығармашылық жұмысы(топпен жұмыс)

Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Теңдіктер және теңсіздіктер тура болатындай өрнектер жазу керек. Топтар арасында өзара тексеру жүргізіледі





































V. Сабақты қорытындылау





1. «Жасырын сөзді тап» дидактикалық ойыны (топпен жұмыс)

Әр топ мүшелері өрнектердің мәнін таба отырып, жасырынған сөзді табу керек.





















«алғырлар»



Жасырын сөзді тап

10-6+1= м

10-3-5= і

10-8+2= і

10-10+1= б

10-0+3= л













</



Жасырын сөзді тап

10-9+0= к

10-0-7= т

10-7+2= п

10+0-6= а

10-5-3= і

















«тапқыштар»



Жасырын сөзді тап

10-4-3= б

10-3-5= ң

10-7+1= е

10-10+5= к

10-9-0= е









«ойшылдар»



Жасырын сөзді тап

10-8+0 а

10-6-3 т

10-1-4 п

10-7-0 л

10-4-2 а

























2. Рефлексия

- Сабақ ұнады ма? Не ұнады?

- Сабақта не істедік? Не үйрендік?

3. Бағалау

Қорытынды жасау, ұпай санын санау, жеңімпаздарды марапаттау. Бағалау

4. Үй тапсырмасы

10 санынан азайту кестесін жатқа білу































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал