7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні : 18.11.15

Сынып : 3

Мұғалім : Мугдинова М.Е

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың мақсаты:

1.бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру;

2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту;

3. Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған плакат, суреттер, үлестірмелі

қималар, сигналды белгілер, Венн көрсетуі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық дайындық:

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз. Баяндауыштарды тап оларға сұрақ қой.

Сергіту сәті

- Бастауыш та, баяндауыш та қандай сөз тобынан жасалып тұр? (Зат есімнен)

- Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады? (Ережені айтады)

- Енді балалар, мына суреттер бойынша бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болатын емес, басқа да сөз таптары болатын сөйлем құраңдар.

І топ.

Марат ауланы тазалады.

ІІ топ.

Айнұр кітап оқыды.

ІІІ топ.

Қаз қаңқылдады.

Марат не істеді? Тазалады (баяндауыш етістіктен)

Кім тазалады? Марат (бастауыш зат есімнен)

Қалған сөйлемдерді дәл осылай талдайды.

- Бастауыш дегеніміз не? (ережені айтады)

- Баяндауыш дегеніміз не? (ережені айтады)

Ендеше балалар, бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз. (ережені хормен айту)

Сабақ кезеңінің мазмұны. Дәптерлеріне күн ретін, тақырыбын жаздырту.

5. Оқулықпен жұмыс.

172-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

- Бұл жаттығуда сөйлемнің қандай мүшелерін таптық? (бастауыш пен баяндауыш)

- Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері? (тұрлаулы мүшелері)

- Тұрлаулы мүшелер деп қандай сөйлем мүшелерін айтамыз? (бастауыш пен баяндауышты)

173-жаттығу. (Ауызша)

3 топқа үлестірмелі қималар таратамын.

І топ. Сөйлемді оқы. Мектепте асхана бар.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің қандай мүшесі?

ІІ топ. Сөйлемді оқы. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің қандай мүшесі?

ІІІ топ. Сөйлемді оқы. Балалар үзілісте асханаға келді.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің қандай мүшесі?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.

174-жаттығу. Өздік жұмыс.

Көп нүктенің орнына бастауыштардан қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жолаушылар аттанды. Сиыр сауылды. Жанар сабақ оқыды. Жер тегістеді. Тапсырма орындалды.

1) Жолаушылар не істеді? (аттанды - баяндауыш етістіктен жасалып тұр)

Кімдер аттанды? (жолаушылар - бастауыш зат есімнен жасалып тұр)

2) Сиыр қайтті? (ауылды - баяндауыш етістіктен жасалып тұр)

Не сауылды? (сиыр - бастауыш зат есімнен жасалып тұр)

3) Жанар не істеді? (оқыды - баяндауыш етістіктен жасалып тұр)

Кім оқыды? (Жанар - бастауыш зат есімнен жасалып тұр)

Өздік жұмысы орындалып болғаннан кейін, оқушылар ауызша сөйлем мүшелеріне талдап, қорытынды жасайды.

Үйге:

175-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, баяндауыштардың астын сызу. Оларға сұрақ қою. Қай сөз таптарынан жасалғанын, сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал