- Учителю
- Математика 3-сынып. Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері.
Математика 3-сынып. Ашық сабақ. Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері.
Мектебі: Маңғыстау ауданы, Өтес орта мектебі ММ
Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі - Исаеав Жанар Турдыбековна
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
-
Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері дағдыларын жетілдіру;
-
Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктерін бекіту;
-
Бірнеше бірлікке кемітуге және бірнеше есе арттыруға, екі қосылғыштың қосындысын табуға арналған құрама есептерді шығару білігін жетілдіру;
-
Математикалық терминологияны мен символиканы қолданып, ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық әрі дәл жеткізе білу білігін дамыту;
-
Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі - Психологиялық дайындық
-
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
-
Балалар, біз бүгінгі сабақты бұрынғы сабақтардан өзгеше етіп өткіземіз. Яғни сабақ сайыс түрінде өтеді. Сыныпты 3 топқа бөліп, І топ - Ойшылдар, ІІ топ - Тапқырлар, ІІІ топ - Білгірлер тобы болады.
-
Ал, балалар сайысымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген № 7 есепті тексеріп шығамын.
ІІІ Жаңа сабақ.
Ауызша есептеу. Кім жылдам?
4*6; 24+16; 48-18; 100-27; 8*9; 81/9; 56/7; 7*5;
Оқулықпен жұмыс: № 1 .Ойын «Жаңылмай тап»
125+234= 359 420-70= 350 220+120=340
400-70 = 330 290+80=370 686-345=341
Математикалық диктант:
Үш топ бірдей жазамыз, қай топ бірінші мәнін табады, сол топ айтады.
-
60 санына 2 мен 3 сандарының көбейтіндісін қос; (60+2*3=66)
-
48 санынан 4 пен 2 сандарының көбейтіндісін азайт; (48-4*2=40)
-
6 мен 2 сандырының көбейтіндісін 3- ке бөл; (6*2/3=4)
-
100-ден 2 мен 10 сандарының көбейтіндісін азайт; (100-2*10=80);
№ 2 Есептеу тәсілін түсіндір:
Бірінші бағанды өзім түсіндіріп, шығарамыз, қалған бағандарды 3 топқа бөліп беремін.
590+70=660 630+270=890 560-90=470 654+234=888
430+90=520 280+320=600 430-60=370 356+423=779
360-170=190 768-347=421 410-120=290 549-236=313
№ 3 Кестелерді толтыр: (ауызша орындау)
а
5
8
3
4
с
9
7
4
7
7
а*с
63
42
32
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Қарлығаш боп ұш
Төрт, бес, алты
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қайта орныңа қон
№ 4 Ұзындықтарды салыстыр
10 дм - 5 дм 3 см * 4 дм 4 см 52 см - 4 дм * 12 см
7 дм + 20 см * 1 м 43 дм + 5 дм 7 см * 100 см
№ 5 Сөз есеп
-
Ш: 3*9 = 27 27 - 14 = 13 27+13=40
Ж: барлығы 40
-
Ш: (4+6)+4= 14 14* 2 = 28
Ж: 28 жастық салынды.
№ 6 Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар (постер қорғау):
1 жәшіктің массасы
Саны (жәшік саны)
Жалпы масса
3 кг
4
? кг
5 кг
?
40 кг
? кг
6
24 кг
№ 7 Теңдеу құр және оны шеш.
Жаңа жылдық сыйлықтар туралы айтамын.
Болды - 340
Сыйлады - 70
Жоғалтып алды - х
Қалды - 120
340 - 70- х =120
270- Х =120
Х = 270-120
Х= 150
340 - 70 -150= 120
120=120
№ 8. Өз бетімен жұмыс
Периметрі 14 см, ал ауданы 12 см 2 тік төртбұрыш сыз.
Р = 4см+3см+4см+3см=14 см S= 3см*4см=12 см 2
№ 9. Толықтыр (ауызша):
-
Егер сиырға 1 тәулікте 3 кг кебек берілсе, онда 4 тәулікте оған _____кг кебек керек.
-
Егер машина 1 рет қатынағанда 5 т жүк әкетсе, онда ол 3 рет қатынағанда _____т жүк әкете алады.
Қорыту. Ойын «Жоғалған сандар»
327 *38 5*3 97*
+ + - -
*** 75* 21* **3
788 889 311 151
«Миға шабуыл» Логикалық тапсырмалар:
-
Бір үйде 7 ағайынды жігіттің әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Сонда ол үйде қанша бала? (8)
-
Екі ұл мен екі әкесі 3 жұмыртқа жеді. Олардың әрқайсысы неше жұмыртқадан жеді? (1)
-
Бұтақта 6 құс қонып отыр еді. 2 құс осы ағаштың келесі бұтағына орын ауыстырды. Ағашта неше құс қалды? (6)
-
Ағаш басында 12 балық отыр еді. Оған тағы 10 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (балық ағаш басында отырмайды)
-
Шешесі балаларына 10 кәмпитті бөліп, қыздарына 3-тен, ұлдарына 2-ден берді. Қыздар неше, ұлдар нешеу? (2-ұл, 2-қыз)
-
Бұтақ ішінде 36 құлақ қылтиып тұр. Онда қояндар жасырынған. Бұтақ ішіндегі қояндар қанша? (18 қоян)
Үйге тапсырма беру: № 3 129-бет
Бағалау - Жеңімпаз топты анықтап, мадақтау, бағалау.