7


  • Учителю
  • Урок на тему Табиғат және біз

Урок на тему Табиғат және біз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы "Табиғат және біз"

Мақсаты: Балаларға табиғаттың маңызын түсіндіру.

Білімділігі: Тірі және өлі табиғат туралы түсінік бекіту.Табиғат құндылығы,өсімдік тіршілігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Тірі және өлі табиғаттың ерекшелігін іс - тәжірибе жасау арқылы түсіндіру.

Тәрбиелігі: Табиғатты аялап қорғауға.қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың табиғатқа,туған жерге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс - тәсілі:Әңгімелеу,ойын,зерттеу жұмысы,жеке жұмыс.

Көрнекі-құралдар.Мултемедия,үнтаспа,тәжірибеге арналған құралдар,(су,топырақ,гүл,салафан)

1.Шаттық шеңбер.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күннің шуағын апайларға сыйлайық

-Балалар табиғатсыз адамның күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Ендеше сол жыл мезгілдеріне тоқтала кетейік.

(Жыл мезгілін және оның ерекшеліктерін слайд арқылы көрсету)

-Мынау қай мезгіл? Оның ерекшелігі неде?

-Ал,мынаны қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

-Мұнда қандай құбылыстар байқап тұрсыңдар?

-Мынау ше? ерекшілігін атап өтіңдер?

-Қандай мезгіл? Мына мезгілдің ерекшелігін атап көрейік.

-Табиғаттың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Үнтаспадан табиғат құбылыстарының дыбысын тыңдау.

Дидактикалық ойын."Көктем келбетін безендіру"

Өлең оқу.

Тіршілікте недейсің ғой ең қымбат.

Тіршілікте адам қымбат,ауа қымбат.

Ал,адамға ауа қажет,бәрінен де

Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

Балалар табиғатқа тіршілік атаулысының барлығы жатады.

Мыс Су,ауа,күн,өсімдіктер,құстар,балықтар,т.б

-Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат және өлі табиғат деп.

-Өлі табиғатқа - ауа,жел,су, топырақ т.б

-Тірі табиғатқа - гүлдер,жәндіктер,құстар,т.б

Тәрбиеші балаларға іс - тәжірибе арқылы өлі және тірі табиғаттың айырмашылығын көрсетеді.

- Біз немен дем аламыз? Ауа көрінбейді мына салафан арқылы ішін ауамен толтырамыз.

-Ішінде не бар балалар?

-Енді суды алайық,ол түссіз,иіссіз,мөлдір,қыста қатып мұзға айналады,қайнатса буға айналады.Ал мына әртүрлі түсті ыдысқа құйған кезде оның түсі өзгереді.

-Сары ыдысқа құйған кезде түсі қандай?

-Көк ыдысқа құйған кездегі түсін көрейік.

-Тірі табиғатқа не жатады?

-Дұрыс гүл жатады.Осы тірі табиғатпен өлі табиғаттың бір-бірімен байланысы өте тығыз.Біз гүлді қалай өсіреміз? Топыраққа егіп,оған су құямыз екен.

-Міне балалар өлі табиғаттың да,тірі табиғаттың да бір - бірімен байланысы зор.Ал табиғатсыз ешбір тіршілік болмайды, сондықтан біз табиғатты аялап,қорғап,суға түкірмей,ластамай,ағашты сындырмай,құстарды атпай,ауаны ластамай болашағымызға жақсы көзқараспен омір сүруіміз қажет.

-Табиғат туралы тақпақ кім біледі?

С.Хасан - Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз.

Баршаңызға бейбіт өмір тілейміз.

Қорытынды.

Күтілетін нәтиже.

Білуі:Табиғаттың маңызын туралы жалпы мағлұмат.Өлі және тірі табиғаттың айырмашылығы.

Түсінігі:Тәжірибе жасау тәсілдері және бақылау.

Меңгереді:Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал