- Учителю
- Математика пәнінен 23+7, 30-, 7 түріндегі қосу және азайту тақырыбындағы ашық сабақ
Математика пәнінен 23+7, 30-, 7 түріндегі қосу және азайту тақырыбындағы ашық сабақ
Пәні:математика
Сыныбы: 2 «В»
Күні:
Оқушы саны:24
Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары Ж.Жарылқаған
Сабақтың тақырыбы: 23+7,30-7 түріндегі қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары:
Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбелеу.
Білімділік: 23+7,30-7 түріндегі қосу және азайтуды түсіндіру,тапсырмалар
орындау.
Дамытушылық: Ойлау,сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың технологиясы:Дамыта оқыту, ҮӘЖ технологиясы
Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі:дамытушылық
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, «Баяндама», «Білімдар», «Тірек мәтін» әдістері
Сабақтың формасы: жеке,топтық
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақтадан:
1. Сызбалар
2.Жұмыс дәптері(деңгейлік тапсырмалар)
3.Аққала
I - кезең. (5-7 мин)
а)Ұйымдастыру кезеңі
ә)Үй жұмыстарын тексеру: (кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу керек болған) оларды аяқтау дәрежесі тексеріледі;
б)«Көпір» тапсырмалары (өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар үйге берілген болатын) тексеріледі. Өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді.
1.Өтілген тақырып бойынша өткенді еске түсіріп, жаңа сабақпен салыстыр.120-121беттерге шолу жаса.
а) 32 мен 6 өрнегінің мәнін табу үшін алдымен 2 бірлікке 6 бірлікті қосып,одан шыққан санды 3 ондыққа қосамын.Жауабын оқимын: 32 мен 6 өрнегінің мәні
38-ге тең.
ә) 38 бен 6 өрнегінің мәнін табу үшін алдымен бірлігінен бірлігін азайтып,
шыққан санды ондығына қосамын. Жауабын оқимын: 38 бен 6 өрнегінің мәні
32-ге тең.
32+6 38-6 47+2 49-2 54+4 58-4 25+4 29-4
85+3 88-3 56+2 58-2 67+2 69-2 91+6 97-6
2. 23+7, 30-7 өрнектерінің мәнін табуды жоғарыдағы ережені пайдалана отырып тауып көр. Қорыта келе ереже шығар.Жаңалық болар ақпарат бар ма?Салыстыр. Ұқсастығы бар ма?Айырмашылығы неде? Таныс,таныс емес не нәрсе?Тірек сызба арқылы бейнеленген төмендегі мысалды түсіне отырып аяқта. Сұрақтарға жауап бер.
а)23 пен 7 өрнегінің мәнін табу үшін алдымен бірлікке бірлікті қосып,одан шыққан санды ондыққа қосамын.Жауабын оқимын: 23 пен 7 өрнегінің мәні
-ға тең.
23+7= +( + )= + =
ә)30 бен 7 өрнегінің мәнін табу үшін -ды мен -ның қосындысы түрінде жазып аламын.Өйткені бірліктен бірлік азайтылмайды. -дың -ынан - -ні азайтамын,одан шыққан санды қалған -ға қосамын. Жауабын оқимын: 30 бен 7 өрнегінің мәні -ке тең.
30-7= +( - )= + =
Мына мысалдарды жоғарыдан түсінгеніңді пайдалана отырып шығар:
45+5 50-5 39+1 40-1 92+8 100-8 23+7 30-7 76+4 80-4 95+5 100-5
3.120-121 беттегі №4 а,ә есептердің мазмұнына сәйкес ақ параққа сурет немесе сызба дайындап кел.Мына тірек сызбаны пайдалансаң да болады.Қайсы сызба осы есептерге сәйкес келеді.Қарындашпен қоршап қой.
?
?
? артық
? кем
120-беттегі №4.есепті шығаруға Аяжан мен Елдос көмектеседі.
а)Мұз айдынында 36 ұл бала және олардан 4-еуі артық қыз бала сырғанап жүр.Мұз айдынында барлығы неше бала сырғанап жүр?
Аяжан:-есеп кімдер жайында?
Елдос:-Ұл мен қыз
Аяжан:-ұл нешеу?
Елдос:-36
Аяжан:-Белгілі ме,әлде белгісіз бе?
Елдос:-Белгілі
Аяжан:-Қыздар нешеу?
Елдос:-4-еуі артық
Аяжан:-белгілі ме,әлде белгісіз бе?
Елдос:-белгісіз
Аяжан:-нені табу керек?
Елдос:-Барлығын
Аяжан:-Оны табу үшін не істейміз?
Елдос:қыз балалардың санына ұл балалардың санын қосамыз
Аяжан:-ұл 36,ал қыздар белгісіз ғой
Елдос:қыздардың санын былай табамын 36+4=40
Сонда барлығы 36+40=76 балалар болады.
Ш: Ш: + = (қ)
ұл- бала + = (б)
қыз-? -еуі артық Ж:Барлығы бала
ә)Кітапханадан қыз балалар 30 кітап,ал ұл балалар одан 3 кітап кем алып оқыды.Балалар барлығы неше кітап алып оқыды?(№4 а) бөліміндегі есепке ұқсас шығарылады) Есептің осы бөлімін өзің Аяжан мен Елдос сияқты түсіндіріп көрші.
Осы есептерге ұқсас есептерді өз ойыңнан құрастыр.
ІІ кезең (синектикалық бөлім 20-25 мин) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру
А)Өз бетімен тақырыпты меңгеру(5-7мин.)даярлық тапсырмадан бастаймыз.
32+6 23+7 45+3
38-6 30-7 48-3
«Дана үкілер» техникасы бойынша жұмыс
1.Сізге жаңалық болған ақпарат
23+7 30-7
2.Иллюстрациялық бейнелеу.
Сызба арқылы бейнелеп көріңіз.
23+7 30-7
20 3 20 10
2.Ережені айтыңыз.
а)23 пен 7 өрнегінің мәнін табу үшін алдымен 3 бірлікке 7бірлікті қосып,одан шыққан санды 2 ондыққа қосамын.Жауабын оқимын: 23 пен 7 өрнегінің мәні 30-ға тең.
23+7=20+(3+7)=20+10=30
20 7
ә)30 бен 7 өрнегінің мәнін табу үшін 30-ды 20 мен 10-ның қосындысы түрінде аламын.Өйткені 0 бірліктен 7 бірлік азайтылмайды.30-дың 10-ынан 7-ні азайтамын,одан шыққан санды қалған 20-ға қосамын. Жауабын оқимын: 30 бен 7 өрнегінің мәні 23-ке тең.
30-7=20+(10-7)=23
20 10
3.Таныс,таныс емес.
23+7 өрнегін орындауда таныс болып тұрғаны екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу.Бірлігіне бірлігін қосқанда екі таңбалы сан шығуы таныс емес.
30-7 өрнегін орындауда 0 бірліктен 7 бірлік азайтылмайтындықтан 30-ды 20мен 10-ның қосындысы түрінде алуым бұрын маған таныс емес.
5.Келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Дүкеннен зат сатып алуда,затты санап алғанда өте қажет.
Ә)Алған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.(15-20мин)
-Балалар, біреу қарды ғырт-ғырт басып бізге келе жатқан секілді.
Ол кім болды екен?
-Ой,керемет!Аққала екен ғой!
Аққала:
-
Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің де сендер сияқты есеп шығарғым келеді.
Ой, сыныптарың тым ыстық екен.Мен еріп бара жатырмын, көмектесіңдерші!
-Балалар,көмектесеміз бе?
-Иә!
(Оқулықтағы №1ә) бөлімін аққалаға жазып таратамын. Тақтада 6 бала, ал қалған балалар орындарында отырып орындайды.)
«Эстафета» әдісі
Мысалды тез, дұрыс орындаған алғашқы 5 оқушы жеңімпаз болады.
№1 ә)Түсіндіре отырып,шығар:
42+8 50-8 64+6 70-6 87+3 90-3
40 2 40 10 60 4 60 10 80 7 80 10
Аққала:
-Рақмет,балалар! Сендер көп біледі екенсіңдер.Көп нәрсе үйрендім.Сау болыңдар балалар!
б)Сергіту сәті
в)«Білімдар» әдісі
Алдымен «білгір»анықталады.Ол тақта жанында тұрады. Есеп мәтіні бойынша балаларға сұрақ қояды.Жеңімпаз топ немесе оқушы дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
№4.Есепті шығар.
