7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен 'Етістік' тақырыбының сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен 'Етістік' тақырыбының сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Күні:

Сабақтың тақырыбы:Етістік

Сабақтың мақсаттары: 1. Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасына сай дәл, дұрыс жұмсай білу дағдыларын дамыту 3.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, қайталау, практикалық

Әдіс түрлері: ауызша, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылар кітап, дәптер, қаламдарын дайындап қояды.

ІІ Үй жұмысын тексеру


Берілген жаттығуларды оқып шығу

Дәптерлерін ауыстыру

Өтілген тақырыптар байынша сұрақтар қою

ІІІ Негізгі бөлім


А)Психологиялық дайындық

Заттың қимылын білдіретін сөздер жайлы оқушылар 2-сыныпта аздаған мағлұмат алған болатын. Ал 3-сыныпта етістік туралы толық түсінік беріліп, білімдері кеңейтіледі. Етістік туралы жалпы мағлұмат берілгеннен кейін күрделіге көшеміз

Ә) Жаңа тақырыппен жұмыс

Етістіктің болымды, болымсыз түрлері, болымсыз етістіктердің қандай жұрнақ арқылы жасалатыны қайталанады. Негізгі етістіктер мен туынды етістіктер қатар қойып салыстырылады.

В) Оқулықпен жұмыс

1- жаттығу заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін еске түсіруге арналады

2-жаттығу арқылы болымды, болымсыз етістіктер қайталанады.

3-жаттығу орындай отырып, дара, күрделі етістіктер қайталанады. Әр бөлімдегі суреттерді салыстыра отырып, қай бөлімнің артық екенін тауып, дәлелдейді.

4-жаттығуда көп нүктенің орнына әріп қою арқылы негізгі етістік жасайды

С) Қосымша

Берілген зат есімдермен тіркестіріп етістігі бар сөйлем жаз

Зат есімдер: қалам, дала, ата, жол, еркін, саябақ

Кестені толтыр №1

Күрделі етістік

Дара етістік


Кестені толтыр№2


Болымды етістік

Болымсыз етістік

ІV Қорытынды

А) Сабақты бекіту

Етістік дегеніміз не?( заттың қимыл әрекетін білдіретін сөз табы)

Ә) Үй тапсырма беру

В) Бағалау

Рефлексия

Өзін-өзі бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал