7


  • Учителю
  • Жеңіс туы жаса мәңгі (Даярлық топ) Тәрбие сағаты

Жеңіс туы жаса мәңгі (Даярлық топ) Тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақтың тақырыбы: Жеңіс туы жаса мәңгі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың жүру барысы:

Өздеріңе белгілі 1941 жылы 22-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 66 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік)



Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 66-шы көктемі де келіп жетті.

71 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

71 жыл шуақты күн таратты әнін.

71 рет көктемде содан бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.

Ару қыздар - алаулап от кешкендер,

Сыздап тұр - ау әлі күн оқ тескен жер.

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар - алаулап от кешкендер.



Әлия, Маншүк анамыз,

Бауыржандай атамыз,

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.

Біз еліктеп өсеміз,

Батырларың десе кім:

-Әлия,Маншүк анамыз,

Бауыржан -біздің атамыз.



Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикалармен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн 870 мың қазақстандықтар болған.



Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көбейе берсін ырыс - құт.



Ойлап - ойлап тұрдым көп,

Сұрақ қойдым білгім кеп:

- Қуанышты мереке -

Жеңіс күні қай күн? - деп

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

- Дұрыс, - десті сұрағың.

- Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні шырағым!



Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Ән «Ақ көгершін»

Қорытынды

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!



Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

Жер бетінен жамандық мүлдем кетті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал