7


  • Учителю
  • 4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарлары

4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пән : қазақ тіліСынып: 4Тақырыбы: Сөз таптарын еске түсірейікБілімділік мақсаты: Сөз таптары туралы түсінік беру. Оқушыларды сөз таптарына талдай білуге үйрету.Дамытушылық мақсаты: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын,байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қ
предварительный просмотр материала

Пән : қазақ тілі

Сынып: 4

Тақырыбы: Сөз таптарын еске түсірейік

Білімділік мақсаты: Сөз таптары туралы түсінік беру. Оқушыларды сөз таптарына талдай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын,байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.

Түрі: қайталау, еске түсіру

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау.

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

Психологиялық тұрғыдан дайындау.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Сейсенбінің сабағы

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Қысқарған сөздер дегеніміз не?

  • ББҰ, пед кеңес, ҰБТ, МАБ, км, дм, ц қалай оқылады?

ІІІ. Жаңа сабақ. Сөз таптарын еске түсіру

Көркем жазу минуты. Сс

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу.

«Алма теру » ойыны.


Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

Қанша? Неше? Нешінші?

Қандай? Қай ?

Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Дәрігер, торғай, оқушы, дала, зейнеткер, өзен

Үш,алтыншы,тоғыз,

он дәптер,қырық жеті, алпыс, екі.

Кіші, қызыл, кішкентай, сыйлы, мейрімді, сабырлы.

Әупілдейді, ұшады, мекендейді, секірді, кіріп келді, жарысты.

2-жаттығу. Шағармашылық тапсырма

Айналаңа мұқият қара. Сыныпта сені кімдер және нелер қоршап тұр? Адамдардың ,заттардың, оқу құралдарының, жұмыс түрлерінің, адамдардың көңіл күйін білдіретін зат есімдерді мүмкіндігінше көбірек ата. Жазуды жалғастыр.

Мұғалім,қыздар, ......

Тақта,үстел,.......

Математика,......

Есеп,......

Қуаныш,...

Дыбыстық талдау жасау Тақта. Қыздар. Қағаз. Сағат.

Ү. Сергіту сәті:

Қошақандар ұйықтап жатыр,

Тұрды, керілді, созылды,

Қайтадан дұрысталып отырды.

3-жаттығу. «Кім жылдам?»

Әрбір зат есімге қимылды білдіретін сөздерді көбірек таңдап жаз.

Бала (қайтеді?)......

Құс .......

Балық.....

Қар........

Ағаш.....

Сатылай кешенді талдау «Орманда»

5-жаттығу. Өздік жұмысы:

Сұрақтарға жазбаша жауап бер. Қандай жауаптарда есетік сан есімді, қандай жауаптарда есептік сан есімді,қандай жауаптарда реттік сан есімді қолданасың?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

« Кім тапқыр » ойыны


Сөз таптары

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Алма

Барды

Жеті

Қызыл

Тарақ

Оқыды

Қоңыр

Он


ҮІІ. Бағалау:

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу. 81 бет. Ертегіні оқы. Сын есімдерді байланысынп тұрған зат есіммен бірге теріп жаз. Сан есімге сұрақ қой.

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп






Ашық сабақ

Қазақ тілі

4-сынып


Тақырыбы:

«Сөз таптарын еске түсірейік»


Өткізген: Шакарова Б.К.



2013-2014 оқу жылы.



Пән : қазақ тілі

Сынып: 4

Тақырыбы: Өткен шақ

Білімділік мақсаты: Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретіндігін түсіндіру;

Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Жаттығу жұмыстарын дұрыс, таза орындауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаттығу жұмыстарын, шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

Психологиялық тұрғыдан дайындау.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Дүйсенбінің сабағы

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Етістіктің неше шағы бар (3шағы)

  • Осы шақ дегеніміз не? (етістіктері сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді)

  • Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ. Өткен шақ.

Өткен шақ іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіреді. Өткен шақ етістіктері не істедім? не істедің? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: жазды,әкеліпті,тоқтапты.

Көркем жазу минуты. Ее

ІҮ. Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығуды ауызша орындау.

Төмендегі шартты белгілерді пайдаланып, сөйлем құрастырып жаз. Етістіктерді өткен шақта жазу.

-мен анама үй


-сен серуендеуге


-сіз

-ол

2-жаттығу. Өлеңді түсініп оқып, көшіріп жаз.

Сонау жылы жер-көкті Қосамыз біз өлеңге,

Соғыс бұлты торлаған. Айтамыз біз ән қылып.

Сонда Мәншүк әпкеміз Мәншүк әпке ерлігі

Жаудан елді қорғаған. Ұмытылмас мәңгілік!

Өлеңде кім туралы айтылған?

3-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен шақта жаз.

Киін (киіндім,киіндің, киінді)

Жаз (жаздым, жаздың жазды)

Тербет (тербеттім, тербеттің, тербетті)

Дыбыстық талдау жасау Тербет.

Ү. Сергіту сәті: «Иә, жоқ» ойыны

1. Етістіктер үш жақта жіктеледі. (Иә)

2. Тәуелдік жалғаулы зат есімдер септеледі. ( Иә)

3. Көмектес септіктің сұрақтары кімге? неге? (жоқ)

4. Қазақ тілінде 6 септік бар. (жоқ)

5. Табыс септіктің жалғаулары -ды, -ді, -ты, -ті (Иә)

6. Осы шақта айтылып тұрған етістіктер: бояп отырмын, сызып жатырмын. (Иә)

Сатылай кешенді талдау «Жұлдыздар»

4-жаттығу. Өздік жұмысы:

Жаңылтпашты көшіріп жазып, етістіктердің астын сыз.

Тіреуішке түйреген түйреуішті,

Күлдіреуішке тіреген тіреуішті.

Күлдіреуішке тірегім тірелмепті,

Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті.

Түйреген-түйреді, тіреген-тіреді.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

«Тез ойла, сөз ойла»

Не?

... құлындайды

... қоздайды

... боталайды

... бұзаулайды

Өткен шақ Осы шақ

Мұғалім ... сабақ өткізіп жатыр

Тігінші ... көйлек тігіп жатыр

Оқушы ... кітап оқып жатыр


ҮІІ. Бағалау:

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 122- бет. Мәтінді түсініп оқы. Өткен шақ етістіктерін тауып оқы. Оларға сұрақ қой.



Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп






Ашық сабақ

Қазақ тілі

4-сынып


Тақырыбы:

«Өткен шақ»


Өткізген: Шакарова Б.К.



2013-2014 оқу жылы.

« Қош бол, бастауыш» мерекесі



Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!



Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!



Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.



Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!



Мектеп директорының міндетін атқарушы Сейтенова Анар Ғазиз қызына құттықтау сөз кезегін береміз.



Адия: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!



Санжар: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар



Адия: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!



Санжар:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!



Адия : Дұрыс айтасың Санжар! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.



Санжар : Олай болса Адия алтын ұя мектебімізге арнап

ән шырқайық!

Ән: Мұғалім-ол біздің!. (хор)

Слайд: «Мектептегі мерекелер»



Адия : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық



1 оқушы : Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны. (Ерасыл)

2 оқушы: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызда. (Еламан)



3 оқушы:Әлі есімді мектепке келгеніміз,

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз. (Санжар)

4 оқушы:Кеп-кешегі тосырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мерейің бе, ұстаздық жүрегің бе?

Жн дүниесін баланың жайлап алған. (Меирман)



5 оқушы: Есімде ерен ұстазым,

Басымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мерей төккенің. (Серикбол)



6 оқушы: Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім. (Асқар)



7 оқушы: Жиғанда арман құшағың,

Өзіңе менде ұқсармын.

Жеткенше қайрат, күш, әлім,

Биікке самғап ұшармын. (Мерей)



8 оқушы: Жүзің жылы, құшығың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен. (Ақжан)



9 оқушы:Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Мұғалім ғылымғы жол салып берді.

Адамның ой-арманы,мақсаттыры,

Оқудың сәулесімен жарық көрді. (Мадине)



10 оқушы:Әліппемен аштым мектеп есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін. (Нұрай)



Тайтуленова Дариғаның орындауында ән : «Қасиетті домбырам»



Санжар: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Адия?



Адия :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.



Санжар:Дұрыс айтасың Адия,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Адия: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!



11 оқушы: Тек үйрендік әділ мен адамдықты,

Жирендік,ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын өзің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. (Айсана)



12 оқушы:Алғашқы ұстаз анмызбен тең келді,

Бар асылын жасап бізге мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүрекпен хош көрді.(Адия)



13 оқушы: Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүиемді билетті,

Күйі шалқып көнілді. (Арайлым)



14 оқушы: Жазуларымды қаттаған,

Жақсымды көріп мақтаған.

Ардақты ұстаз жақсы адам,

Айтқанын ұғып жаттағам.(Айгерим)



15 оқушы: Өтті оқу сан-сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достастық,

Бастауышпен қоштастық.(Дариға)



16 оқушы:Бастауышың- бастамаң,

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас ұлан.(Ахмет)



17 оқушы: Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тез жетерміз,

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз береген білім қолда. (Ақбота)

18 оқушы: 21-міз , бір сыныппыз,

Күлімдейміз, бір бақшаның гүліндейміз.

Таланттымыз, қанаттымыз,

Жақсы оқимыз сабқты біз. (Сайлау)



19 оқушы:Ұл-қызымыз,үлгіліміз,

Бос өтпейді бір күніміз.

Еңбекшілміз, шебер қолды өрнекшілміз,

Нар ұланбыз, алуанбыз.

Боксшымыз, палуанбыз,

Талегеміз, гүл егеміз,

Өзгелерге өнегеміз. (Сайда)



20 оқушы: Бар баланың сенгені өздеріңіз,

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын ұстаздар, әрбәр жылың,

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз. (Айбек)



21 оқушы: Жана берсін еңбегің, жана берсін,

Мерейіңе шәкірттер қана берсін.

Айнала бала менен гүлге толып,

Әрбір жылың жол бақыт ала берсін. (Алибек)



Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!



Би: «Келіншектер күйі»



Санжар: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Ән: «Дос болайық бәріміз»



Адия:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.



«Испан» биі

Санжар:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.



Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы



Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Ұстаздармыз бағалар.



Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.



ӘН: «Туған жер»



Адия: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.



Санжар:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!



Адия: Иә, дұрыс айтасың Санжар. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!



Ән: « Ана » (ұлдар тобының орындауларында)

Санжар: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.



Ұлдар тобының орындауларында «Күлегеш»



Адия: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сенен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.



Қыздар тобының орындауларында «Қазақ» биі.



Санжар: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.



Есенкелди Мадиненің орындауында ән: « Ай дидарлы анашым»



Адия: Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.



Қыздар тобының орындауларында «Өзбек» биін тамашалаңыздар.



Санжар: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.



Ән: «Ардақты ұстазым»



Санжар: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.



Хор : «Мектебім-аяулы мектебім»



Адия: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!

Ұстаз тілегі:

Шәкірттеріме тілерім: егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел билейтін ұлы, көркейтетін қызы болуларыңа тілектеспін.

Ата-аналарға тілерім: Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.



Құттықтау сөзі және марапаттау рәсімі тәрбие ісінің меңгерушісі Хамзин Қуаныш Серікбай ұлына беріледі.

Ата-аналарға құттықтау сөзі беріледі.



Хормен: Қош бол ,балғын балалық,

Қош бол, бастауыш сынып.



Осымен «Қош бол бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды.

Бекітемін -----------------



Мектеп директоры м.а А.Г. Сейтенова



« » « 05 » 2014 жыл

ертеңгілігі





Өткізген: Шакарова Бибигуль Кумаровна







2013-2014 оқу жылы



Бекітілді: -------------------

Мектеп директорының м. А А.Г.Сейтенова

Тақырыбы:

«Қош бол, Әліппем!»



Өткізген: 1 «А» сынып жетекшісі

Шакарова Б.К.













2014-2015 оқу жылы



Тақырыбы: Қош бол, Әліппем!

Мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың білімділік белсенділігін, ұжымдылығын күшейту.

  2. Дамытушылық: сынып абыройы үшін жанын салып, еңбек ету, бір-біріне жолдастық, достық көмек көрсету сезімін дамыту.

  3. Тәрбиелік: алғаш рет мектеп табалдырығын аттау бірінші сынып оқушыларына қандай әсер қалдырса, «Әліппемен» қоштасу да сондай әсер қалдыруы мүмкін. Олар білімнің бірінші баспалдағына көтеріліп, Әліппенің сырына қанды. 42 әріпті таныды



Көрнекіліктері: зал ішін безендіру «Қош бол, Әліппем!» сөзі

жазылған плакат, шарлар, мақал-мәтелдер.



Мұғалім сөзі : Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! «Қош бол, Әліппем!» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күн болды сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

1-сыныптың қыз-жігіттерін ортамызға!

Темірхан Аружан Қозы-Көрпеш Халима

Жайлаухан Дүзік Оспанова Мерей

Тайтуленова Нурай Жакупов Дарын

Копежанов Арнат Балгабай Мөлдір

Тайтуленова Жансая Қаби Тамерлан

Капенов Жандос Рыскалиева Аяулым

Толеуханова Сабина Сайлаубай Әлихан

Ахметбек Дильназ Кулетова Назерке

Алихасова Арайлым Айтмұқамет Дәулет

Мұғалім сөзі : Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш, балдырған,

Құтты болсын, тойларың.

Мөлдір: - Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет

сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.



Аружан: - Мен енді алыстағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып,

қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.

Аяулым : - Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет салуға,

ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғалімдеріміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Сабина: - Ал, балалар, біз оқыған 4 ай ішінде қандай өзгерістеріміз бар?



Назерке: - Дүйсенбі күні Әнұран айтуға, күнде үйден келгенде жаттығу

жасауға үйрендік.



Арайлым : - «Күзгі мереке», «Тілашар» тойларымыз өтті, Денсаулық күні

спорттық мерекесіне қатыстық, ашық сабақ өтті.



Жансая: - Армысыңдар, аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Нұрай : - Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз болып өсетін,

Біз оқушы боламыз.

Дильназ : - Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Дарын : - А-ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Тамерлан: -Жүректерге сүйікті ең бір жақын,

«Абай» деп атамның жаздым атын.

Хатқа жазып ата-ана есімдерін,

Күнім бұл бірінші рет мақтанамын.



Әлихан : Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым апасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Халима : Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем?

Арнат: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.

Дүзік : Әліппем, менің әліппем,

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Мерей: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз!

Ата-ана құанышқа ортақ боп

Сауатты боп шықты, міне балаңыз!

Дәулет: Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де,

Атын, затын, түрін де.

Жандос: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қойып әріпке

Риза бопсаған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе!

Өлең «Мұғалім ол біздің!»

Хор: Болашаққа жол ашар,

Ол - сүйікті Әліппе!

Мұғалім: - Олай болса, «Әліппені» ортаға шақырайық.

Хор: - Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар,

Армысың ата-аналар!

Болашаққа жол бастап,

Әліппе келді ортаға.

Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Хор: 42 әріп бар

Әліппе: Алғаш «Әліппені» кім жазды?

Хор: Ыбырай Алтынсарин жазды.

Әліппе: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,

Ризамын, құрметті шәкірттер.

Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,

«Ана тілі» досым бар.

Сендерді жетелеп әкетер.

Менің сендерге айтатын тілегім- жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар,

Әліппе менің жан досым

Меңгерді кім тілін?- деп,

Менде білім қосамын,

Адамға мол тәлімім.

Ана тілі: Балалар, мен сендерге ана тілі оқулығын табыстаймын. Сендер мені жақсы оқиды деген сенімдемін.

Құттықтау сөзі тәрбие ісінің меңгерушісі Хамзин Қуаныш Серікбай ұлына беріледі.

Мектебіміздің кітапханашысы Уалиева Жаңылсын Асқарбекқызына береміз.

Сөз кезегін мектеп директорының м. А Сейтенова А.Г.

Мұғалім сөзі:

Ата - ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп аялаған алақанын.

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын, - дей келіп, сөз кезегін ата - аналарға берейік. Ата - аналар сөйлейді.



Жеке өнерлер:



  1. Ән «Бала тілегі» орындайтын: Рыскалиева Аяулым



  1. «Туған жер» әнімен Толеуханова Сабинаны ортамызға шақырамыз.



  1. Би «Бибе-биле» биімен Қозы-көрпеш Халиманы тамашалаңыздар.



Мұғалім сөзі: Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал