- Учителю
- 'Шегіртке мен құмырсқа ' Әдебиеттік оқу 3 сынып
'Шегіртке мен құмырсқа ' Әдебиеттік оқу 3 сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Кабдулхахова Бибігүл Ерсайынқызы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
-
Сабақ тақырыбы:
Әдебиеттік оқу. 3 - сынып. Шегіртке мен құмырсқа
Жалпы мақсат:
Мысалмен таныстыра отырып, мазмұнын меңгерту. Тақырыбы мен идеясын ашып түсіндіру.Өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
Нәтижесі:
1.Мысал мазмұнын толық түсінеді. Тақырыбы, идеясын ашады. Өз көзқарасы мен пікірін айтады. Үлгі өнеге алады.
Сабақта қолданыл-
ған модульдер, әдіс-тәсілдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Power Point презентациялар ,слайд, сызба, Абай, И.Крылов суреттері , смайликтер, шегіртке мен құмырсқа суреттері, маркерлер, стикерлер.
Сілтеме:
Әдебиеттік оқу. 3 сынып. Атамұра 2014 жыл.
-
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсыр-
масын тексеру
Психологиялық дайындық
«Ыстық орындық» әдісі.
1.«Күзгі орманның көріністері» мәтінінің мазмұнын сұрау.
Армысың, жарқыраған күн!
Армысың Жер-Ана!
Армысың көгілдір аспан,
Армысыңдар достарым!
Оқушылар «Күзгі орманның көріністері» мәтінінің мазмұнын «Ыстық орындық» әдісі бойынша кезектесіп айтып шығады.
Жаңа сабақ.
Білу. Түсіну.
Топқа бөлу.
-
«Миға шабуыл»
Абай Құнанбаев кім?
Ол жайында не білеміз?
Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?
Орыс жазушысы И.Крыловтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру.
-
«Тыныштық сәті»
Оқушылар мысал өлеңді өз бетімен оқып танысады.
Оқушылар «Жаз», «Күз», «Қыс» болып жыл мезгілдерінің атына сай мозайкалық әдіспен 3 топ болып топтасады.
Абай өмірі, шығармашылығы туралы бұрыннан білетіндерін айтады, өлеңдерін атайды.
Автор жайында мағлұмат алады.
Мысалды оқып, танысады.
Қолдану
«Ротация» әдісі
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге 1,2-ге санау арқылы орналасады. Мысалдың мазмұнын бір-біріне түсіндіреді.
Жұппен жұмыс
Мысал өлеңді рөлге бөліп оқиды.
Оқушылар шеңберге тұрады. 1,2-ші болып санай отырып бөлінеді. Ішкі және сыртқы шеңбер құрады.Мысал мазмұнын бір- біріне түсіндіреді.
Рөлге енеді, дауыс ырғағын келтіре оқиды.
Талдау
1.Сұрақ- жауап:
- Шегіртке қандай жағдайда өмір сүрді?
- Ол құмырсқаға не үшін келді?
- Құмырсқа шегірткені үйіне кіргізді ме? Неге?
2. «Дананың кілттері» Егер де мен...
Құмырсқа орнында сен болсаң не істер едің?
Егер де мен құмырсқа болсам..
Оқығанының негізінде сұрақтарға жауап береді.
Оқушы өзін құмырсқаның орнына қойып өз пікірін айтады, дәлелдейді.
Сергіту сәті
Көңілді әуен жібереді.
Қимылды би билейді.
Жинақтау
Бағалау
«Топтастыру»
1-топ: «Жаз және қыс мезгіліндегі шегіртке»
Жаз мезгілі
Қыс мезгілі
2-топ: Шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипаттайды.
3 -топ: «Бес жолды өлең» стратегиясы
Не? Шегіртке.
Қандай? Шырылдауық,қарны ашқан.
Не істеді? Ән салды, суыққа тоңды.
Сөйлем Құмырсқаны іздеп табады.
Синоним Жәндік
Топпен жұмыстанады.
Жаз және қыс мезгіліндегі шегірткені сипаттап жазады,
Кестеге толтырады.
Шегіртке мен құмырсқаға сипаттама береді, салыстырады.
«Бес жолды өлең» стратегиясын қолданып шегіртке немесе құмырсқа туралы өлең құрастырады.
Кері байланыс
Мұғалім кері байланыс алады.
Не үйрендім? Не білдім?
Тағы нені білгім келеді?
Үйге тапсырма
Мысал өлеңді оқып келу.
Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтындай мақал-мәтел жинастыру.
Мәтінді түсініп оқиды, ұлттық тағам түрлерін біліп келеді.
-