7


  • Учителю
  • Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту - өмір талабы

Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту - өмір талабы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Семинар -практикумның жоспары

Тақырыбы: Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту - өмір талабы

Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда жүргізілетін жұмыстардың маңызы зор екенін түсіндіру;

Негізгі идеялар:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заман талабы. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы - өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.


р/с

Жүргізілетін жұмыстар

Қатысушылардың іс- әрекеті

Қолданылатын әдіс -тәсілдер

Күтілетін нәтиже

1

Қатысушыларға жағымды ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу


/2 - мин/ Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөліну.
1-топ.

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс -тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.


2-топ.

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.


3-топ.

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала - Қазақстаным.


4- топ:

Туған елім - гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін -

Лүпілдеген жүрегім!

Әр топ өз ойларын білдіреді.


Топтастыру


4 топқа бөлінеді


2

Топ ережесі ілінеді

Топ ережесімен танысады


Ережені сақтайды

3

Тақтадан көрсету: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - өмір талабы»

Топтық жұмыс

Топпен өз ойларын жазады. Спикер шығып қорғайды.

Миға шабуыл


Ортақ пікірге келеді, тақырыпты ашады

4

Слайд көрсету


Тыңдайды, көреді, талдайды.

АКТ

Функционалдық сауаттылық туралы қосымша мағұлмат алады

5

Сергіту сәті
«Алма ағашы»


Көреді

АКТ

Тыңдайды, көреді

6

Мәтін таратылады. Мәтін бойынша постер жасау ұсынылады. «Бәсекеге қабілетті қазақстанның білім беру жүйесінің моделін жасау» таратылып беріледі.


«Бәсекеге қабілетті қазақстанның білім беру жүйесінің моделін жасау» тақырыбы бойынша постер жасайды.

Топтық жұмыс

Берілген тақырып бойынша постер жасайды, топпен жұмыс жасауға қалыптасады.

7

Рефлексия. Кері байланыс


Жазбаша кері байланыс жасау үшін :
Лотер Зомверттің «бес саусақ» тәсілі
• Бас бармақ - неден қиналдыңыз
• Балан үйрек - кімге көмектестіңіз
• Ортан терек - көңіл күйіңіз
• Шылдыр шүмек - не үйрендіңіз
• Кішкене бөбек - қандай жетістікке жеттіңіз

Кері байланыс

«Бес саусақ» тәсілі бойынша жүргізілген жұмыс туралы өз ойларын білдіреді





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал