7


  • Учителю
  • 4Сынып ана тілі пәнінен 'Түркістан' тақырыбына сабақ жоспар

4Сынып ана тілі пәнінен 'Түркістан' тақырыбына сабақ жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Түркістан. Мағжан Жұмабаев.

Мақсаты: Оқушыға «Жарық жұлдыздар» атты бөлім жайлы, МағжанЖұмабаевтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, «Түркістан» атты өлеңімен таныстыру, тілін, дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

«Жарық жұлдыздар» деп аталған бұл бөлімде қазақ әдебиеті мен ғылымына өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың жазған шығармаларымен танысасыңдар. Сонымен бірге олардың жарқын бейнесі, өшпес өнегесі туралы жазылған әңгіме-естеліктер беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Бес арыстың бірі - Мағжан Жұмабаев ( 1893-1938) - Бұрыңғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Плуденовский болысы қазіргіСолтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының «Молодежный» совхозы орналасқан жерінде туылған, қазақ өлеңінің дүлдүлі, лирик, эпик, аса дарынды ақыны, жазушы, педагогы. Тұңғыш кітабы «Шолпан» (қазан, 1915ж), «Өлеңдер жинағы» (Ташкент,1923ж), «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт»поэмасы. Ақынның халқымыздың өткен өмірі туралы жазған «Түркістан» өлеңімен танысайық.

2. Өлеңдерді мәнерлеп, түсініп, нақышымен оқу.

3. Сөздік жұмыс.Алаш - қазақ. Тұран - Түркістан.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру:

1.Түркістан туралы не білесің? Ол қандай қала? Қай жерде орналасқан?

Ақын өлеңде қандай сөзді жиі қолданған?(Ақын өлеңде «Тұран» деген сөзді қолданады.) Тұранда ертеде кімдер туып-өскен екен? (Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі).

Түрік еліне кімдер жатады деп ойлайсың? (түрік, қазақ, қырғыз, ...).

Тұранда хандық құрған кім? (Қасым хан).

Абылай хан қай жерге жерленген? (Түркістанда).

2. Сатылай талдау

1

Авторы

М. Жұмааев

2

Тақырыбы

Түркістан

3

Жанр түрі

Өлең

4

Идеясы

Киелі, екідүниеніңесігі

5

Шумағы

4

6

Тармағы

16

7

Бунағы

11-12

8

Ұйқас түрі

а-а-б-а

9

Өлеңнің тәрбиелік мәні

Табиғаттықорғау, көркейту


Ү. Қорыту. Бүгін не жайлы білдік? МағжанЖұмабаев кім? Оның қандай шығармаларын білесің? ( «Балапан қанат қақты», «Аққала»). Сенің ойыңша, Түркістан жері бүкіл елге танымал болуы үшін не істеуге болады?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Түркістан» жаттау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал