7


  • Учителю
  • Урок для начальных классов на тему 'Адамгершілік асыл қасиет'

Урок для начальных классов на тему 'Адамгершілік асыл қасиет'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Адамгершілік -асыл қасиет


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке,

қарапайымдылыққа, әдептілікке,өз халқының салт-дәстүрін үйрете отырып, эжаман

әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту,сабаққа қызығушылықтарын ояту,белсенділігін

арттыру.

Әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың есте сақтауқабілетін байқау,ой-

өрісін жетілдіру

Сабақтың көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер ,интер белсенді тақта

Сабақтың жоспары

1.Кіріспе

2.Адамгершілік -асыл қасиет (Оқушылар сөзін тыңдау)

3.Әдеп пен әдет бір ұғым ба? (Көрініс )

4.Сұрақ -жауап әдісі (ситуация)

5. «Жалғастыр ойыны»

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі:


Әдеп -адамгершілік пен имандылықтың сан алуан түрлері туралы ілім жүйесі

Әрбір оқушының бойында мейірімділік,сыпайылықсияқты асыл қасиеттер болуы

қажет.

Сендер ең әдемі ,нағыз азамат , жақсы адам болып өсулерің керек Ол үшін осы

бастан үйренуіміз, өзімізге сын көзбен қарауымыз керек.

Әрбір адамның әдептілігі оның көзінен, сөзінен, өзінен байқалады.Әдепті адам

күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.

Халық әдебі сіз деген сөзден басталады.Бұл сөз құрметтеу,ардақтауды білдіретін

сөз.

«Сіз» деген-әдеп,

«Біз» деген-көмек.


Сондықтан бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Әдептілік-әдемілік»деп аталады.


Слаидты ашып схема бойынша жұмыс жүргізу:


ІІ.Оқушылылар тақпағы

Айғаным

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің

Адамдықтың тілегі,

Адал болып өскенің

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің

Айша

Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.


Мыңмұхаммад

Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.


Аружан

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқарсың.


Айғаным

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз


|Ақбаян

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Апам айтып өкпесін.


Мыңмұханбет:

Су құйдым құманмен,

Қолына мен әкемнің.

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім.


Айша:

Бақшаны суарып,

Келеді су алып.

Самауыр қайнатып,

Үйде де, түзде де,

Қылығы өнеге.

Ұстазы бізге де,

Ұнайды ол неге.


Аружан

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзіде,

Үлкен болған кезінде.

Сыйла үлкен кішіні,

Қамқорлыққа ал кішіні

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның тілін ал,

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.


Кір басқан қуыршақ әнін орындау

Көрініс: «Адамгершілік деген не?»


Сұрақ-жауап әдісі (ситуация)


-Мектептеп үйге қарай жүгіріп келе жатқан да ,алдыңнан бір үлкен кісі шықты

Сен не істер едің?


-Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керке?


-Көшеде біреу жол немесе жөн сұраса не істер едің?


-Автобуста немесе қоғамдық орында егде адамдарды көрсең не істегенің жөн?


-Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?


-Адамгершілік деген не?


«Жалғастыр» ойынын ойнау


«Не істеуге болмайды?»


-Үлкеннің алдынан өтугн.....


-Кішкентай баланы жылатуға....


-Құстарды атуға......


-Сабақтан кешігуге.....


-Сыныпта айқайлауға.....


«Не істеу керек?»


-Үлкен кісіні сыйлау....



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал