7


Ашық сабақ: «Адал достық».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: 44 Мерзім: 14.11.2015 №10 сабақ

Тақырып: «Адал достық».

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, кешірімділік, бірлік.

Мұғалім: Калменбаева К.М. Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны: 21


Сабақ мақсаты:

«Адал достық» ұғымының мәнін дұрыс әрекет құндылығы арқылы ашу.

Міндеттері:

-Адалдық мәнін түсіндіру;

-Кешірімділік түсінігін дамыту;

-Бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

(проектор, видеоролик, аудио ән).

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оңтайлы күйге келтіру сәті.

Табиғат дыбыстары.

-Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Арқаларыңызды тік ұстап, терең тыныс алып, көздеріңізді жұмыңыздар. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екеніңізді елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Сіз өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ... Қоршаған айналаның тыныштығына көңіл бөліңіз...Ал, енді сыныпқа оралайық. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Сыпайы қоян». Мексика ертегісі.

-Жылан қоянның қандай жақсы сөздерінен кейін оны жегісі келетініне өкініп қалды?

-Жүрекке жол табатын қандай сөздерді білесіңдер?

-Жақсы сөз адамның жанын қалай қуаттандырады?



5 минут

5 минут

3.Дәйексөз

«Адал досы бар адам-ең бақытты адам».

Халық даналығы

1. «Адалдық» деген ұғымның мағынасын қалай түсінесің?

2. Неліктен адам адал досымен бақытты болады?

3 минут

4.Оқиға айту (әңгімелеу)

«Балапан және оның достары»-Достық туралы. Мультфильм. А.Бекенбаева, Ә.Әбсаттар.

1.Балапанның достары балапанға неліктен ренжіп қалды?

2. «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» деген мақал арқылы балапан достарының қадірін қалай түсінді?

3. Достардың адалдығын қандай ізгі істерінен байқауға болады?

4. Не себепті достар бір-біріне кешірімділік танытса, достықтарының беріктігі нығая түседі?

5. Бірлік қасиеті арқылы адал достықты қалай сақтап қалуға болады?

15 минут. Видео- мультфильм.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шарты: оқушылар 3 топқа бөлініп, берілген жағдаяттың шешімін топпен бірлесіп шешіп, «дос ретінде қалай көмектесетінін» сахналайды.

1-топ: Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос.Ақылбек сабақтан келген соң түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

- Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,- деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...

  • Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2-топ: Гүлмира мен Айжан бала кезінен бірге өскен, бірге ойнаған адал достар. Бір күні Гүлмира Айжанды өз үйіне анасының туған күніне қолымен жасаған сыйлығын көрсетуге шақырады. Гүлмира сыйлықты Айжанға көруге ұсынып, өзі шай демдеуге кетіп қалады. Сол сәтте Айжан қолындағы сыйлықты байқамай сындырып алады....

  • Айжан мен Гүлмираның достықтарының беріктігін сақтау үшін не істеуге болады?

3-топ: Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты.

  • Сендер Мұхиттың адал досы болсаңдар не істер едіңдер?

Ұшақ ойыны.Ойынның мақсаты: ұшақты құндылықтарға қондыру. Оқушылар тақта бетіне жабыстырған қатты қағазды нысана етіп, қағаз ұшақтарын соған қарай ұшырады. Картонға үлкен етіп нысана белгіленеді. Нысана ортасына құндылықтарды жазып, айналасына жағымсыз қасиеттер белгіленеді. Балалар кезекпен құндылықтарға қону үшін, нысанаға қарата ұшақтарын ұшырады. Жағымды қасиеттер: кешірімділік, қамқорлық, достық, адалдық, мейірімділік, түсінушілік, бірлік, татулық. Жағымсыз қасиеттер: қызғаныш, менмендік, өзімшілдік, дөрекілік, түсініспеушілік, ашушаңдық, өшпенділік. Оқушылар ұшақтарын жағымды қасиет нысанасына дәл тигізсе, тілек жазылған жүрекше беріледі. Ойынның барысында жүрекше көп жиналған балаға жақсы тілек білдіру, мадақтау.

10 минут

6.Топпен ән айту

«Достар». Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сөзін жазған:Фариза Оңғарсынова

Ақ,қарамыз,сарымыз,

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз.



Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күншуақ,

Бізге қымбат Анамыз.



Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.



Балдырғанбыз арай жүз,

Бал-бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.

5 минут

7.Үй тапсырмасы:

«Менің досым» эссе жазу.


8.Сабақтың қорытынды сәті:

-Достардың бойындағы қандай қасиеттер адалдықты сақтап қалады?

-Қандай жағдайда адамдардың достығы берік болады?

-Ендеше, достарымызға адал, қалтқысыз сеніп, қуаныш пен қайғыны бірдей бөлісіп, бірлесіп, көмектесіп, қамқорлық танытып, қадірлей білсек рухани түрде жақын боламыз, сонымен қатар адамгершілік жақсы қасиетіміз де танылады. Бойымыздағы бірлік, кешірімділік, адалдық қасиеттері арқылы адал достығымызды сақтап қалайық, достар!

2 минут












 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал