7


  • Учителю
  • «Қызықты математика» әлемінде «Көңілді тапқышбектер» сайысы

«Қызықты математика» әлемінде «Көңілді тапқышбектер» сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 22.11.13ж

Тақырыбы: «Қызықты математика» әлемінде. «Көңілді тапқышбектер» сайысы

Мақсаты:1.Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

3.Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Ойындар, сұрақ-тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан, -дей келе бүгінгі «Көңілді тапқышбектер» атты математикалық кешімізді ашық деп жариялаймын.

-Сонымен бүгінгі сайысымызда 2,3,4 сынып оқушылары жарысқа түсіп, бақтарын сынамақ..Ендеше 2 топқа бөлініп, жарыста өз білімдерін ортаға салсын.

Балалар сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық:

1. Таныстуру ұрандары

2. «Ойна да ойла»

3.Көңілді жұмбақтар, санамақтар.

4.Қозғалысқа берілген есептерді шешу.

5.Тапқыш болсаң тауып көр.

6. Логикалық сұрақ-тапсырмалар.

7.Блиц-турнир.

1-топ: «Білгірлер» топтың ұраны: «Математика-ғылымдар патшасы»

2-ші топ: «Тапқырлар» Топтың ұраны: Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ».

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегін математикаға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік.

Жарысуға жалықпай

Үміт оты жалындай

Үйренуге білуге

Қош келіпсіз сайысқа.

1-кезең: «Ойна да ойла» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа есептер яғни тиімді амалдарды қойып Білім шыңына жетуі керек.БІЛІМ



10*60*8=78 20*30*5=55



50*40*20=70 75*5*20=50



30*3*60=93 100*60*20=60



50*8=58 40*2=42





2-кезең:Көңілді жұмбақтар, санамақтар»

1-топ 2-топАлды артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді де,

Шыққан тегін білсін де.(Түзу)

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. (икс)х

Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу кім-білді?(8)

Үшеу аз деп, балақан,

Қосты тағы үш балапан.

Табыңдаршы ойланып,

Қанша болды балапан.(6)

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.(он саусақ)

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.(Аптаның жеті күні)

Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.(шеңбер)

Нүктеден 2 сәуледен құралған

Айтшы бұл не екенің?(бұрыш)

Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?(30 қаз)

100 асықтың 30-ын,

Досым сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолымда қалады.(70 асық)





3-кезең: «Қозғалысқа берілген есептерді шешу» 4-сынып капитандарға арналған кезең.

4-кезең: «Тапқыш болсаң тауып көр»

Ойын «Доңғалақты тап»

























5-кезең:Логикалық сұрақ - тапсырмалар»

  1. Тауық бір аяғымен тұрғанда 2кг, екі аяғымен тұрғанда неше ?(2 кг)

  2. Сенің әке-шешең көрщіне кім болады?(көрші)

  3. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әрқайсысына қарап 3 мысық отыр.Үйде неше мысық отыр?(4 мысық)

  4. 1 жұмыртқа 3 мин піседі. 2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)

  5. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?

  6. Ержпнның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?

6-кезең: «Ой тізбек» әр топқа өрнек түрін жазу.

7-кезең: «Блиц-турнир» Мұнда әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі.

1.Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

2.1 сағатта неше минут бар?

3.Қосудың нәтижесі қалай аталады?

4.Қарама-қарсы қабырғалары өзара геометриялық фигураны қалай атаймыз?

5.Оқу жылының алғашқы айы қандай?

6.Қосуға кері амалды ата.

7.Аптаның соңғы күні қалай аталады?

8.Бір тәулікте неше сағат бар?

9.9+7 өрнегінің мәні қанша?

10.60-7 өрнегінің мәні қанша?

11.1 дм неше см болады?

12. 1 ғасырда неше жыл бар?

13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.

14. Периметрді қалай табамыз?

15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.

16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.

18. шаршы деген не?

19. Салмақ өлшем бірліктерін ата.

20. 1 дм 4 см неше см болады?

8-кезең: Тест тапсырмалары.

Қорытынды.

Жеңген топты марапаттау.





































































Новенький ОЖББМ

















Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Көңілді тапқышбектер» сайысы













Өткізген: Абдрахманова З.С.





















2013-2014 оқу жылы

Новенький ОЖББМ

















Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Толағай» сайысы













Өткізген: Абдрахманова З.С.

Қайратқызы Ә.

















2013-2014 оқу жылы



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал