7


'Е дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Апта 8

Күні: 20.11.2015

Сынып: 1 «Д »

Сабақ №40

Пәні:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:Ее дыбысы мен әрпі

Сілтеме: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова.

Жалпы мақсаты

Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру.

Сауатты жазу және оқуға дағдыландыру,сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Оқыту нәтижелері

Өз беттерінше берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді. Сөздік қоры дамиды.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Қолданылатын модульдер:

1Сын тұрғысынан ойлау

2АКТ

3Бағалау

4Көшбасшылық

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану



Дереккөздер мен жабдықтар:

Қолданылатын құралдар: А4 форматты ақ қағаз, түрлі-түсті маркерлер, суреттер

Қолданылатын техникалық құралдар: Компьютер, процессор, интербелсенді тақта



Сабақта туындаған негізгі идеялар

Әр сабақта балалар өз ойларын анық айтып, сауатты жазуға үйренеді. Сөздік қорлары дамып, ойлау қабілеттері жетіледі.

Тапсырмалар wікі беттерінен жүктелген дереккөздер

1.Сұрақ-жауап

2. Жұптық жұмыс

3.АКТ-ны пайдалану

4. Мағынаны тану

5. Ойқозғау

6.Бағалау

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Ойға толып санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Сұрақ-жауап 5 минут

Өткенді қайталау.
Мұғалім:Сөйлемдер құрату.
Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)
- Сөз неден құралады? (буыннан, дыбыстан)
- Дыбыстың неше түрі бар?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)


Топтық жұмыс

Үй тапсырмасы:

- Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?
- ң дыбысымен.
«Жалғастыру ойыны» ойналады.
- Ңң дыбысы - дауыссыз дыбыс.


Оқулықпен жұмыс

ІV. Қызығушылықты ояту: Жұмбақты шеш:

Етікші өлеңін мәнерлеп оқып, түсіндіру.

Көрдің, әлде көрмедің,

Етікші атам бар менің.

Қартпын деп ол айтпайды,

Е әрпі бар сөздерді атаңдар.


Оның таңбасын көрсетіліп, әрпімен таныстыру. Дауысты дыбыс екені айтылады.

«Ой қозғау» әдісі

V. Мағынаны тану.Оқулықпен жұмыс

Емен еден немере немене ел ер жел жер бел бес сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау,

Мәтінмен жұмыс:Емен

Емен - ағаш. Шеберлер ағаштан бұйымдар жасайды. Емен ағашына қамқорлық жаса. Еменнен жасалған парталар мықты болады. Емен ағашына қамқорлық жаса.

Емен туралы әңгімелеу

Есте сақтайтын сөздер:

Неше? Нешеу?

-Бес белбеу. -Белбеу- бесеу.

- Алты ер. - Ер- алтау.

Мен сен бес бесеу шешен шебер

Ерте ертең Ержан Ерлан

Есе - еле - ене - ере - еме

Суретпен жұмыс: Бейнелеу өнері, Ерден туралы әңгімелеу.

- Ее жіңішке дауысты дыбыс.
Мен ойнадым. Мен оқыдым.

Сен ойнадың. Сен оқыдың.

Ол ойнады. Ол оқыды.


Сергіту сәті

« Мен қандаймын?».
Өз атының басқы әрпінен келетін сөздер айтып, өзін бағалау. Мысалы: Мен Сабирамын - мен сабырлымын. Дарханмын - дарындымын, мен Ернармын- елгезекпін, т. б.

Әр оқушы өзін-өзі сипаттайды.

Дәптермен жұмыс

г) Дәптермен жұмыс. Е әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету.
Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.


Қолдану. Топтық жұмыс

« Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату....ң, н...м...ре, ш...б...р

осы сөздерге әріпті қойып, сөз оқу


Ой қозғау

- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Е дыбысымен.
- Е дыбысы қандай дыбыс?


Бағалау


Формативті бағалау арқылы топ белсенділігі анықталады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал