- Учителю
- Тақырыбы: «Денім сау болсын десең…»
Тақырыбы: «Денім сау болсын десең…»
Тақырыбы: «Денім сау болсын десең…»
Мақсаты: Қоршаған орта жөніндегі ұғымдарын кеңейту. Табиғатқа деген
оң көзқарас қалыптастырту. Табиғатты қорғай отырып, сүйіп
мәпелеуге және өз денсаулықтарын күте білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі және қажетті құралдар: тапсырмалар,суреттер,
белгілер
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарын таңдап, қорғайды.
І. топ «Күн» Ұраны: Күндей шалқып,жарқыра,
Сөнбейтұғын мәңгілік.
ІІ. топ «Ауа» ұраны: Ауа түссіз, мөлдіреп,
Онсыз өмір не керек?
ІІІ. топ «Су» ұраны: Сылдырап аққан суларым,
Тыныштық тапқан мөлдіреп.
ІІ.Негізгі бөлім.
1 тур «Жылдам тап!»
Сұрақтарға жылдам жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан беріледі. Үш
сұраққа да дұрыс әрі нақты жауап берген топқа 3 ұпай беріледі.
1.Ерте тұрып не істейсің? (жаттығу)
2.Тіс ауруының алдын алу үшін не істеу керек?
(тісті уақытымен жуып, таза ұстау )
3. Ауырмау үшін не істеу керек? (денені шынықтыру)
4. Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
(қоқыс тастамау, айналаны таза ұстауға көмек беру)
5.Сыныптағы таза ауа қайдан келеді? (гүл отырғызып
көгалдандырсаң)
6.Ормандағы ағаштар жоқ болып кетпеу үшін не істеу керек?
(дәптер кітапты үнемдеу,таза ұстау)
7.Орман дәрігерін ата. (тоқылдақ)
8.Қасқырдың пайдасы не? Оның жанама аты не?
(ауру малды,ауру жануарды жейді, ауруды тараудан сақтайды,жанама
аты «дала дәрігері»)
9.Денім сау болсын десең не істеу керек?
(дұрыс тамақтану, мектепте аш жүрмеу, өз уақытында тамақтану)
2.тур «Түсін мені»
Әр топтан бір ойыншы суретті карточканы алып, оны ымдап, тобындағы
келесі ойыншыға түсіндіреді, ал ол келесіге түсіндіреді. (Ал, бұл
уақытта қалған балалардың көзі байлаулы болады.)
Ойын осылай ең соңғы ойыншыға келгенше жалғасады. Соңғы ойыншыдан
не түсінгені сұралады.Егер топтағы балалар барлығы суреттегі затты
соңғы ойыншыға дейін дұрыс жеткізе алса, сол топқа 1 ұпай беріледі.
І топтың тапсырмасы «гүл»
ІІтоптың тапсырмасы «күн»
ІІІтоптың тапсырмасы «ағаш»
3.тур «Сөзді ауаға жазу»
Алдыңғы тұрған ойыншыдан басқасы теріс қарап тұрады. Алдыңғы ойыншы
бір
карточканы алады.Ондағы сөзді оқиды да, келесі ойыншы ауаға
жазып түсіндіреді.Егер ол түсінсе басын изейді. Түсінбесе басын
шайқайды. Онда алдыңғы ойыншы қайтадан түсіндіреді. Ал тез түсінсе
ол ойыншы келесі үшінші ойыншыға түсіндіреді.Ойын солай жалғасады.
Ал, соңғы ойыншы сөзді дауыстап айтады.
Қай топ жылдам орындайды,сол топқа 2ұпай беріледі.
І топтың тапсырмасы «сүт»
ІІтоптың тапсырмасы «ет»
ІІІтоптың тапсырмасы «алма»
4 тур «Айналаның тазалығы-денсаулық кепілі»
Әр топ суреттер бойынша өз ойларын бөлісіп, әңгімелейді.
Пайдалы жақтарын түсіндіреді.
Өте маңызды әңгімелеген топқа 3 ұпай беріледі.
« Жаттығу»
Туған күнде барлық бала торт жейді. Әрине, торт шамсыз болмайды.Сол
торт шамдарын өшірерде әрбір бала «тілек» тілейді. Ендеше, сол
торттың шамын «саусақтарымызбен» жасап алып, үрлейік.
1) жаттығу «шамды үрлеу»
2)жаттығу «аюға ұқсап қорбаңдау»
3)жаттығу «қоянға ұқсап секіру.
5 тур «Құрылысшылар»
(Оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексеру.)
Үйге тапрсырма «Рудный қаласы» болашақта қандай қала болатынын
суреттеп салу болатын.
Әр топ өз суреттерін қорғайды.
Тиянақты орындалған үй тапсырмасына 3 ұпайдан беру.
№ Топ аттары «жылдам тап!» «Түсін мені» «Сөзді ауаға жазу»
«Айналаның тазалығы-денсаулық
кепілі «Құрылыс-шылар»
І «Күн»
ІІ «Ауа»
ІІІ «Су»
Барлық ұпай саны:
Ойын соңында қорытындыланып, ұпай сандары жоғары топ жеңіске жетеді