- Учителю
- Жол белгісін есіңе сақта Жолда жүру ережесінен сынып сағаты (4 сынып)
Жол белгісін есіңе сақта Жолда жүру ережесінен сынып сағаты (4 сынып)
«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
</
Жол тәртібін есіңе сақта!
Саргаскаева.Г.Н.
Тақырыбы: Жол тәртібін есіңе сақта!
Мақсаттары; Жолда жүру ережелері туралы түсінік беру.Бағдаршамның атқаратын қызметтерімен таныстыру; Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту; Баланы зейінді ,болуға, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабаққа көрнекілігі; түрлі-түсті суреттер,
Әдіс-тәсіл; Көрнекілік, қойлымы, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
Сахналық көрініс: «Абайла жас дос»
1 көрініс
Көше қиылысы. Адамдар мен машиналар ары бері өтіп жатыр.Бір уақытта машинаның даусы естіледі. Баланың жолда доп ойнағанын көреміз.
Жол инспекторы
Балақай, мұның не! Жол тәртібін білмеуші ме едің?
2 көрініс
Инспектор :
Дәрігер, қараңыз мына сұмдықты ,
Құтқарыңыз!
Жолда ойнады бұл мықты!!
Мед.бике:
Балақай, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас - көзіңде ?
Бала:
Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,
Сақтаңыз , жанымды шыбындай.
Ойнадым дәл жолдың үстінде
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір сәттік ойынның кесірі,
Мінекей зиянын тигізді.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят - ақ,
Әрдайым сақтау керек тәртіпті !
Бала.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті
бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
3 көрініс
Инспектор
Жол тәртібі кімге керек-Бірге ойланып көрелік,
Әрқайсының қылығына әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан.
Жол белгінің сырын ұғып көрелік.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Инспектор
- Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі
сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына
жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан
машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Жолдан өту тәртібін көрсетеді.
/Оқушы қалай өтетінін көр сетеді./
Инспектор
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.шешміз бе?
Балалар әрине шешеміз
Жұмбақ шешу:
Үш көзді батыр,
Жолыңды аңдып жатыр /Бағдаршам/
2. Көзін ашып -жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. /Бағдаршам/
4 көрініс
Ортаға бағдаршам шығады. Мұғалім.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар
Бағдаршам
Менің үш көзім бар;
Бәр көзім"кідір" дейді,
Бір көзім"жүгір" дейді,
Бір көзім"абайла"дейді,
"Қарап қалма маңайға"дейді.
(Бағдаршам арқылы көшеден өтуді көрсету.)
1-ші оқушы.
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін.
2-шы оқушы.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
3-ші оқушы.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін,жасқанба!
Ән: « Бағдаршам»
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата - ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Инспектор:
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Оқушы:
Көріп-тамашалағандарыңызға рахмет
Қорытынды.
Біздің өміріміз өз қолымызда.