- Учителю
- Конспект урока по математике на тему 'Бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу'
Конспект урока по математике на тему 'Бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу'
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сәйкес қалдықпен бөлу.
Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау. Ой-өрісін, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып.
Сабақтың әдісі: математикалық диктант, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар, электрондық оқулық.
Сабақтың көрнекілігі: жауап парағы, карточка, көмек парағы, жеке-жоспар, бағалау парағы, интербелсенді тақта.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Математикалық диктант.
ІІІ. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер.
1. І деңгей (тексеру, бағалау)
2. ІІ деңгей (тексеру, бағалау)
3. Сергіту сәті
4. ІІІ деңгей ( шығармашылық тапсырма ) (тексеру, бағалау)
5. Қосымша тапсырма ( шығармашылық тапсырма) (тексеру, бағалау)
ІҮ. Өз-өздерін бағалау.
Ү. Бекіту.
ҮІ.Үй тапсырмасы.
ҮІІ. Рефлексия
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың ұраны: « Бір-бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз! » ӨЖ -5мин; Қорытынды. ЖТӨТ -10мин. Қорытынды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс.
Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы.
Тақырып: « Бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сәйкес қалдықпен бөлуге »
98765 санын толтыру.
-Қане өткен сабақты бекіту үшін математикалық диктантты орындайық.
-Ал енді жауаптарыңды мына талаптар бойынша тексеріңдер.
Бағалау: «5»-қатесіз болса, «4»- 1 қатесі болса, «3»- 2 қатесі болса
-Бұл диктанттан алған бағаларыңды жеке-жоспар парағына қойыңдар. Осы бойынша әр деңгейге баға қойып отырасыңдар.
СЕРГІТУ СӘТІ: « 1,2,3 Біздер тату боламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасаймыз, Жақсы сергіп қаламыз. »
ІІІ Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер.
Бүгін сабақта бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сәйкес қалдықпен бөлуге байланысты бірнеше есептер, яғни деңгейлік тапсырмалар орындаймыз, әрі көңіл күйімізді де анықтап отырамыз, оларды әр түрлі түстермен бояңдар. Мысалы: сары түспен- есепті оңай шығардым, көңіл-күйім жақсы; көк-қиыншылық туындады, көңіл-күйім орташа; жасыл-қатты қиналдым, көңіл-күйім нашар; қызыл- мүлдем шығара алмадым, көңіл-күйім өте нашар.
-Ал енді іске сәт балалар!
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
ІІ деңгейлік тапсырмадан кейін СЕРГІТУ СӘТІ.
« Дос болайық бәріміз, Жарассын достық әніміз. Иықтасып жүреміз, Қиындықта бәріміз. » ІІІ деңгейді жалғастырамыз.
ІҮ. Өз-өздерін бағалау.
«5»- 20-19 ұпай
«4»- 18-15 ұпай
«3»- 14-12 ұпай
Ү. Бекіту.
ҮІ.Үй тапсырмасы.
ҮІІ. Рефлексия
Сабақта не істедік?
Не ұнады?
Өзіңе қандай жаңалық алдың?