7


  • Учителю
  • Ашық сабақ «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»

Ашық сабақ «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БҚО. Бөрлі ауданы. Ақсай қаласы. №5 ЖОББМ

Дуйсенова Гульназ Мырзабаевна



Математика 4 сынып.

Тақырыбы: «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»

Мақсаты:

а) Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға машықтандыру және оқушыларды белгісіз санды таба білуге үйрету.

ә) Оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін дүние тануын дамыту. Пәнге қызығушылығын және белсенділіктерін арттыру.Есептеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

б) Зеректілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Теңдеу туралы түсініктері нығаяды, теңдеу құра біледі, өз беттерінше шығара алады.

Көрнекілігі: Карточкалар, сөзжұмбақ, филворд, кесте, оқулық т.б.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмыс.

Түрі: аралас сабақ.



Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Математика сабағы,

Оқытады жаңаны.

Мыңдық, ондық, бірлікті

Жаттап шапшаң аламыз , - деп оқушылар барлығы айтады.



- Саламатсыздар ма, балалар?! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызбен амандасып алайық.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жұмыстың жылдамдығы не ? ( өнімділік )

  2. Көбейту амалына кері амал . ( бөлу амалы )

  3. Бөлу амалының нәтижесі қалай аталады ? ( бөліндінің мәні )

  4. Орындалған өнімнің саны. ( жұмыс )



ІІІ. Ауызша есептеу.



Өрнектің мәнін тауып жасырын сөзді тап.

Е

663 : 3

Ң

150 : 3





ІҮ. Сөзжұмбақпен жұмыс. « Сөзжұмбақты » шешу.

Тігінен: 1. Белгісізі бар теңдік.

2. Ең кіші натурал сан.

Көлденеңінен: 1. Жеті ондық.

2. Математикалық таңба.



- Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбының атын таптыңдар. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»



Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

№1. Тапсырманы көрнекілікті пайдаланып орындау. Ол бөлшек және үлес түсінігі бойынша санды табу қабілеттерін бекітуге арналған.

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөліп тапсырмаларды орындату.

№ 2. Тапсырма. Теңдеулер жазыңдар және оны шешіңдер.



І топ. Ойлаған санмен 160- тың қосындысы 350- ге тең.

Х+ 160 = 350

Х = 350 -260

Х= 190

190 +160 = 360

350 = 350



ІІ топ. Егер 120- ны ойлаған санға қосса, онда 205 шығады.

120 + Х= 205

Х= 205 - 120

Х = 85

120 + 85 = 205

205 = 205



ІІІ топ. 370 - пен ойлаған санның қосындысы 9000 мен 10 - ның бөліндісіне тең.

370 + Х = 9000: 10

370 + Х = 900

Х = 900 - 370

Х= 530

370 + 530 = 9000 : 10

900 = 900

Сергіту сәті.

Музыка ырғағымен бойларын сергітеді.



ҮІ. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығып орындайды.

№3. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

а) Болды - ? , Х кг алма

Алды - 8 кг алма

Қалды - 13 кг алма

Шешуі: Х - 8 = 13

Х = 13 + 8

Х= 21 кг ( алма )

Жауабы: Болды 21 кг алма



ә ) Сатып алды - 3 қорап айран және 1 нан - 64 теңгеге

Төледі - 514 теңге

Бір қорап айран - ? теңге

Шешуі: 3 х Х+64 = 514

3 х Х = 514 - 64

3 х Х = 450

Х = 450 : 3

Х = 150

Жауабы: 1 қорап айран 150 теңге тұрады.



ҮІІ. « Көңілді санамақ » ойыны.

« 2- екі »

Баласына ж2ріп

Ұрысып жатыр к2 лік

« 2леніп, с2ріп,

Алып қапсың 2лік.

2ншілей 2ңді,

Көрсетпе деп ж2рді ».

- « Көңілді санамақта » қандай құс туралы айтылған ?

- Кекілік ( көгершін, кептер ) деп аталады.

Шыққан құстың атының әріп санын осы санамақтағы айтылған санға көбейтіп мәнін табыңдар.

7 х 2 = 14

- Көбейтіндінің мәні нешеге тең болды ?

- Көбейтіндінің мәні 14 - ке тең болды.

- 14 қандай сан ?

- 14 жұп сан

Венн диаграммасы

Ашық сабақ «Есепті теңдеу құру арқылы шығару»

ҮІІІ. Өткен материалмен жұмыс. Ауызша орындау.

№4. Суреттен параллель және перпендикуляр түзулер мен кесінділерді табыңдар.



ІХ. Карточкамен жұмыс. Өрнектерді салыстыр.

80 х 23 + 77 * 101х 80

160 + 400 : 40 * 560 : 40

32624 * 9316

823958 * 823985



Х. Қорытынды.

- Бүгін біз қандай тақырыпты өттік ?

- Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды үйрендік.

Филворд шешіп, сергіп алайық. Мұнда өткен тақырып аттары шығады.Шешуі: жұмыс, бөлшек, үлес, қашықтық, уақыт, теңдеу.



ХІ. Үйге тапсырма. № 7. 117 - бет

ХІІ. Бағалау. Мадақтау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал