- Учителю
- Есептер шығару, теңдіктер құрастыру,
Есептер шығару, теңдіктер құрастыру,
Пысықтау сабағы
Мақсаты:
-
Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, теңдеулер шешу, геометриялық фигураларды топтастыру.
-
Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша есеп, БжС технологиясының элементтері.
Сабақтыңкөрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта.
Сабақтың типі: пысықтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Балалар бізде бүгін ашық сабақ, қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Қонақ келген соң үй иесі ұялады» - демекше ұятқа қалмауға тырысайық.
ә) Қазір математика сабағы. Сабағымызға мультфильмнің кейіпкерлері келді.
- Олар сіздерге таныс па?
Слайдпен көрсету (1 слайд)
- Қай мультфильмнен? (Білгіштер хиқаясы)
-Неге олай атайды?
- Не біледі? (4,5 мысал айту )
Біз де математика сабағына белсене қатысып, білімімізді көрсетсек, білгіштер қатарына кіре аламыз.
II. Ауызша санау
1) Жылдамдық: карточкамен сандарды көрсету ( 2 санын +,
2 санын азайту) хормен жауап беру.
2) «Үндемес ойыны» 5 мысал көрсету, оқушылар жауапты таяқшамен көрсету (7+5; 8+4; 9+3; 6+5; 9+4; 9-2; 8-3; 7-2;
6-3; 12-2)
3) Тақпақты есеп:
Бақшаға
Жақсы аға
Көп-көп
Ойыншық
Келді алып:
Бір балық,
Үш есек,
Екі үйрек,
Төрт торпақ.
Болма есепке
Сен шорқақ!
Жақсы аға
Қанша әкелді
Ойыншық? (10)
10 санының алдыңғы сандардан қандай айырмашылығы бар?
(2-таңбалы, 0 аяқталады, дөңгелек сандар)
-Тағы қандай дөңгелек сандарды білесіңдер?
4) 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100 (2 слайд)
- 20-ның алдыңғы саны?
- 70-тен кейінгі сан?
- 50-дің алдыңғы саны?
- 90 - нан кейінгі сан?
100-дің алдыңғы саны?
5) Түзу, сәуле, кесінді көрсету (3 слайд)
6) Оқулықпен жұмыс 61 бет 4 тапсырма
Кесінділердің ұзындықтарын өлшеу
-Ең ұзын кесінді неше см?
-Ең қысқа кесінді?
Осы кесінділермен есеп шығаруға тырысайық...
(карточкаларды тарату, талдау
-Есеп неше бөліктен тұрады? )
БжС жумыс дәптерімен жұмыс: № 3 жаттықтырғыш, бет,
5 тапсырма АКШ белгілеу.
5 оқушы орындап, қолын көтереді, + 30 секунд. ( Сарапшылар тексереді. + қояды. Дұрыс орындағандарға отыру орны матрицаға жұлдызшаларды жабыстырамыз )
-Ал енді демалайық...
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
7) Дәптермен жұмыс
3,5 жазып шығу
8) Логикалық тапсырма (4 слайд)
-Қай фигура артық? Неге?
9) Геометриялық фигураларды көрсету
(5 слайд) (П-2 бөлім, 5 бет, 6 тапсырма
а) Заңдылық тауып, топтарға бөлу.
ә) Теңдіктер құру, жазу. (Дәптермен жұмыс)
Белгісіз амал компоненті бар тура теңдік теңдеу деп аталады
Теңдеулер шешу БжС технология бойынша 55 бет, № 15
ТКШ, АКШ, ЖКШ орындайды.
5 оқушы орындап, қолын көтереді, + 30 секунд.
Қалам қолда бұл қателік.
Тексереміз... (сарапшылар көмектеседі)
3 теңдеуді дұрыс орындаған балаларға отыру орны матрицаға жұлдызша жабыстырамыз...
Қорытынды (мультфильм кейіпкерлерінің сұрақтары)
Сабақта нені есіңе түсірдің...
Сабақта саған не қызықты болды...
Мультфильм көру.