- Учителю
- Разработка Мейірімділік - асыл қасиет
Разработка Мейірімділік - асыл қасиет
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: № 19 орта мектеп 3 «Г»Мерзімі: 12.02.2015
Тақырып: Мейірімділік - асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет
Қасиеттер: Өзіне деген сенімін арттыру, сыйлау,адамгершілік
Мұғалім: Нурлыбаева С.Ж Сынып: 3 «Г»Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-
өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-
мейірбандыққа тәрбиелеу.
</ Ресурстар: Өзін-өзі тану 3 сынып оқулығы
Слайд
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
2.Тыныштық сәті: (Релакс.) «Нұрға бөлену» (3 мин)
Тыныштық сәті: Оқушыларды жақсы көңілмен бір сәт тынықтырып алу үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады. Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.Көздерін жұмып, ауаны терең жұтып еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілікиесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастаған елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршамызға көмектеседі. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минут отырады.
Музыка
3. Дәйек сөз (цитата) (2 мин)
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Халық даналығы
4. Әңгімелесу (беседа) (20 мин)
- Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
- Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.
Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеу
«Сары тауық пен балапандары»
М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп,
ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың
астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне
жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары
тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына
басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап,
балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда
бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа
шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күнашылып, анажүрегіндей жадырады.
Ой толғаныс
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
-
Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
-
«Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары тыңдалады.
Видеомәтін көрсету
5. Шығармашылық жұмыс .(15 мин)
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек.
Күлімдеген .... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)
Таза мөлдір.... мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)
Аяулы .... мейірімді! (анам)
Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
2-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
Ойын-тапсырма:
Мейірімділік сөздерімен гүл құрастырайық.Балалар сендер мейірімді болуды үйде аналарыңнан, мектепте ұстаздарыңнан үйреніп жүрсіңдер. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық.
- Ол қандай адам?
Кішіпейіл, мейірімді, сыпайы, әдепті, жанашыр, қамқоршы, кешірімді, бауырмал.
(баяу музыка ойнап тұрады)
6. Топпе ән айту (10 мин)
Ертегілер
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы - көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...
Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...
Музыка
7. Үй тапсырмасы. (1 мин)
-
«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.
-
Мақал-мәтел жазып келу.