а)Мұз айдынында 36 ұл бала және олардан 4-еуі артық қыз бала сырғанап жүр.Мұз айдынында барлығы неше бала сырғанап жүр?
Аяжан:-есеп кімдер жайында?
Елдос:-Ұл мен қыз
Аяжан:-ұл нешеу?
Елдос:-36
Аяжан:-Белгілі ме,әлде белгісіз бе?
Елдос:-Белгілі
Аяжан:-Қыздар нешеу?
Елдос:-4-еуі артық
Аяжан:-белгілі ме,әлде белгісіз бе?
Елдос:-белгісіз
Аяжан:-нені табу керек?
Елдос:-Барлығын
Аяжан:-Оны табу үшін не істейміз?
Елдос:-қыз балалардың санына ұл балалардың санын қосамыз
Аяжан:-ұл 36,ал қыздар белгісіз ғой
Елдос:-қыздардың санын былай табамын 36+4=40
-Сонда барлығы 36+40=76 балалар болады.
Ш: Ш: 36+4=40(қ)
ұл-36 ?бала 40+36=76(б)
қыз-?4-еуі артық Ж:Барлығы 76 бала
ә)Кітапханадан қыз балалар 30 кітап,ал ұл балалар одан 3 кітап кем алып оқыды.Балалар барлығы неше кітап алып оқыды?(№4 а) бөліміндегі есепке ұқсас шығарылады.Балалар үйден өз ойларынан құрастырып келген есептерін оқиды.Сызба,суреттерін көрсетеді.)
г)«Баяндама»әдісі
Мұғалім есептің шешуін жазып ұсынады. Ал оқушылар осы есептің шешуі бойынша есептің мәтінін өз ойынан құрап баяндап береді.
Мысалы: 10+4=14 10+14=24
Айнұрда 10 шар бар.Ал Шынардың одан 4 шары артық. Барлығы неше шар бар?
III кезең ( кері байланыс ) нәтижеге бағытталған бөлім.(12+3 мин.)
I деңгей (5 ұпай) "сынақтан өтті", "3" деген баға.
№3
45+5 50-5 39+1 40-1 92+8 100-8
23+7 30-7 76+4 80-4 95+5 100-5
II деңгей (+4 ұпай) , барлығы 9 ұпай , "жақсы" деген баға
1)Есептерді шығар:
а)Бақшадан 12кг қызылша,8кг-ы артық сәбіз жиналды.Барлығы
неше килограмм көкөніс?
ә)Бақтан 20кг алма,6 кг-ы кем қарақат жиналды.Барлығы неше килограмм жеміс?
III деңгей (+3 ұпай) , барлығы 12 ұпай , "өте жақсы" деген баға.
№5
Өрнек құр және оның мәнін тап:
80-ге 6 және 4 сандарының қосындысын қос;
70-ге 10 саны мен а-ның айырмасын қос,мұндағы а=8.
№7
Мүмкін болатын теңдіктерді жаз.Неше теңдік жаздың?Түсіндір.
онд.2 бірл.+8 бірл.= онд.;
.....................................................
.....................................................
онд.-8 бірл.= онд. 2 бірл.
................................................
................................................
IҮ деңгей барлығы 12 ұпай «5»деген баға
1)Ойлан,тап:
(9 5) =4
2)Бөрененің биіктігі 6метр. Ұлу күндіз осы бөрненің 4 метріне өрмелеп шығады да , түнде төмен қарай 3 метр түседі. Осы ұшар басына шығу үшін неше күн керек?
3)3 бірдей бөлмені сырлау үшін мынадай ыдыстағы сырлар сатып алынды. 1кг, 2кг,3кг, 4кг,5кг. Ыдыстағы сырларды әр бөлмеге қалайша тең бөліп бересің?
Сабақты қорытындылау.
Ашық журналдағы ұпайлары есептеліп,бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктері
хабарлананып,марапатталады.
Үйге тапсырма:
Жұмыс дәптеріндегі үлгермеген тапсырмаларын үйден орындап келу.
122-123 бетке шолу жасау.122-беттегі №1,2 есептерге сурет немесе сызба салу.
123-беттегі сөзжұмбақты шешіп көру.