7


  • Учителю
  • 'ҚОршаған әлем' таңдау курсының бағдарламасы (1 - 4 класс)

'ҚОршаған әлем' таңдау курсының бағдарламасы (1 - 4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Алға аудандық білім бөлімі

Аманкелді негізгі мектебі





«Қоршаған әлем»

таңдау курсы бағдарламасы

1 - 4 класс

2015 жыл


Алға аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде


«___» _________ 2015 жылы

№ ___ хаттама негізінде бекітілді

Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері:

__________ Бектұрғанова Ш

Құрастырған:

Аманкелді негізгі мектебінің

бастауыш класс мұғалімі Г.О.Абдуллина

Пікір жазғандар:

  1. Кенесова Г.М. - Аманкелді негізгі мектебінің биология пәні мұғалімі, I санатты

  2. Утешова Б.С.- Аманкелді негізгі мектебінің биология пәні мұғалімі, I I санатты



Түсінік хат.
1 - 4 сыныптарға арналған «Қоршаған орта» бағдарламасы мемлекеттік стандарт талаптарына негізделіп құрастырылды.
Бастауыш сынып қоршаған әлем бүгінгі талапқа сай «Дүниетану» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.

Бағдарламаның басты мақсаттары оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру, қоршаған ортаның бір - бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру, алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны құрастыруда 1 - 4 сыныптар бойынша қамтылған білім жиынтығы былайша топталған.

1 - сыныпта - қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым - қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір - бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.

2 - сынып бойынша - адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой - өрістері дамытылады.

3 - сыныпта - адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.

4 - сыныпта - оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.

Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.

Әрбір курсты аяқтауы табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.



Пікір

Бұл бағдарлама табиғатты жаңа танып келе жатқан бастауыш сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның апталық жүктемесі 1 сағатқа әр сынып оқушыларының ерекшеліктеріне арналып құрастырылған. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларға тірі және өлі табиғат, адам және табиғат арасындағы қарым - қатынас туралы білімді игеруге көмектеседі. Ол оқушыларға экологиялық тәрбиемен қатар қоршаған ортаға, табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиелейді.
Негізгі ұғымдар дүниетану пәнімен байланыса отырып, ҚР білім стандартына негізделіп алынған.
«Қоршаған әлем» бағдарламасы оқулықтың мазмұнын толық ашуға көмек беру мақсатын және оқушының танымдық қабілетін дамытуды көздейді. Бағдарлама авторы беріліп отырған материалдың алуантүрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттыруда, оқу үрдісін ұйымдастырған кезде оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағыттап жасаған. Әр тақырыпқа белгіленген сағат саны көрсетілген. Бастауыш буында алған білім одан кейінгі алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болып, айналамызды қоршап тұрған табиғатты танып білуге көмектеседі.



Мақсаты:

Оқушылардың қоршаған ортаны, табиғатты, өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемін ұғынуға, өзінің туған жерін, Отанын танып білуге бағыт-бағдар беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • Өсімдіктер әлемі туралы білім беру;

  • Жануарлар әлемі туралы білім беру;

  • «Қызыл кітап», қорықтар туралы білімін кеңейту;

  • Қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылығын арттыру;

  • Отан ұғымын кеңірек таныту, әлемдегі орны мен рөлі туралы ұғынуға көмектесу;

  • Табиғатты қорғау саласында оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау

  • Жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктерін кеңейту;

  • Баланың эмоционалды сезімін байыту. Табиғаттың сенімді досы болуына көмектесу.

  • Берілген тақырып бойынша өздігінен ізденуге дағдыландыру;

  • Шағын кітапшалар жасап, оқуға, сөзжұмбақ шешуге үйрету;





















Тақырыптық күнтізбелік жоспар

«Қоршаған әлем» 1 класс

(Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.)


Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

1

Жер - біздің ортақ үйіміз

1


2

Экология дегеніміз не?

1


3

Күзгі саябаққа саяхат

1


4

Табиғаттағы өзара байланыс

1


5

Табиғат пен адам. Табиғатта өзіңді ұстау ережелері.

1


6

Күзгі тоғайға саяхат

1


7

Орман - біздің байлығымыз

1


8

Жануарларды білесің бе?

1


9

Жануарлар туралы.

1


10

Сен білесің бе?

1


11

Табиғат түстері.

1


12

Ормандағы өрт туралы

1


13

Жануарларды қорғау. Қорықтар, хайуанаттар бағы.

1


14

Құстарға өз қамқорымызды көрсетейік

1


15

Саңырауқұлақтар әлемі

1


16

Ойын «Не? Қашан? Қайда?»

1


17

Қызыл кітап.

1


18

Ауа мен өмір

1


19

Қысқы саябаққа саяхат

1


20

Сиқырлы қазына

1


21

Топырақтың тірі тұрғындары.

1


22

Су және өмір.

1


23

Түрлі - түсті өзен.

1


24

«Алтын балық» ертегісі.

1


25

Біздің қанатты достарымыз.

1


26

Құстардың аты мен дауыстары.

1


27

Кімнің үйі жақсы?

1


28

Құстарға қалай үй жасауға болады?

1


29

Көктемгі саябаққа саяхат.

1


30

Қорғауға алынған өсімдіктермен танысу.

1


31

Қайыңдар да жылайды.

1


33

Жасыл дәріхана.

1


34

Қорытынды сабақ.

1


Тақырыптық күнтізбелік жоспар

«Қоршаған әлем» 2 класс

(Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.)


Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

1

Біздің айналамызды қоршаған орта.

1


2

Күзгі табиғат.

1


3

Өсімдіктер әлемі.

1


4

Өсімдік мүшелері.

1


5

Көкөністер, олардың пайдасы.

1


6

Жеміс-жидектер, олардың пайдасы.

1


7

Бөлме гүлдерін өсіре білеміз бе?

1


8

Дала гүлдері

1


9

Дәрілік өсімдіктер.

1


10

Орман - біздің байлығымыз.

1


11

Жергілікті жердің өсімдіктері.

1


12

Жануарлар әлемі.

1


13

Жануарлардың түрлері және пайдасы.

1


14

Сүтқоректілердің ерекшелігі.

1


15

Бунақденелілердің ерекшелігі.

1


16

Бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің ерекшелігі.

1


17

Құстар - біздің досымыз.

1


18

Жануарлар әлемінде талай қызық бар.

1


19

Жергілікті жердің жануарлары. Шағын кітапша жасау.

1


20

Өсімдіктер, жануарлар және адам арасындағы байланыс.

1


21

Қызыл кітап туралы білеміз бе?

1


22

Қорықтар деген не?

1


23

Үй жануарлары.

1


24

Төрт түлік мал-ырысым.

1


25

Малдан алынатын өнімдер.

1


26

Көктем. Наурыз.

1


27

Табиғатта өзіңді ұстау ережелері.

1


28

Менің Отаным.

1


29

Ауылым - құтты мекенім.

1


30

Отбасы - алтын діңгек.

1


31

Менің достарым.

1


32

Мектебім - алтын ұям.

1


33

Жергілікті жерге саяхат.

1


34

«Мені қоршаған орта» сурет көрмесін ұйымдастыру

1

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

«Қоршаған әлем» 3 класс

(Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.)


Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

1

Біздің айналамызды қоршаған әлем.

1


2

Күзгі табиғат байлықтары.

1


3

Өсімдіктер әлеміне саяхат.

1


4

Өсімдік мүшелері, қызметі.

1


5

Көкөністердің адамға пайдасы.

1


6

Жеміс-жидектердің ағзаға пайдасы.

1


7

Бөлме өсімдіктерін күту.

1


8

Дала гүлдері

1


9

Дәрілік өсімдіктер түрлері, пайдасы.

1


10

Орман - біздің байлығымыз.

1


11

Жергілікті өсімдік түрлері.

1


12

Жануарлар дүниесі.

1


13

Жануарлардың түрлері және пайдасы.

1


14

Сүтқоректілердің ерекшелігі.

1


15

Бунақденелілердің ерекшелігі.

1


16

Бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің ерекшелігі.

1


17

Қанатты достар.

1


18

Қыс мезгіліндегі құстарға қамқорлық.

1


19

Жергілікті жердің жануарлары.

1


20

Өсімдіктер, жануарлар және адам арасындағы байланыс.

1


21

Қызыл кітапқа енген жануарлар.

1


22

Қазақстан қорықтары.

1


23

Үй жануарларының маңызы.

1


24

Төрт түлік мал-ырысым.

1


25

Малдан алынатын өнімдердің пайдасы.

1


26

Көктемгі табиғат құбылыстары.

1


27

Табиғатта өзіңді ұстау ережелері.

1


28

Табиғатым - байлығым.

1


29

Ауылым - құтты мекенім.

1


30

Отан - от басынан басталады.

1


31

Достық - алтыннан да қымбат.

1


32

Мектебім - алтын ұям.

1


33

Жергілікті жерге саяхат.

1


34

«Мені қоршаған орта» сурет көрмесін ұйымдастыру.

1




Тақырыптық күнтізбелік жоспар

«Қоршаған әлем» 4 класс

(Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.)


Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

1

Айналамыздағы тіршілік

1


2

Бізді қоршаған табиғи орта.

1


3

Өсімдіктер және адам арасындағы қарым-қатынастар туралы ұғым.

1


4

Жануарлар және адам арасындағы қарым-қатынастар туралы ұғым.

1


5

Адам және табиғат

1


6

Адам мен табиғат арасындағы байланыс.

1


7

Табиғат кешендері.

1


8

Өсімдіктер мен ауа арасындағы байланыс.

1


9

Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым.

1


10

Ауладағы қоқыстар, олардың зияны.

1


11

Өндірістік қалдықтарыдың түрлері және зияны.

1


12

Ауыл шаруашылығы қалдықтарының түрлері және зияны.

1


13

Тұрмыстық қоқыстар

1


14

Қоқыстарды тазалаудың маңызы.

1


15

Сенбіліктер, олардың рөлі.

1


16

Табиғат қорлары.

1


17

Геожүй туралы түсінік.

1


18

Экожүйелер туралы түсінік.

1


19

Табиғи қорлардың адам өміріне қажеттілігі.

1


20

Ауа және су.

1


21

Ауаның тіршілік үшін маңызы және ластанудан қорғау жолдары

1


22

Судың тіршілік үшін маңызы және ластанудан қорғау жолдары

1


23

Топырақ туралы түсініктер.

1


24

Топырақтың тіршілік үшін маңызы.

1


25

Топырақтың ластануы мен тозуы.

1


26

Табиғаттағы өсімдіктер қоры.

1


27

Орман - ел байлығы.

1


28

Табиғаттағы жануарлар қоры.

1


29

Жануарларды қорғаудың маңызы.

1


30

Күз көріністері. Қураған өсімдіктердің топырақ түзудегі рөлі.

1


31

Қыс көріністері.Қар көшкіндері мен оның зардаптары. Адамның табиғатқа қамқорлығы.

1


32

Көктем көріністері. Көктемгі табиғаттағы өзгерістер.

1


33

Жаз көріністері. Жаздағы табиғаттағы өзгерістер.

1


34

Оқушылардың табиғат қорғаудағы рөлі.

1




Күтетін нәтиже:

  • Оқушы өсімдіктер әлемі туралы мағлұмат алады;

  • Жануарлардың көптүрлілігімен танысады;

  • Жергілікті жердің табиғаты туралы мағлұмат алады;

  • «Қызыл кітап» туралы білімін кеңейтеді;

  • Әлемдік көлемде өз Отанының алатын орны мен рөлі туралы мәліметтермен танысады;

  • Оқушы қоршаған ортада өзінің орнын білетін дәрежеге ие болды;


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.


  1. Дүниетану. Әдістемелік құрал. Алматыкітап 2013


  1. Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры.

Алматы. Мектеп.2006


  1. Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы. Табиғат -ел байлығы. Алматы. Қайнар. 2010.


  1. КовшарьА.Ф. Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен. Алматы. Алматыкітап ААҚ. 2004


  1. «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» республикалық конкурсының материалдары. Астана қаласы. 2011


  1. Бастауыш мектеп. 2008 ж №2 10-11-беттер





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал