- Учителю
- Дауыссыз л мен р
Дауыссыз л мен р
Күні: қазан 2014 жыл
Пән: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р
Сабақтың мақсаты: Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылу және айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Пәндік нәтиже: дауыссыз дыбыс түрлері туралы алған білімдерін бекіту, үнді дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Сауатты жазуға баулу.
Тұлғалық нәтиже: сұрақтарға толық жауап беруге, шығармашылық жұмыс істеуге баулу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте
Сабақтың барысы:
Көркем жазу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді пысықтау.
Жаңа сабақ.
-
Балалар, бүгін біз дауыссыз л мен р тақырыбымен танысамыз. Л мен р-ны қалай дұрыс жазған дұрыс? деген сұрақтарға жауап іздейміз.
-
Ал, енді осы л, р туралы не білесіңдер? Ортаға салыңдаршы.
Кестемен жұмыс.
-
Дұрыс. Жарайсыңдар. Осы сабақтан не үйренуіміз керек? Үнді дауыссыздар қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кей үнді дауыссыздардың жазылуында ерекшелік бар. Осы сабақтан дауыссыз, үнді л мен р-дың дұрыс айтылуы мен жазылуын үйренуіміз керек.
-
Л, р дыбыстарына сөз ойлаңдар. Бұл дыбыстар сөз басында келетін болсын. (рұқсат, лай,...)
-
Рұқсат, лай сөздерінің айтылуы мен жазылуы бірдей ме?
Оқушылардың өздеріне дауыссыз үнді дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшеліктерін өздеріне айтқызуға талпыну.
Ереже: Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда айтылуында олардың алдында ы,і,ұ,ү дыбыстары қолданылады. Ал жазуда оларды жазбаймыз.
1-жаттығу.
Сөздерді көшір. Жазылуын есте сақта. Л, р дыбыстарының айтылуына назар аудар. Сөздердің мағынасын түсіндір.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Салыстыру. Орфографиясын есте сақтау.
Сергіту сәті.
4-жаттығу. Өлеңді мәнерлі оқу.
-
Өлеңдегі сөздер қалай табылды?
-
Қандай өзгеріс болды?
-
Л әрпінен басталатын сөздер қалай айтылады?
-
Осы сөздерді баған түрінде жазу.
Бекіту.
«Кел, ойнайық» жұмбақ жасыру.
Шешуі: сүлгі. Осы сөзбен сөйлем құра. Сүлгі сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Рефлексия.
Суреттегі зат атауларын атап, олардың айтылуы мен жазылуын айту.
Үй жұмысы. 2-жаттығу. 54 бет ереже
Бағалау.
Сабақты бағалау.
Оқушыларды бағалау.