- Учителю
- Әдебиеттік оқу салт-дәстүрлер 3 сынып
Әдебиеттік оқу салт-дәстүрлер 3 сынып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Салт-дәстүрлер
Сыныбы: 3 «А»
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
БАЗАРБАЕВА НҰРСҰЛУ ҚАРЖАНБАЙҚЫЗЫ
Бекітемін_______________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
29.04.2015 жыл
Әдебиеттік оқу
3 «А» сынып
Сабақ тақырыбы:
Салт-дәстүрлер
Жалпы мақсат:
Тарауды қайталау арқылы мәтіндердегі өнегелі істерді оқу,талдау,негізгі ойды ашу.Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту.
Қазақ халқының салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары туралы әңгімелеу
Сілтеме:
Мұғалімге әдістемелік нұсқаулықтар
Әдебиеттік оқу оқулығы
Оқу нәтижесі:
Өз ойларын жүйелі, толық жеткізуге дағдыландыру
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Оқушылар деңгейіне байланысты жаттығулар орындап, сұрақ-тапсырмаларға жауап береді.
Шығармашылық тапсырмалар орындап, әр топ қорғайды, үйренеді:
-бірлескен жұмысқа;
-топ арасындағы ынтымақтастыққа;
-ұжымдық жауапкершілікке;
-берілген материалдарға байланысты түсініктерін тереңдетуге;
-қиындық тудырған сәттерді анықтауға;
Сабақта қолданылатын материалдар:
1.Оқулық
2.Презентация
3.Интерактивті тапсырмалар
Ресурстар, көрнекі құралдар
Стикерлер, маркерлер, Проектор (бейнебаян), бағалау парағы, теңгелер, киіз үйлер.
Оқыту әдістері:
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, диалог, Талантты және дарынды балаларды оқыту,Оқытуда басқару және көшбасшылық,ОБ және ОүБ
Оқытудың түрлері
Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу
Кезең
Уақыты
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
І . Қызығушылығын ояту
10 минут
-Балалар бүгінгі әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына тосқан. Олай болса, біз де салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік.
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің?
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық
«Есіне түсір» жаттығуы арқылы «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауын қайталау.
-Бағалау теңгемен өлшенеді. Әрбір оқушы жауабына қарай теңгелер үлестіріледі.
Әрбір топ өздерінің ортақ қорларына жинақтайды. Топ басшы оқушылардың теңгелерін жазып отырады.
Суреттер беріледі.
Үй тапсырмасының тапсырмалары:
-Қос едәуір жерде еді. Жұрт паналар жер таппаған соң,....қай мәтіннен үзінді.
-Қандай ақынның өлеңі есіңде қалды?
Тарауда оқыған қай шығарма саған ерекше ұнады?
-Бір күні аудан орталығынан жеңіл «уазик», сосын автоклуб
келді.- қай мәтіннен үзінді..
-"Сәуір болса, күн күркірер,
күн күркіресе, көк дүркірер" мақалы қай өлеңнің мазмұнына
байланысты айтылған.
-Тіпті, бір жапырақ болған үй құстары: үйрек,тауық құрлы қадірімнің болмағаныма қалай өкінбеймін-қай мәтіннен үзінді.
Сөздік жұмыс:
Күн қайыру-
Жасын-
Отамалы-
Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылар үзіндіден мәтіннің атын тауып, мазмұнын қысқаша айтады.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Оқушылар өздеріне ұнаған шығармадан үзінді айтып береді.
ІІ. Мағынаны тану
20 минут
Жаңа сабақ
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» туралы бейнебаян көрсетіп, оқушылардың салт-дәстүрлер туралы пікірлерін сұрау. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
-Балалар бізде не белгісіз болып тұр?
-Топтың аты.
-Олай болса жаңа сабаққа байланысты топтың атын таңдаймыз. Топ аттарына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
?-топ -«Салт-дәстүрлер»
?- топ- «Енші үлесу»
?- топ- «Бесік жыры»
Әр топ Тойбастар» айтады.
«Тойбасар» айтқан топтарға сыйлықтар тарту.
Сөз мәйегіне құлақ түріңіз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
1. Аталы сөзге арсыз да тоқтайды.
2. Ант бұзған оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.
3. Салтын, тілін, дінін ұмыту - мәңгүрттікке бастайтын жол.
4. Алты жыл аш болсаң да,
ата салтыңды ұмытпа.
мақал-мәтелдермен жаңа сабақты бекіту.
Әр топ бейнебаян бойынша өз ойларын білдіреді.
Жаңа сабақ тақырыбын айтады, сабақ тың мақсатымен танысады. Дәптерлеріне бүгінгі күнді, жана сабақ тақырыбын жазады.
топ аттарына байланысты оқушылар тапсырмалар орындайды.
«Салт-дәстүрлер» тобы қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтады.
«Енші үлесу» мәтінмен жұмыс жасайды.
«Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, бесік салу дәстүрі туралы айта кетеді.
ІІІ.Ойтолғаныс
8 минут
«Екі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдалану.
Салт-дәстүрлер туралы не білді, олардың қандай пайдасы бар?
Күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Топтан бір оқушының жауабын тыңдау.
Оқушылар вертикаль сызықпен бөлінген бөліктің оң жағына оқу барысында айтылған салт-дәстүрлер туралы жазады. Бөліктің сол жағына салт-дәстүрлердің пайдалы жақтарын жазады.салт-дәстүрлер
қолдануы
Рефлексия. Бағалау
7 минут
Кері байланысБүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?
Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?
Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?
Бағалау. Оқушылар өздерінің қай деңгейде екенін айтып шығады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар өзін-өзі бағалай отырып,бүгінгі сабақта жеткен жетістігін анықтайды.
Қорда жиналған теңгелер арқылы қай топтың белсенділігі жоғары болғанын анықтау.
Үйге тапсырма:
1-топ. "Бесік жыры" өлеңін жаттап келу
2-топ Бүгінгі сабақта айтылмаған салт-дәстүрлер туралы мәлімет жинап келу.
3-топ. "Енші үлесу" мәтінін оқу.
Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.