- Учителю
- Урок по математике 'Тәулік. Жыл. ҒАсыр' (1 класс)
Урок по математике 'Тәулік. Жыл. ҒАсыр' (1 класс)
Сабақтың тақырыбы: Тәулік. Жыл. Ғасыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: уақыт бірліктерін - тәулік, апта, ай, жыл, ғасырды бір-
бірінен және олардың қатынасын ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: есеп, мысал шығарту арқылы оқушылардың ойлау,
есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тапсырмаларды орындата
отырып, ой-өрісін, қиялын, зейінін дамыту, анық айтуға,
математикалық тілде сөйлеуге үйрету, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация құру.
Көрнекілігі: сағат, күнтізбе, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.
-
Балалар, біз қай елде тұрамыз?
-
Еліміздің болашағы кімдерге байланысты?
Үй тапсырмасын тексеру:
№4 ауызша оқытып, тексеру.
2, 7, 72, 20, 70;
38, 83, 30, 80, 3, 8;
30 + 70 = 100
3 + 7 = 10
80 - 30 = 50
8 - 3 = 5
«Ой қозғау»
«Сөз құрастыр» Амалдардың мәнін өсу ретімен жазсақ, бізге керекті сөз шығады.
10 + 7 = 17 а 12 + 10 = 22 қ
35 - 30 = 5 у 48 - 8 = 40 ы
100 - 20 = 80 т
у
а
қ
ы
т
Қызығушылықты ояту.
«Уақыт» сөзіне ассоциация құру.
Сұрақтарға жауап алу.
-
Уақыт немен өлшенеді?
-
1сағатта неше минут бар?
-
Минуттық тіл дегеніміз не?
-
Сағаттық тіл дегеніміз не?
-
Бір жылда неше ай бар?
-
Әр айда неше күн бар?
-
Бір тәулікте неше сағат бар?
Жаңа сабақ:
Есіңе сақта!
7 күн - 1 апта
30 не 31 күн (ақпанда 28 не 29 күн) - 1 ай
12 ай (365 күн немесе 366 күн) - 1 жыл
12 жыл - 1 мүшел
100 жыл - 1 ғасыр
«Кім жылдам?» (кеспе қағаздар)
50 + 4 = 54 4сағ + 50 сағ =54 сағ
54 - 4 = 50 40 мин + 5 мин = 45 мин
40 + 5 = 45 54 сағ - 4 сағ = 50 сағ
45 - 40 = 5 45 мин - 40 мин = 5 мин
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.
Оқулықпен жұмыс
№ 3
Әкесі 38 жаста, баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
Осыған кері есеп құрастыр және шығар.
Ә - 38 ж. Б - 30 ж.
Б - ?, 30ж. кіші Ә - ?, 8 ж. үлкен
38 - 30 = 8 (ж) 30 + 8 = 38 (ж)
Жауабы: баласы 8 жаста. Жауабы: әкесі 38 жаста.
1992 жыл 4 маусымдаҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.
Сергіту сәті
Кел, балалар, шапалақтап,
Алақанды ұрайық.
Жаңылғанды ортаға алып,
Бір өнерін сұрайық.
Жаңылмастан есепті
Біз шығарып тұрайық.
-
Тал басында тізіліп,
50 алма тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Түсті алманың 20-сы.
Ізінше оның тағы да
Түсті және 5 алма.
Айтыңдаршы, балалар
Тұр әлі ілініп,
Алманың нешеуі? (25 алма)
-
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
-
6 алманың 2-уін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4)
1997 жыл ҚР -ның Тілдер туралы заңы шықты.
№ 5
1 сағ 20 мин = 80 мин
1 сағ 30 мин = 90мин
1 сағ 40 мин = 100 мин
1 сағ 10 мин = 70 мин
Астананың зәулім ғимараттары
1 сағ * 60 мин
60 мин + 30 мин * 1 сағ
1 сағ 10мин * 65 мин
40 мин + 30 мин * 1 сағ
1 тәул. * 24 сағ
24 сағ - 20 сағ * 4 сағ
1 сағ 9 мин * 69 мин
22 сағ - 20 сағ * 3 сағ
Соңғы жылдардағы Қазақстандағы басты оқиғалар.
Шығармашылық тапсырма:
Бекіту:
Сұрақтарға жауап беру арқылы «20 жыл» сөзін шығарып алу.
60 мин + 30мин 54 - 4
1 аптада - ? тәулік 1 сағатта -? минут
1 ғасырда - ? жыл
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл.
Бағалау:
Сонау-сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл.
Үйге тапсырма:
№ 4, 45 -бет
№2 мектеп-гимназия
Тәулік. Жыл. Ғасыр.
Өткізген: Дүйісова А.
2011-2012 оқу жылы