7


  • Учителю
  • Ертеңгілік ' Ананың аяулы алақаны'

Ертеңгілік ' Ананың аяулы алақаны'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Ананың аяулы алақаны"» атты ертеңгілігі Мақсаты: мерекелік көңіл-күй сыйлау-аналарын, әжелерін құрметтеуге тәрбиелеу -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылда
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: «Ананың аяулы алақаны"» атты ертеңгілігі

Мақсаты:

мерекелік көңіл-күй сыйлау

-аналарын, әжелерін құрметтеуге тәрбиелеу
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.


Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып -деп ән мәтінінде айтылатындай, көктем айының нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 -наурыз халық аралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Ана - әлемнің жан дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Бұл қасиетті сөз бізге жылылық шуақ сездіретін сөз. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім -шапағатқа бөлене берсін. Өмір сыйлаған Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар-шексіз әлем, күннің нұры

Осы мерекеге орай "Шағын орталық «Ә» тобының" тәрбиеленушілерінің «Ананың аяулы алақаны"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сыйын , тартуын қабыл алыңыздар.

Құрметті аналар - мерекелеріңіз құтты болсын!.

Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар!

Әбдірахман: Күлімдеген көзіңне

Күн мейрімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен

Нұрай: Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Құрметті аналар!

Ән хор «Айналайын ақ мамам»

Инабат : Ана-біздің гүліміз

Ана-біздің күніміз.

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Мейірболат : Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін

келші, келші ақ мамам

Ләйла: Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы .

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

Вальс: Ұлдар қыздарды мерекелік биге шақырады.

Мансұр: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Жансая:Айналайын жан анам

Шашымды өріп тараған.

Артық көріп бәрінен

бақытыма балағам.

Арсен : Әлпештеген баласын

Ана- бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

Айсезім: Анам менің анашым

Сен бәрінен данасың.

Дос,туысқа,бауырға

Қамқоршысың ,панасың.

Ойын : « Менің анамның дауысы»

2.Хор: Айналайын мама туған күніңмен.


Зарина: Айналайын анашым

Ақылдысың данасың.

Ең сұлу жан әлемде

Жалғыз өзің ғанасың.


Дүиедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымыз да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз.

Мухаммад: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Аянат :Алтын әжем ол менің

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін

Ертегі айтып береді.


Ернар : Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап

Анаға бас иеміз.

Камиля: Айналайын анашым

Маған қорған панасың.

Мейірімді жан өмірде

Жалғыз өзің ғанасың.


Ән : « Апам үшін»

Балардың аяулы аналарына арналған, тосын сыйы бар. «Бала тілі -бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер -деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздеріне назар аударыңыздар.

Иә, аналар, балаларыңыз айтқандай, ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар, әрдайым әдемі, сүйкімді болыңыздар.
Барлық ер балалардың орындауында би : Рэп

Ойын: «Өз баласын табу»

Енді ұлдарымыз қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір -бірлеп таратады.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады.
Дегенмен апаларымыздың, әжелеріміздің, әпкелеріміздің мерекесі! Мереке мәңгілік болсын. Бүлдіршіндеріңіздің қолдан жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар!

Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Балаларыңыздың қызығын көріңіздер, құтты болсын. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі - көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал