- Учителю
- Санды 6-ға көбейту (3 класс)
Санды 6-ға көбейту (3 класс)
Сабақтың тақырыбы: Санды 6-ға көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Санды 6-ға көбейту кестесін құру және бөлу жағдайларын құрастыру. Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке, тиянақтылыққа, бір- бірімен жұп және топ болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Санды 6-ға көбейту кестесін құруды үйренеді және бөлу амалдарымен есеп шығарады. Ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады Балаларды бір- бірімен жұп және топ болып жұмыс жасай алады.
Қолданылған модуль: 1.Көшбасшылық 2.АКТ пайдалану 3. Сын тұрғысынан ойлау 4. Диалог. 5. Бағалау
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Белсенді оқытатын сабақтың әдіс-тәсілі: Түрлі тапсырмаларды түсіндіру,сұрақ қоюдың түрлері және жинақтау.
Пайдаланатын ресурстар: АКТ /интербелсенді тақта,/ слайдтар, бағалау парағы
Түйінді идеялар: -Сабақты меңгерту барасында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану;
- Оқушының ой өрісін дамытатын тапсырмалар беру
Сабақтың кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушының әрекеті
Ынтымақтастық ортасын құру. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Топқа бөліну.
Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам» ойыны
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау. Толық орындалған тапсырмаға +, толық емес тапсырмаға « - « таңбасын қойып ортақ бағасын шығару.
Үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде әр түрлі тәсілмен жаз.
Р=7дм+7дм+Хдм
Р=Хдм+7дм+7дм
Р=7дм+Хдм+7дм
6 санының көбейту кестесін сұрау
-
Шаршы дегеніміз?
-
Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
-
Есе артық десе не істейміз?
-
Кем десе не істейміз?
-
Периметр дегеніміз не?
А+5 бұл қандай өрнек?
Ой сергіту. Үстел үстінде 5 балауыз шам жанып тұр еді, соның 2-еуі сөніп қалды. Неше шам қалды?
(екеуі қалды, 3-еуі жанып кетті.)
Тордың ішінде үш құс отыр. Үш бала бір-бір құстан сатып алды, торда бір құс қалды. Ол қалай? (бір құс тормен бірге сатып алынған)
Мағынаны тану Математикалық диктант: Өрнек құр және мәнін тап
60+20+4=84
(0+300):100=3
(40+20)*5=300
(100-0):50=2
Оқулықпен жұмыс Есептер шығару
Тақтамен жұмыс №1 Сатып алды -екі-екіден 6 түрлі марка Болғаны - 12 Барлығы-? Шешуі: (2*6) +12 = 24 Жауабы: 24 марка
Бір күнде -2кг жеміс жейді Әкелінді -30кг жеміс Жеді - 18кг Қалғаны -? Шешуі: (30-18):2 =6 Жауабы: 6
Жұптық жұмыс
Өрнектердің мәнін табу №2
6кг*6 =36 360кг:6=60 8кг*6=48
7кг*6=42 420кг:6=70 9кг*6=54
480кг:6=80 540кг: 6=90
№3 Қалдықпен бөлуді орында
19:6=3 (1қ) 45:6=7 (3қ) 46:6=7 (4қ)
26:6=4(2қ) 34:6=5(4қ) 59:6=9(5қ)
Сергіту жаттығуы Біздер тату боламыз, Гүл- гүл жайнап жанамыз. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір Бір,екі үш, төрт, Жоғары қолды соғамыз.
Топтық жұмыс
-
топ. Есепті шығар
Бақта 80 ағаш бар. Соның бөлігі -алма ағаштары. Бақта неше алма ағашы бар?
2-топ. Теңдеулерді шеш
Х:6=6 36:х=6 х*6=36
х=6*6 х=36:6 х=36:6
х=12 х=6 х=6
12:6=6 36:6=6 6*6=36
6=6 6=6 36=36
3-топ. Салыстыру
3апта > 20тәул
2сағ5мин > 84мин
2м 5дм < 4м1дм
6дм4см < 8дм 3см
4- топ
5,10,15,20,25,30,35,40,45,50 сандарының әрқайсысын 5-ке кеміт және 5 есе кеміт.
5- топ. Периметрін тап
Ұзындығы 5см
Ені 2см қандай фигура шықты?
6-топ. Кестені толтыр
Логикалық тапсырма Бірінші цистернада екінші цистернаға қарағанда 240 литр артық су бар. Әр цистернадағы су тең болу үшін бірінші цистернадан екінші цистернаға неше литр су құю керек?
Бағалау: Тапсырманың орындалуына байланысты өз-өздерін бағалайды.
Кері байланыс: бүгін сабақты түсіндім дегендер бармақты жоғары көтереміз, жартылай түсіндім дегендер жанына, түсінбедім дегендер төмен қарай көрсету
Үй тапсырмасы