7


  • Учителю
  • Дүниетану Кенді пайдалы қазбалар (3 сынып)

Дүниетану Кенді пайдалы қазбалар (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Дүниетану Кенді пайдалы қазбалар (3 сынып)

Орал қаласы, №45 орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тулебаева Майра Хыватоллақызы



Дүниетану 3сынып

Сабақтың тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты: а)Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.

ә) Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.

б)Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,

интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру:

Оқушылардың оқу құралдарын қадағалау. Назарын сабаққа аудару

Армысың, шапағатты күніміз

Армысың, мейірімді жеріміз

Армысың, табиғат анамыз

Келді сізге өзіңізге балаңыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Тест жұмысы арқылы білімдерін тексеру.

1. Сұйық пайдалы қазба-

а)тас ә)мұнай б)табиғи газ

2.Пайдалы қазба қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

а) 2 ә)3 б)4

3.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

а)таскөмір,мұнай, газ

ә)мұнай, гранит,мыс

б)газ, таскөмір, қорғасын

4.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

а) газ ә)құм б) металл

5.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар мыналар....

а) мәрмәр, гранит, құм, саз

ә) мұнай

б) таскөмір,темір

6.Кен орны деп нені айтады?

а)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

б)пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

7.Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?

а)фосфорит, мәрмәр

ә)бензин, газ, жанармай

б)жанғыш газ, әктас

8. Таскөмірдің аса кен орны қайда орналасқан?

а)Өскемен, Семей ә)Қарағанды,Екібастұз б) Маңғыстау,Атырау

Үй тапсырмасын оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырып, тексереді. Топбасшысы қорытындысын бағалау парағына жазады.

Мағынаны тану

- Ендеше, балалар тау жыныстары қайда болады?

-Жер бетінде, жер қойнауында.

-Ал осы бір сөзбен тау жыныстарын не дейміз?

-Пайдалы қазбалар.

"Ойлы болсаң озып көр" (жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)

1. Түсі қара,сұйық зат

Тереңде жатады.

Қазсаң атқылайды.

Жақсаң жанады.

Пайдаға жарайды (мұнай)

2.Шахтадан оны қазамыз

Пешке салып жағамыз.

Үлкен үйді жылытып,

Рахатқа біз батамыз.

Бұл не? (көмір)

3.Мөлдір,әрі түссіз

Өзі табиғи отын. ( газ)

-Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз табиғи байлықтар адам қажетіне пайдаланылатын "Кенді пайдалы қазбалар"

(мақсатын айтып жіберу)

Топтастыру. - Қандай пайдалы қазбаларды білеміз?



мұнай газ таскөмір

гранит әктас

мыс

күміс

алтын асбест



Ал осы пайдалы қазбалар қалай алынады, өндіріледі. Оны білу үшін видеоролик қарау.(Қысқаша түсіндіру)

Пайдалы қазбаларды қазып алып, оларды сұрыптап, өңдеп, тазартып, кейін металлургия зауытында қорытады(пайдалы қазбалардың түрін көрсетіп, таныстыру). Қазір біз солардың ішінде темір, алюминий, мыс, күміс пен алтын туралы тоқталамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Әр топ бөлінген абзацпен танысып, постер қорғайды.

Топ кітаптағы мәтіннен басқа, үйден қосымша дайындалып келген мәліметті жинақтау.

1топ: Темір 2топ: Алюминий 3топ: Мыс 4топ: Күміс пен алтын.



Сергіту сәті



"Сәйкестендір"

1топ. Кенді пайдалы қазбалар:

2топ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

3топ: Жанғыш пайдалы қазбалар

4топ: Батыс Қазақстан облысында өндірілетін пайдалы қазбалар

Дәптермен жұмыс.

Тақырыпты ашып, қажетті мәліметтерді жазу.

Шартты белгілерді жазу.

Толғаныс. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап. 2топқа сұрақ:

1. Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстарын не дейміз? (Кен)

2.Жер бетінде өте көп кездесетін металл? (темір)

3.Темір кенінен не алынады? (болат)

1топқа сұрақ:

1.Алюминий сазға қарағанда неге ұқсайды? (алюминий)

2. Алюминийді не жасауға пайдаланады? (ұшақ, ғарыш)

3.Қасық, шанышқы, кастрөл неден жасалады? (алюминий)

4топқа сұрақ:

1.Сарғыш -қызғылт түсті металл? (мыс)

2.Мысты қандай техникалық құрал жасауда пайдаланады? (радио, магнитафон, компьютер, теледидар)

3топқа сұрақ:

1.Бағалы металдар? (алтын, күміс)

2.Табиғатта күміс пен алтын қандай күйде кездеседі? (қоспасыз таза күйде)

3. Алтын мен күмістен не жасауға болады? (зергерлік бұйымдар)



Әр топ басшысы бағалау парағындағы бағалауда әр оқушыға жеке тоқталып, бағалайды.

Үйге тапсырма: 5жолды өлең. Мәтінді оқып мазмұндау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал