7


Сабақтың тақырыбы : Көктем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану пәнінен ашық сабақ 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілі туралы түсінік беру,көктемгі өсімдік табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Көктем мезгілі туралы алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын арттыру,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жыл мезгіліне байланысты суреттер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, постер, фломастерлер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, кітаппен жұмыс,суретпен жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа бейімдеу.

ІІ.Оқушыларды топқа бөлу.

Гүлдер,қаршық суретін тарату арқылы топқа бөлемін.

І топ: «Қыс» , ІІ топ: «Көктем»

Әр топта 4 оқушыдан болу керек.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Адамдардың қысқы еңбегі

«Қыс» тобына сұрақтар:

Адамдар қыста қандай жұмыстар жасайды? (бау-бақшада, егіс даласында)

Қар тоқтату жұмысы не үшін қажет? (су мол болу үшін, жер ылғалды болады, егін жақсы шығады)

Ағаштың жапырақтарында қыстап қалған бунақденелілерді қалай жоюға қатыс.

Мал қораларына не жеткізіледі?

«Көктем» тобына сұрақтар:

Көктемгі егіс жұмысына қалай дайындалады? (қыста қамданады,тыңайтқыш себіледі)

Ауыл шаруашылық машиналарын көктемгі егіске қалай дайындайды?(жөндеуден өткізеді, құрал-саймандарын дайындайды)

Өзің жеміс беретін ағаштар мен бұталардың түбіне қар үй.

Көктемгі мал төлдету жұмысына қалай әзірлік жасайды?

ІҮ.Жаңа сабақ: «Көктем»

мақсатын хабарлаймын. «Сурет еліне саяхат»

Сурет үлестіремін. Сурет бойынша жыл мезгіліне байланысты сөйлемдер құрайды. Топтан 1оқушы шығып қорғайды.

«Білім еліне саяхат»

Ү. Кітаппен жұмыс: Топта отырып өздері оқиды. Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа барып әңгімелейді, ойларын дамытады.

Ойын: «Бұл қай мезгіл?» Мұғалім мәтінді оқып таныстырады, оқушылар жауап береді.

ҮІ. «Топтастыру» стратегиясы































Көктем

ҮІІ. «Математика» патшалығына саяхат:

1-топқа: Қыста неше ай бар? Оларды ата.

2-топқа: Көктемде неше ай бар? Оларды атап бер.

ҮІІІ.«Білгің келе ме?»

Көктемде өсетін гүлдер: бәйшешек, қызғалдақ,сарғалдақ,қалампыр,бақ-бақ.

Сәуір айын қазақ халқы ертеде «Көкек» деп атаған. Балалар, көкек сөзін еске түсірейікші.Құс атауларын естеріңе түсіріңдерші!

ІХ. Қорытынды:

Мұғалім мәтінді оқиды.

Көктем. Көктем келді. Қар еріді. Бәйшешектер гүлдеді. Күндер жылына бастады. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Ағаштарда жасыл жапырақтар, бүршіктер шыға бастады. Көктемде мейрамдар өте көп.

-Көктем мезгілі саған ұнай ма?

Х.Үйге тапсырма: 58-59 бет. Оқып сұрақтарға жауап беру.

ХІ. Кері байланыс:

-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырмалар ұнады?

-Қандай тапсырмалар ұнаған жоқ?

ХІІ. Бағалау: формативті бағалау яғни оқушылар бір-біріне баға қояды, бағаға талдау жасайды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал