7


  • Учителю
  • Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Саламатсыздар ма қымбатты әріптестер, құрметті ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш класпен қоштасқалы отыр.
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош , бастауыш!» мерекесіне хош келіпсіздер.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Таныстырып бір-бірлеп шақырайын
4- класс оқушыларын ортамызға!

1.Сыныбымыздың озаты,үздік оқушы, «Ақбота», «Кішкентай зияткерлер» интелектуалды ойындарының қатынасушысы ,класс төрайымы Булатова Арай Талгатовна.

2.Оқу екпіндісі,Спортты жанындай сүйетін,келешекте қазақ фудболының жарқын жұлдызы болсам дейтін оқушым Туралиев Алимжан Салимбекович.

3.« Кәмпит беріп барысқа

Қосып едім жарысқа.

Зымранның өзінен

Бұрын барды барысқа»-деп өтірік өлең жазатын,өзінің бос уақытында шығармашылық пен айналысатын қыз,оқу екпіндісі Джекбаева Амина Серікқызы.

4.Мектебіміздегі тіл мерекесіне арнап өткерілген мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы, «Адам және қоғам» интеллектуалы ойынының қатынасушысы Ерсаева Манзура Турғалиқызы.

5.Алдағы уақытта ата-әжесінің үмітін ақтап, «Оқу екпіндісі» болуға бар күш-жігерімді саламын дейтін оқушы Уразымбетов Ерлан Карамаддинұлы.

6.Қарапайым да ақкөңіл қыз,айтылған әр бір тапсырманы ынтамен орындап жүрген оқушы Сарбулина Айман Айтқазықызы.

7.Мінезі тынық,өзі сабырлы,би билеп өнер көрсетіп жүрген оқушы Раимова Райгуль Асылбекқызы.

8.Математикаға ерекше ықласты, «Ақбота» интнллнектуалды ойынының қатынасушысы,оқу екпіндісі Закенова Асмина Ақтолқызы.

9.Оқу екпіндісі,спорттың тайквандо түрімен айналысатын оқушы Дюсенбаев Әлімжан Бауржанұлы.

10.Би билеп Шараның ізбасары болсам дейтін,оқу екпіндісі Такилова Аружан Жардемқызы.

11.Оқу үздігі,әр кезеңдердегі интеллектуалды ойындардың қатынасушысы,қайсар да талапты қыз Блинова Аружан Жумабекқызы.

12. «Адам және қоғам» интеллектуалды ойынының қатынасушысы,спортта қазақ күресінің майталманы болсам дейтін оқушы Ильясов Полат Куралбаевна.

13.Табиғатынан ақ көңіл,жайдары қыз,би билеп, ән ән салғанды ұнататын,оқу екпіндісі Утемисова Дильназ Нурлыбекқызы.


Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
Осы бір сәт толқып тұрған оқушылардың жүрек түпкірін терең бойлаған жырларына сіздер мен бірге құлақ түрелік.


  1. (Тақпақтар.)


Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.


2.Ән. «Досыма» Блинова Аружанның орындауында.




Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!


3.Ән «Мектебім».Булатова Арайдың орындауында.


Ұстаз деген бес әріптен құралған,
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған.
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.


4.(Ламбада) енді қыздарымыздың биін тамашалайық.

Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.

5.Ән. «Балдаурен».Булатова Арайдың орындауында.


Көрініп көркіңнен

Мейрімің төгілген

Қиындық сәттерде

Жұбанам досыммен.


6.Ән. «Дос туралы жыр». Закенова Әсмина,Ерсаева Манзура


Өнерін салып сіздер үшін

Дайындаған бұл қыздар бидің бірін.

Кезі келді оны да тамашалар

«Чиннури» биін көрің.


7.Би. «Чиннури»


Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз мерекесі, «Алтын күз»және «Жаңа жыл» мерекесі, Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Сол өткен 4 жылдағы шуақты күннің мерейін,қайталанбас да қадірлі сәттерді бір мезет елестер дізбегінен өткеріп,көз жіберсек.


8.Слайд. «Шуағын төккен 4 жыл».

Қуанамын,қуанатын жөнім бар,

О,ұстаздар жүрегімнен бір гүл ал!

Сендерге де сәтті сапар тілеймін

Парталастар,бірге оқыған құрбылар!


9.Соңғы «Вальс биі»

Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымда нұр еккен-демекші шәкірттерімнің

«Ұстазым» әніне құлақ түрейік.

10.Хор. «Ұстазым»

11.Ендігі кезекті құттықтау сөзіне берсек.Сөз мектеп директоры

Капетов Ж.А. беріледі.


Марапаттау сәті: 4 «а» класс оқушыларының баршасына бастауышты аяқтағаны үшін дипломы тапсырылады.

Ұстаз тілегі:

Міне оқушылар кеше ғана кішкене бала сияқты едіңдер,бүгін азда болса қанат қомдап,оңмен-солды ажыратып бастауыш сыныпты аяқтадыңдар.

Алдағы оқуларда талмай қанат сермеп, қажымай үйреніп ,тек ғана биіктерден көрініңдер.


Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал