7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Дара және күрделі етістіктерді қайталау 3-сынып

Қазақ тілі Дара және күрделі етістіктерді қайталау 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Дара және күрделі етістіктерді қайталау

Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлері туралы білімдерін бекіту.

Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы дара және күрделі етістік туралы алған білімдерін еске түсіреді, қайталайды.

Дамытушылығы : Оқушылардың сөздік қорын молайтп,ойын тілін,шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі : Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа ,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: ана тіл,дүниетану

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау.

Көрнекіліктер: суреттер,карточкалар,сызбалар, ойындар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

2.Үй тапсырмасын тексеру

Ой қозғау « Буындардан сөз құрау»

Берілген тем, көк буындарынан сөз құаймыз

Қандай сөз шықты?

Көктем.

2.Өткен материалдарды еске түсіру

«Гүл жинау» ойыны . Әр бір гүлдегі сұрақтарға жауап беру.

1- гүл Түбір дегеніміз не?

2-гүл Қандай сөз таптарын білесіңдер?

3-гүл Зат есім дегеніміз не?

4-гүл Етістік дегеніміз не?

5-гүл Жалқы есім дегеніміз не?

6-гүл Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

7-гүл Сөйлем дегеніміз не?

8-гүл Етістік неше түрге бөлінеді?

9- гүл Қосымшаның неше түрі бар?

3. Жаңа сабақ.

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы мұғалімдер.

-Мұғалімдер не істеді?

-Мен не істедім? -Сендер не істедіңдер?

-Не аңғардыңдар? Осы сөздердің барлығы іс-әрекетке байланысты.Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз неге арналмақшы?Етістік тақырыбын қайталау.

Мақсатымыз қандай болмақшы? Етістіктің дара және күрделі түрлерін еске түсіру.

Біз бүгінгі сабағымызда «Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз, Бәрін білуге ұмтыламыз» деген ұран ұстанамыз. Ендеше осы ұранды ұстана отырып, сабағымызды бастайық.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу, көркем жазу. К к көктем, келді, көк

Оқулықпен жұмыс.

390-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Етістіктерді табу.

391-жаттығу. «Сәйкестендіру» ойыны

Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айту.

Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,

Әнге шырқап саламыз

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.

Ал, балалар,тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға солға иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Сәл тынығып алайық.

393-жаттығу Мағынасы қарама-қарсы етістіктерді жұптап жазып,қарама-қарсы екенін дәлелдеу.

Жапты-ашты

Байлады-шешті

Шашты-терді

Үзді-жалғады.

394-жаттығу . Суретке қарап,шағын әңгіме құрап жазу.

Сабақты бекіту. Оқушылар алдарыңда қандай фигуралар жатыр?

Ұшбұрыш -дара етістік айтқанда көтереді

Төртбұрыш- күрделі етістікті айтқанда көтереді.

Келді, оқыды, көрді, ұшты, көздеді, жауды, тоқыды.

Келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр, ұшып барады, тоқып жатыр .

Рефлекция: Күн және бұлтың суреті

Үйге тапсырама

392-жаттығу Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу.

Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал