- Учителю
- Заттың сынын білдіретін сөздер. Тау. Сауат ашу 1-сынып
Заттың сынын білдіретін сөздер. Тау. Сауат ашу 1-сынып
Күні/айы |
Пәні |
Сабақ №1 | |
06.04.15 |
Сауат ашу |
| |
Сабақтың тақырыбы |
Заттың сынын білдіретін сөздер. Тау. | ||
Жалпы мақсаты |
Оқушыларды заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге үйрету. | ||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя алады. | ||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап. | ||
Ресурстар |
Дидактикалық материалдар, кесте. | ||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Сабақтың мақсатын түсіндіру 2. Психологиялық тренинг «Пираттар». 3. Топқа бөлу. 4. Бағалау критерийлерін жасау.
|
1.Сабаққа назар аудару 2.Сабаққа қызығушылығын арттыру. Топқа бөліну. Сабақ мақсатымен танысады. | |
Негізгі бөлім
|
І. Үй тапсырмасын тексеру. «Атаның ақ батасы» - өлеңін мәнерлеп, жатқа сұрау. (Әр топтан 2 оқушыға.)
ІІ. Қызығушылықты ояту «Иә, жоқ» әдісі. Мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру. 1. «Тау» - заттың атын білдіретін сөз. Иә 2. «Әдемі» - заттың қимылын білдіретін сөз. Жоқ. 3. Кім? Не? - деген сұрақтар заттың атын білдіретін сөздерге қойылады. Иә. 4. «Жүрді» - заттың атын білдіретін сөз. Иә. 5. «Биік» - заттың атын білдіретін сөз. Жоқ. ІІІ. Мағынаны тану Сұрақтар қою.
Суретпен жұмыс. Ассоциация құру.
</
Ережемен таныстыру. (кесте) «Тау» - өлеңімен таныстыру.
Сергіту сәті.
122-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу, сынын білдіретін сөздердің астын сызу. Топтық жұмыс: 1-топ: Тақырыпқа сай түрлі-түсті қағаздардан коллаж жасау. 2-топ: Дайын суреттерден коллаж жасау. 3-топ: Ойыншыққа сипаттама жазу. 4-топ: Берілген сөздердің ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді бөліп алу. Топтық жұмысты қорғау. Рефлексиялық бағалау кезеңі. - Сабақта не үйрендің? - Не қиындық туғызды? |
«Атаның ақ батасы» - өлеңін мәнерлеп, жатқа айту. Критерий бойынша өзін-өзі және өзара бағалау. Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша ассоциация құрады.
Ережемен танысады.
«Тау» - өлеңімен танысады. Мәнерлеп оқиды. Сұрақтарға жауап беру.
Сергіту жаттығуын орындайды. Дәптерге жеке жұмыс.
Топпен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын қорғайды.
«Микрофон». | |
Бағалау
|
- өзін -өзі бағалау - өзара бағалау - мұғалімнің бағалауы. Фишка арқылы. | ||
Үйге тапсырма |
Ережені жаттау. | ||
Үйде оқу |
«Тау» - өлеңін мәнерлеп оқу. | ||
Рефлексия | |||
Ең жақсы өткен екі дүние | |||
1.
|
2. | ||
Ең сәтсіз өткен екі дүние | |||
1.
|
2.
|