- Учителю
- 1 класс Ғ ғ дыбысы мен әрпі
1 класс Ғ ғ дыбысы мен әрпі
С. Шарипов атындағы мектеп- интернатының
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Избасова Ұлмекен Серікқызы
Мұғалімнің аты-жөні
Пәні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы
Күні
Избасова Ұлмекен
Әліппе
1 б
Ғғ дыбысы және әрпі.
2014
Сілтеме
1-сынып Әліппе оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова
Ғғ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Жалпы мақсаттар
а)Оқушыларға Ғ дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.ә) Сөздерді буынға бөлу арқылы білімдерін дамыта түсу. б) Сурет бойынша дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы сөздік қорын дамыту
Оқыту нәтижесі
Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу
Негізгі идеялар
Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу.
Қолданылған модульдер
Сұрақ - жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, ойын.
Сабақ бойынша жазбалар
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
уақыты
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
«Бүгінгі күнге ізгі тілек» (Күн бейнесі)
Табиғатқа жан бітіріп, жерге сәуле төгіп, айналаға шуақты нұрын шашатын не? (Күн.) Олай болса «Тіршілік нәрі, өмір мәні, көңіл сәні, табиғат жаны, бар бала әні» күнмен сәлемдесіп алайық.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн!
Біз сүйкімді баламыз.
2-минут
І.Үй тапсырмасы
-
Ң дыбысы мен әрпі
-
Өткенді пысықтау
Оқушыларға «Олар аңдар» мәтінін оқыту
Күн қалташаларында өткен әріптер жазылған және жаңа әріп те бар. Ол қандай әріп?
10-минут
ІІ. Жаңа тақырып
Ертегі желісі бойынша жаңа Ғ ғ дыбысымен таныстыру, сөздердегі орнымен таныстыру Ғажайып түс» ертегісі арқылы «Ғ» дыбысы бар сөздермен таныстыру. (Ертегі желісі бойынша тақтаға Ғани, балға, таға, шалғы, торғай, қарға, ғарышкер, ғарыш, ағаш, сағат суреттері ілінеді)
Ертегі мазмұны: Ерте, ерте , ертеде бір атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың Ғани деген баласы болыпты. Атай шебер ұста екен. Ол темірден балға, таға, шалғы жасаумен айналысыпты. Ғани үнемі атасына көмектеседі екен. Күзде орақпен шөп шабысады. Бірде шөп шауып жүріп Ғани шаршап аспанға қарап жатыпты. Сол кезде көкте ұшып жүрген торғай, қарғаларды көріп, меніңде қанатым болып көкке самғасам ғой деп армандап, ойланып жатып ұйықтап кетіпті. Түсінде ғарышкер болып, ғарышта самғап жүр екен. Өте қуанышты сезімде жатқанда ағаштардың желмен ырғалған дыбысынан оянып кетеді. Сағатына қараса кеш бола бастаған. Ғани өзінің ғарышқа ұшқанын жақсылыққа жорып, атасына түсін айтуға үйіне қарай қуана жүгіре жөнелді.
Білу
Оқушылар ертегіні мұқият тыңдау арқылы Ғ дыбысы қатысқан сөздерді ажыратады. Ғ дыбысының сөздегі орнын ажыратуға үйренеді және «Буынға буын қос» ойыны арқылы сөздерге талдау жасайды. Ғ дыбысының сөздің нешінші буынында кездесіп тұрғанын айтады.
8 минут
Түсіну
-
Сөздерді дұрыс оқу арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін байқатады
5-минут
Қолдану
Оқулықпен жұмыс.Ғарышкер туралы не білеміз? Ол кім?«Кім шапшаң?»»Ойыны. Оқушыларға сөздер беріледі, оқушылар дауысты, дауыссызды, буынды айырады. Мысалы, сағат
Ға аға таға
На ана тана
Па апа пана
Буынға бөлдіріп оқыту
7 минут
Талқылау
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Ғ дыбысы мен әрпі деп аталады.Ғ дыбысын хормен айтқызу.Ғ дыбысы мен әрпі дауыссыз дыбыс.Тізбектете оқыту
Сергіту сәті.
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді аламыз,
Көркем етіп жазамыз.
Топпен жұмыс:
1 - топ: Сөздер ойлайды
2 - топ: Ғ дыбысы қандай дыбыс екенін айтады
3 - топ Сөздің қай буынында
Сөзде неше буын барын айтып дәлелдейді.
5 минут
Жинақтау.
Дәптермен жұмыс
Буын диктанты
Та, на, па, ға буындарын жаздыру, жазғандарын оқыту,тексеру.
3минут
Үйге тапсырма беру
Ғ дыбысы мен әрпін оқу, жазу үлгісінен тапсырма орындау.
2-минут
Бағалау
Формативті бағалау ұшақ суреті арқылы ұпай жинау
2 минут
рефлекция
Өз әсерлерімен бөлісу
1 минут