7


Отбасы-тіршіліктің тірегі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен.Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю ад
предварительный просмотр материала



«Отбасы тіршіліктің тірегі»

І. Ұйымдастыру сәті.

1. Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге?

2. Ортаға ата-аналармен бірге оушылар шығады.

ІІ. Негізгі бөлім .

Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі «Отбасы тіршілік тірегі »деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен.Адамзат - бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады.Адам тану - адамзат арасындағы қарым - қатынас мейірімнен басталады.

Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық - ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.



Маған да, саған да,

Жақын туыс - бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың,

Айтады, қане, кім атын? ( апа, ата, ана, іні, аға)

- Отбасы деген не?

- Кім өз отбасы туралы айтып береді? /жауаптарын тыңдау/

Сызба нұсқамен жұмыс.

- Отбасы мүшелерін атап берейік.

Енді балалар отбасының мүшелеріне жеке - жеке тоқталып өтейік.

Ата , ана, әже, әке, бала, іні, қарындас, аға т б.

Бала - адамның бауыр еті - дейді қазақ халқы.

Ұрпақ - ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.

«Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,

Қасірет басындағы қалды арылып.

Ұл - қыз көріп дүбірлі той жасайды,

Атқан соң маңдайынан таң жарылып.

- Балалар, бізідің отбасымызда ең үлкен, ең ардақты, барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?

- Дұрыс, ол біздің ата - әжелеріміз. Кім өзінің ата - әжесіне арнап тақпақ айтып берем дейді.

1-оқушы: 2-оқушы:

Аппақ күміс сақалды, Менің атам мықты адам,

Жақсы көрем атамды. Күштілерден ықпаған.

Шахматтан ол бүгін, Жас кезінің өзінде,

Менен тағы мат алған. Жігіті жоқ жықпаған.

- Отбасының тірегі , қорғанышы деп кімді айтамыз? Ол әке.

Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында - дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған ойларын тыңдап көрейік.


1 - оқушы: 2 - оқушы:

Алтын арай таңым әке, Әкем - аласармас асқар тауым,

Алатаудай бағым әкем. Әкем - жайқалған жасыл бағым.

Балаң үшін шырылдайсың, Әкем - аман болғын, жаным әке.

Оқушылардың әкелеріне арналған өлең шумақтары.

Келесі кезекті ең ардақты, ең сүйікті ол кім?

- Әрине ол аналар.

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың - дегендей аналарға арнау.

1 - оқушы: 2 -оқушы:

Ана деген асыл сөз, Үш әріптен құралған,

Ана деген ғаламат. Қасиетті ұғымсың.

Жер бетінде анаға,

Табынады адамзат. Дүниеде жалғыз жан,

Әрбір ана сүйеді , Анашым бір өзіңсің.

Өз баласын үнемі

Одан асқан жан жоқ деп,

Жер бетінде біледі.

Сонымен, сендер үшін ата, апа, ана, әке қандай адамдар?

- Ең қымбат адамдар.

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Отбасының басқа да мүшелеріне арналған жыр шумақтары айтылады.

Сергіту сәті: «Мені кім қалай жақсы көреді?!» (жылы сөздер )

Қорытынды сөз: Міне, балалар, бүгін біз өз отбасы мүшелерімен танысып, олардың жанұядағы орнымен және оларды қалай сыйлау керек екенін сөз еттік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал