- Учителю
- Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу. (4-Сынып)
Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу. (4-Сынып)
Тақырыбы: Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу.
Мақсаты: Тіктөртбұрыштың қасиеттерімен (қарама-қарсы қабырғалары параллель, барлық бұрыштары тік) таныстыру; параллель және перпендикуляр түзулерді салу дағдыларын бекіту; тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін және тік бұрышты параллелепипедтің периметрі мен ауданын табу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №6.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс.
1). Бір килограмм b теңге тұрады. 7 кг қиярға қанша ақша төлеу керек? (b 7).
2). Бір кг қияр а теңге тұрады, ал қызанақ 2 есе қымбат. 1 кг қияр және 1 кг қызанақ қанша теңге тұрады? ( а + (а 2) ).
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1. Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін есіңе түсір. Тіктөртбұрыш туралы не білесің?
А В F G L M S P
C D E J N H O T
№ 1(ә). Тапсырмадағы фигураларға қара және сұрақтарға жауап бер:
- Қай қабырғалар параллель? Бұл қабырғалар өзара тең бе?
- қай қабырғалар перпендикуляр? Олар өзара тең бе? Қорытынды жаса.
№ 1(б). Төртбұрыштардың қайсысы тіктөртбұрышқа жатады?
1 2 3 4 5
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 2. 3 қатарға бөлініп оқушылары шығарады.
І қатар. Ш: 12∙ 8 ∙ 5 = 480(м) Ж: 5 бөлмеге 480м тұсқағаз керек.
ІІ қатар. Ш: 480 : 12 = 40(о). Ж: 40 орам тұсқағаз керек.
ІІІ қатар. Ш: Р = (3 + 4) ∙ 2 = 14(м) Р = (6 + 3) ∙ 2 = 18 (м). (V = 4 ∙ 3 ∙ 3 = 36 м3).
Бөлменің қарама - қарсы қабырғалары теңдей болады.
№ 3 Өздік жұмыс. Есептеу.
S = 3м ∙ 4м = 12м2 3м ∙ 3м = 9 м2 v = 3м ∙ 4м ∙ 3м = 36м3 Р = (3м +4м) ∙ 2 ∙ 14м
Төбесінің периметрімен еденнің периметрі тең.
№ 4. Түсіндіріп шығару.
Ш: 500км : 50км ∙ 6л = 60л Ж: 60л бензин жұмсалады.
Ш: 50км/сағ ∙ 4 = 200 км Ж: 200 км жол жүріп өтеді.
№ 6. Жүптық жұмыс.
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
5кг 82г = 5 082г 5сағ = 300с
600см = 60дм 9 805ц = 980т 5 ц т.с.с.
ҮІ. Бекіту. Шығармашылық тапсырма. №7, 8.
Ү. Үйге тапсырма: № 5. 77 - бет.
Бағалау