7


  • Учителю
  • Поурочный конспект әдебиеттік оқу және дүниетану 3 сынып

Поурочный конспект әдебиеттік оқу және дүниетану 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кіріктірілген сабақ жоспары.

Пәні:Әдебиеттік оқу,дүниетану.

Тақырыбы:Мал шаруашылығы,төрт түлік туралы жыр.

Мақсаттары:

Білімділік:Ата кәсіп мал шаруашылығы туралы,төрт түлік тің қасиеттерін айта отырып,мал шаруашылығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау,тілдік қорларын байыту,дамыту және дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік:еңбекқорлыққа,іскерлікке,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

сабақтың түрі:кіріктірілген.

сабақтың типі:аралас сабақ

әдістері:топтастыру,сұрақ-жауап,ойын,венн диаграммасы,"кейіпкердің орындығы"

көрнекілігі:үлестірмелі қағаздар,ойын"домино"төрт түліктің суреттері,семантикалық карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі /3мин/

Психологиялық дайындық./әр оқушы өзінің жақсы жақтарын айта отырып,өздерімен таныстырады./

-Сонымен,балалар бізге хат келіпті.Қане,қарап көрейік шақыру қағазы екен .Кім бізге оқып береді?

-ия,Топ басшысы бізге оқып берсін

Топ басшысы:

Құрметті оқушылар !

Біз сіздерді ертегілер еліне қонаққа шақырамыз.Ертегілер кейіпкерлері.

-Балалар бізді қонаққа шақырыпты барамыз ба?

Қалай барамыз?

Ендеше бізге көлік керек қой.

-Олай болса,біз бәйге ойынына қатысайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру./"Бәйге"ойыны арқылы ана тілінен үй тапсырмасын тексеру/

сұрақтар:

Нанның дастарханға келуі туралы әңгімеле.

"Алтын- күміс тас екен,арпа-бидай ас екен"дегенді қалай түсінесіңдер?

Қай облыстарда тың игерді?

Тың игерудің маңызы.

Тың игеру табиғатқа қандай зиян келтірді?

Бәйге ойынында біз жеңіске жеттік.бізге берілге ұтыс ақшасына ертегілер еліне баратын поезға билет алып жетіп қалайық

3.Жаңа тақырып:

Міне,балалар біз ертегілер еліне келіп жеттік.Бұл жерде бізді бауырсақ күтіп отыр екен.Онымен еріп келе жатып, біз қоянға тап болдық .ол бауырсақты жеп қойғысы келеді екен.бірақ біз оған көмектесек ол бауырсаққа тиіспеймін деп уәде берді.

Енді,қоянның тапсырмасын орындауға көмектесейік.Жұмбақ шешу.

Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ,

Мінсең қанат,

еті тамақ бұл не? (жылқы)

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.(қой)

Екі айнасы бар,екі найзасы бар.(сиыр)

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Екі құлағы бар,

Иегінде сақалы бар.(ешкі)

Үстінде екі тауы бар,

Кезікті бір жануар.(Түйе)

Қояннан шығып,әрі жүріп келе жатып,Қасқырға тап болдық.Қасқырдың бізге арнаған тапсырмасы бар екен.(дүниетану пәні бойынша)

топтастыру

мал шаруашылығы


Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.Мәтінді 2 бөлікке бөліп әр топқа тапсырма етіп беру.Әр топ мәтінді топтарында талдап,бір -біріне түсіндіреді.топтан лидер шығып мазмұнын айтып береді.топтар тапсырмаларын айырбастайды.

Кестені толтыру.

Білемін

білмеймін


Дәптерлерімен жұмыс.

Еттен жасалатын тағамдарды жаз.

Аюдың тапсырмасы

(әдебиеттік оқу бойынша )ребус шешу

Төрт түлік деген сөз шығады.Төрт түлік туралы не білеміз ?

өздерінің не білетіндер айтқызу.

Мәнерлеп оқу

тапсырма парағын беру.

тапсырмалар реті:

1жаппай оқу.

2.айналып оқу

3.мазмұны.

4.семантикалық карточкалармен жұмыс.

ойын :"Кейіпкердің орындығы"

өздері шақырған кейіпкерге сұрақ қояды.

5.пысықтау

Түлкінің тапсырмасы

Венн диаграммасы.

6.Қорытынды:Поезға отыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.

мал шаруашылғына не жатады?

жылқының пайдасы туралы не білесің?

мал шаруашлығында қандай техниканы білесің?

Қазақстанда қандай малды көптеп өсіреді?

Түйе шаруашылығы туралы не білесіңдер?

7.Бағалау:Бағалау парағы бойынша бағалайды.

8.Үй тапсырмасы: Төрт түлік өлеңін жаттау.(әдебиеттік оқу)

мал шаруашылығын оқу, мазмұны.(дүниетану)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал