7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов 'Жетім'

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов 'Жетім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Нэбиева Арув Сатыбалдиевна №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Әдебиеттік оқу 4 «з» сынып



Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов "Жетім"
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу. Ә) Дамытушылық: Баланың ой - өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
Б) Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы:
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап түртіп алу старт.
Көрнекіліктер: М.Әуезовтің шығармалары, портреті.
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
- Психологиялық дайындық;
II. Үй тапсырмасын тексеру .
Сұрақтар:
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
- Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақан» әңгімесін оқып келу және мазмұнын айту.
2. Үйдегі дайындық бойынша әңгіменің мазмұнын кім айтады?
3. Ал енді балалар мына сызба бойынша Міржақыпқа сипаттама жасайық.
Міржақып
Ерекшелігі: Сыртқы түр - әлпеті қалай суреттелген?
Автордың көз қарасы, ойы.
1. Жақаң деп не үшін айтылған?
- Міржақов Дулатовқа деген сыйдың бір құрметі.

III. Мағынаны тану.
Ой қозғау.
- Мұхтар Әуезов туралы не білеміз?
М. Әуезов

Ұлы жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым
Абайдан үлгі өнеге алды
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған
Омархан әкесі, Дінәсіл әжесі, Әуез атасы
Абай жолы романын жазды. 1) Автор туралы мәлімет беру.
М. Әуезовтің балаларға арналған «Көксерек» әңгімесі - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма.. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Әуез бен әжесі Дірнәсілдің тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
-«Жетім» сөзіне тоқталу.

Ой түрту.
- Балалар, сіздер жетім деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Сол замандағы сұрапыл соғыс кезіндегі тағдыр тауқыметінен жетім балалар көп болды. Әке - шешелері соғысқа аттанып жетім қалды. «Жетім» деп толық емес жанұяның балаларын айтамыз т. б. Сондықтан қай заманда болмасын бұл өзекті мәселе болып табылады. «Жетім көрсең, жебей жүр» демекші әрқашанда мұндай балаларға жылы шыраймен қарап көмектесіп жүру керек. «Ақбөбек» балалар үйі бар. Мұнда әртүрлі деңгейдегі балалар тәрбиеленеді. Мысалы, үй тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың балалары, ата - анасы ішімдікке салынып кеткен отбасылардың балалары т. б.
1. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Ә) Сөздікпен жұмыс, түртіп алу стратегиясы бойынша.
Б) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу.
3. Сөздік жұмыс. Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік. Қаға беріс - шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.

4. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру. ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1. --Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? ---Сенің көз алдыңа нелер елестеді? ---Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің? ----Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің? Сұрақтарға жауап беру.
- Жетім кім?
- Қорлық көрсетуші кім?
- Қасымның тағдыры не болды?
1) Табиғат балаға қалай көрінеді?
2) Қасым неліктен жеті түнде жалғыз, жаяу келе жатыр?
3) Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
4) Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталынды? «Жетім есіркегенді ел елейді». Енді қазіргі кездегі жетім балалар мен сол замандағы балаларды салыстыру. (Ауызша)
ҮІ. Қорыту. Әңгіме бойынша құрылған мына жоспарды оның мазмұнына қарай қайта реттеп жазып шық.

  1. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала. (4)

  2. Қасымның әжесінен айырылуы . (1)

  3. Тау ішіндегі қорқыныш. (3)

  4. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы. (2)

Үйге тапсырма .
Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал