7


  • Учителю
  • Сауат ашудан ашық сабақ Ә, И, З, Ө, Ү, Г дыбыстарын қайталау 1 сынып

Сауат ашудан ашық сабақ Ә, И, З, Ө, Ү, Г дыбыстарын қайталау 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әріптерін қайталау

Сынып: 1

Мерзімі: 20.11.15.

Сабақ мақсаты: Өтілген әріптерге шолу жүргізе отырып,алған білімдерін пысықтай түсу.

Міндеттері:

-көркем жазуы арттады;

-өткен әріптерді еске түсіріп ойлау қабілетін арттады;

-сөздік қоры дамиды.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,бейнелеу

Құралдар: түсті қарындаштар мен фломастер, маркерлер, өшіргіш, А4 қағазы, А3 қағазы, смайликтер, дәптер, қалам

Әдіс-тәсілдер: «Шаңырақ», сұрақ-жауап, анаграмма

Оқыту нәтижесі: өтілген әріптерді танып, қатесіз жаза алады; сөздерді оқып,дыбыстық талдау жасай алады;
ауызша сөйлеп үйренеді; өзіндік бағалай біледі,топпен жұмыс жасай алады

Сілтеме: Оқулық 1-сынып, Ш.Әуелбаев,Ә.Наурызбаева,А.Құлажанова, Р.Ізғұттынова, Алматы , Атамұра,2012 жыл, д әдістеме, сюжетті суреттер

Сабақ кезеңдері

Уа қыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас-

тыру кезеңі


Білу


5

мин

СТО

ОЖТ


«Достық шеңбері» тренингін өткізу.

«Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу және өтетін тақырыпқа шығу. Шаңырақтың үш түсті жолақшаларына әріптері түскен сөздер жазылған. Қандай сөз екенін тауып, түскен әріпті атау.

-балалар айтылған сөздерде қандай әріптер түсіп қалған?

-оқыған сөздерінді есте сақтандар.

- Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстарын өттік пе?

-сонда осы әріптерді пайдаланып бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?

-сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Топқа бөлініп отыру. Топ басшысын сайлау . топ басшыларына бағалау парақтарын беру.

Көркем жазу: Ә,И,З,Ө,Ү,Г әріптерін дәптерге жазайық.

Оқушылар хормен айтады:

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Жасыл: ...зен, д ..птер , ...нелік, к...шік, се..із

Қызыл: ше...е, т..йме, к...мір , жұлды... ...ліппе

Сары:. ..тмұрын, к....рек, ....үл , ...рік, ...ріп.


-ия, өттік. Осы әріптерді қайталаймыз.

- Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әріптерін қайталаймыз.

-өткен әріптерді еске түсіру, көркем жазу

Сарылар 1 топ, қызылдар 2 топ,жасылдар 3 топ.

Оқушылар әріптерді көркем жазу дәптерлеріңе жазады.

Түсіну

10 мин

СТО

ТжДбж

Бағдар

шам /бағалау/

1.Сөздерден сөйлем құру

2.Суретті таңдау арқылы тапсырманы орындау

а/ «Итмұрын» мәтінің оқу. /86 бет/ көбелек

ә/ «Кім кінәлі?» өлеңді жатқа айту. /92 бет/ түлкі

б/«Өркеш» рөлдік оқу. /89 бет/ көгершін

өзен, дәптер , инелік, күшік, сегіз,шеге, түйме, көмір , жұлдыз,әліппе,итмұрын, күрек, гүл , өрік, әріп.

Өзен ағады. Дәптерге жаздым. Инелік ұшты. Күшік жүгірді.мен сегіздемін. Шеге өткір. Түйме қададым. Көмір жанды. Аспанда жұлдыздар көп.

Қолдану


5 мин


ТжДбж

СТО

Бағалау парағы


Анаграмма шешу.

1 топ: рекүй-үйрек

2 топ: ғырзы -зығыр

3 топ: тешә-әтеш

Буын түрлерін ажырату, сызбасын тақтаға сызу.

-бітеу; -ашық; -тұйық.

үй-рек +


зы-ғыр- +


ә-теш +


Талдау


5 мин

СТО

ТжДбж

ОКжОБ


Бағалау парағы

Буындардан сөз құрау, әр топ бір сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Ән көр жан түл Гүл ші кі пе


Әнші, көрпе, Гүлжан, түлкі.

Әнші-2 буын, 4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты, 2 дауыссыз. Ә-дауысты, н-дауыссыз, ш-дауыссыз, і-дауысты.

Көрпе-2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз. К-дауыссыз, ө-дауысты, р-дауыссыз, п-дауыссыз, е-дауысты.

Түлкі-2 буын, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз. Т-дауыссыз, ү-дауысты, л-дауыссыз, к-дауыссыз, і-дауысты.


Жинақтау

5 мин

ОКжОБ

ОмоЖТ

ожесоо

Бағалау парағы


Дидақтикалық ойын: «Сөз ойла, көп ойла» әріпті таңдау арқылы өткен әріптерге сөздер айту. Жылдам және көп сөз айту керек.

Ә-әтеш, сәнді, әнші, әдемі.

И-ит, тиын, жиек, тиек.

З-тоғыз, зығыр, зымыран.

Ө-өрік, бөрік, көрме, өнер.

Ү-үйрек, үй, күй, жүрек.

Г-гүл, кереге, мезгіл.

Рефлексия

Бағалау


5 мин

ОүБжОБ

Әр бала стикерді үш смайликтің біреуіне жабыстырады.

-Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім, көңіл-күйім?

Өте жақсы жақсы орташа

Оқушы аты-жөні

Көркем

жазу

Сөйлем құру

Сурет+

тапсырма

анаграмма

Буын

Сөздер айту

Қор/ты



















Топ басшысы тобындағы оқушыларды бағалау парағына тапсырмаларды орындау белсенділігіне қарай -жасыл,қызыл,сары түс белгілерін қойып отырады, қорытынды шығарады. Смайликпен уәждеу.

«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі



Сауат ашудан ашық сабақ



Тақырып:

«Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әріптерін қайталау»






Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Жаксымбетова Жанна Манатовна

Сынып: 1 «А»


2015 жыл, 20 қараша







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал