- Учителю
- Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы және оның мағыналары»
Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы және оның мағыналары»
Пәні: Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы және оның мағыналары»
Мақсаты:
1. Білімділік: Сөз құрамы туралы білімдерін жетілдіру. Түбір мен қосымшаның айырмашылығын ажырата білуге үйрету, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін нақты танып білуге баулу.
2.Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Міндеттер: Сөз құрамы туралы білімдерін жетілдіріп, тиянақтау
Күтілетін нәтиже Алған білімдерін іс жүзінде, күнделікті сөйлеу барысында, қолдана алуға үйрету
Тапсырмалар Оқулықта және wiki беттерінен жүктелген дереккөздер
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, таблица, үлестірмелі қағаздар
Сабақты өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Үй тапсырмасының орындалуын қадағалап, бағалау. .
ІІ. Ой шақыру
Сұрақ - жауап әдісі:
- Сөз мағынасына қара қандай түрлерге бөлінеді?
- Тура және ауыспалы, мағынасы қарама - қарсы сөздер және мәндес сөздер, көп мағыналы сөздер.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Сөз құрамы және оның мағыналары
ә) Сөздің құрамы екі бөліктен тұрады.
Түбір - қосымша
Жұрнақ Жалғау
б) Жасырылған жұрнақтарды тауып көрсет
балық + =
күй + =
оқу + =
ас + =
ғарышкер + =
Тапсырма бойынша ереже құрастыру:
Түбір сөзге жалғанатын бөлікті жұрнақ деп атаймыз.
Жұрнақ арқылы жаңа сөз құрастыруға болады.
Қолданылатын әдіс: СТО сұрақтары
Сабақ барысында жүргізілетін жұмыс түрі
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
жалғау түбір жұрнақ
Мысал келтіріп оны сөз құрамына талда ауызша.
2. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Осы сөздерден туынды сөздер жасауға болады ма?
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
ІІ. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс: І,ІІ,ІІІ топ
1, 2, 3- жаттығуларды орындау.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
Дарынды оқушымен жұмыс:
-
Көн нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.
-
Еңбектің… нан… тәтті, жалқау… жан… тәтті.
-
Ер… ат… еңбек шығарады.
-
Жер… бай…-ел… бай.
-
1. Берілген сөздермен сөйлемдер құрап, сөз құрамын ажырат.
Сазгер, көшбасшы, сауыншы, емші, саяхат.
-
2. Сөз құрамына талда.
Оқушы, оқулық, жолаушы, кітапханашы, басшы, жұмысшы, қойшы, ойыншық.
3. Жұмбақты көшіріп, қосымшалы сөздердің астын сыз.
Әрі шешен, әрі әнші әрі күйші.
Әр үйде бар, тапқышым, кәне тапшы.
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
ІІІ. Ой қорытынды
. Сөз құрамы неден тұрады?
2. Қосымша неше түрге бөлінеді?
3. Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады?
4. Түбір сөз дегеніміз не?
5. Түбірлес сөздер дегеніміз не?
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні----------------------------------
Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала ----------------------------------
Белсенділігін бағала -------------------------------------------------------------
1
2
3
4
Сабақты бекіту.
1. Сөз құрамы неден тұрады?
2. Қосымша неше түрге бөлінеді?
3. Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады?
4. Түбір сөз дегеніміз не?
5. Түбірлес сөздер дегеніміз не?