7


  • Учителю
  • Тұңғыш қазақ ғарышкер.Бас әріппен жазылатын сөздер.(1 сынып)

Тұңғыш қазақ ғарышкер.Бас әріппен жазылатын сөздер.(1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі





















Үлгілі сабақ





Тақырыбы: Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Бас әріппен жазылатын сөздер.





















Өткізген: 1 - сынып жетекшісі А.Жусупкалиева





















































2014 - 2015 оқу жылы

Бекітемін: ОІМ: А.Е.Кулекеева

81-сабақ

Пәні: Ана тілі Уақыты: 18.04.15ж

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Бас әріппен жазылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а/Оқушыларға бас әріппен жазылатын сөздер туралы түсінік беру;мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап бере білуге жетелеу; оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары - қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.

ә) Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу;

б) Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд,бұлттар,сызбалар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Өткен сабақты тиянақтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Ерте,ерте, ертеде.Ешкі жүні бөртеде.Бас әріп және кіші әріп екеуі дос болыпты.Олар ойнаса да, қуанса да,ренжісе де бірге екен.Күндердің бір күнінде бас әріп пен кіші әріп ойын үстінде ренжісіп қалады.Бас әріп кіші әріпке өзінің үлкен екенін дәлелдей түседі.Ал кіші әріп болса, еркелеп бас әріптің үлкендігін мойындар емес.Сонда бас әріп кіші әріпке былай дейді:

-Мен сенен үлкенмін,оның үстіне ең басты әріп мен боамын.Өйткені ме болмасам,ешкім де өз атын жаза алмайды.

Кіші әріп бас әріптің бұл сөзіне түсінбей таң қалады.

-Ал, балалар, олай болса бас әріппен жазылатын сөздермен танысайық.

12 сәуір қандай мереке?

- Ғарышкерлер күні

Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?

- Ғарышкерлер





Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?

Өз ойларын сұрау

- Ғарыш айлағы дегеніміз не?

Ғарыш айлағы дегеніміз - бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.

Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма? Қалай аталады?

Байқоңыр.

Жарайсыңдар, балалар.

Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман - есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олар жерді 17 рет айналып оралды. Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты.

Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты.

Ол үшін алдымен тұңғыш ғарышкер туралы өлең оқимыз.

220-жаттығу.

а/Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

ә/Өлеңді оқушылардың оқуы.

б/Өлеңді талдау.

-Өлеңде кім туралы айтылған?

-Тоқтар Әубәкіров кім?

-Тағы қандай ғарышкерлерді білесің?

-Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз.Әубәкіров,Тоқтар,Гагарин сөздерінің астын сыз.Бұл сөздер неліктен бас әріппен жазылған деп ойлайсың?

-Сонымен, кісінің аты-жөні бас әріппен басталып жазылады екен.

Сергіту сәті:

Аспан, аспан арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын.





Дәптермен жұмыс

221-222-жаттығулар.

IV Бекіту.

Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......»

Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрау

Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады. Бұлттарда жасырылған

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?

2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?

3. Ғарышкерлер қандай болу керек?

4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?

Қосымша тапсырма.

Төмендегі сөздердің ішінен бас әріппен жазылатын сөздердің астын сыз.

Айгүл,Орындық, Қанат, Сәуле, Кітап, Нан, Жұлдыз, Гүл, Орман, Жанар,Айдос.

V.Қорытындылау.

Балалар, сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

VI.Бағалау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал