7


Қмж 'Қос сөздер' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауыш сынып мұғалімі Ермекова Ғазиза Шамшадиновна

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: қос сөздер

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қос сөздер жайлы түсіндіру, қос сөздердің жасалу жолындағы ерекшелігін меңгерту.

Білімділігі: сөйлем ішінен қос сөздерді таба білу, арасына дефис қойылатынын меңгерту, тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету.

Шеберлігі:ой-өрісін дамыта отырып, байланыстыра сөйлеу дағдысын өз беттерімен бірлесіп жұмыс істеуді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дағды: таза жазуға және сауатты оқуға, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақты қолданылатын әдіс-тәсілдер:айналмақ, джигсо, күн сәулесі, адасқан сөздер, сыңарын тап,эссе жазу,кім жүйрік

Сабақта қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, АКТ, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, бағалау, көшбасшылық.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, еңбекке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, кесте, сызба, слайдтар,үлестірмелі парақшалар

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Кіріспе

1.Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шеңбер құрып, бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдіреді.


2.Топқа бөлу

Оқушыларға суреттер тарату арқылы топтарға бөлу.

Оқушылар топтарға бөлініп алады.


3.Үй тапсырмасын тексеру

Айналмақ әдісін қолдана отырып, оқушылардың үй тапсырмаларын тексеру.

Сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмаларын тексереді.


4.Оқушыларға видео ролик арқылы қазақ тілі жайлы мәлімет беру

Қазақ тілі жайлы түсініктерін қалыптастырады.

2.Негізгі бөлім

1.Жаңа сабақ

Қос сөздердің жасалу жолындағы ерекшеліктерді түсіндіру,олардың ортасына дефис қойылатынын меңгерту

Қос сөздердің жасалу жолындағы ерекшеліктерді түсінеді, олардың ортасына дефис қойылатынын меңгереді.


2. Қызығушылығын ояту

1-жаттығу. Төмендегі күрделі сөздерді оқып,мағынасын түсіндір.Олардың қалай жасалғанын айт.

Алуан-алуан,бақа-шаян,үлкен-кіші

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазу.Қос сөздердің астын сызу.

Қазы-қарта, жал-жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнайды.

3-жаттығу.Шығармашылық жұмыс. Суретті пайдаланып,заттардың атауларынан қос сөздер тауып айт.

Әр түрлі жаңа әдістерді қолдана отырып, тапырмаларды орындайды

3.Сергіту сәті

Оқушыларға сергіту сәтін орындату

Оқушылар сергіту сәтін орындайды

Берілген тапсырмаларды жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып орындайды

4-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа жаз.Қос сөздерді тап,астын сыз

5-жаттығу. Төмендегі сөздерді мағынасына қарай өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп, қос сөз жаса.

3.Қорытындылау

1.Ой толғаныс

Әр топ қос сөздерді қатыстыра отырып, жұмыс жүргізеді.

1-топ эссе жазу

2-топ тақырыпқа сай ертегі жазу

3-топ хат жазу

4-топ газетке мақала жазу

Сабақта ұйренгендерін пысықтау мақсатында эссе жазады.

2.Бағалау

Оқушыларға бағалау парақшаларын тарату арқылы, оларды бірін-бірі бағалауға үйрету

Оқушылар бағалау парақшалары арқылы бірін-бірі бағалауға үйренеді

3.Үй тапсырма:

6-жаттығу,

107-бет

Қос сөздерді табу

Күнделіктеріне жазып алады

4.Кері байланыс.

Не білдім? Не білгім келеді?

Стикерлерге өз ойларын жазу








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал