7


  • Учителю
  • 4-сынып ана тілі пәнінен 'Жолда' тақырыбына сабақ жоспары

4-сынып ана тілі пәнінен 'Жолда' тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Абай туралы. Жолда. Мұхтар Әуезов.

Мақсаты: Ұлы ақын Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныстыра отырып, Абай өмірінің балалық, ересек шақтары жайлы мәлімет беру, әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйрету; көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын жасай білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді мәнерлеп, жатқа айту. Жағымды, жағымсыз қылықтар жайлы не білдік?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Абайдың қандай өлеңдерін білесің? «Ғылым таппай мақтанба», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» Өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ:

Кіріспе. Мұхтар Әуезов(1897-1961) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Ол - аса көрнекті қазақ жазушысы, академик. Данышпан ақын Абай Құнанбайұлы өмірінен тұңғыш энциклопедиялық эпопея жазған ұлы суреткер. Жоғарыда айтқандай Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы, сол кездегі қазақ өмір-тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы Мұхтар Әуезов: « ... қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазды.

Ш Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. ығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. облысы, Абай ауданында дүниеге келген.

Аса көрнекті қазақ жазушысы, академик


Мұхтар Әуезов

(1897-1961)


Шығармалары: «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Еңлік-Кебек», «Қарақыпшақ қобыланды», «Қаракөз», «Абай жолы»

Данышпан ақын Абай Құнанбайұлы өмірінен тұңғыш энциклопедиялық эпопея жазған ұлы суреткер

Оқулықпен жұмыс. Үзіндіні түсініп, жалғастырып оқу. Абайдың сыпайылығы сипатталған жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен түсіндір.

Сөздік жұмыс. Дәріс - сабақ. Тамамболмаса да - аяқталмаса да, бітпесе де. Хазірет - дін жолындағы мәртебелі адам. Фатиқасын алып - ризашылығын алып.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1.Абай қайдан келді деп ойлайсың? Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді. Ол баласы Абайды қалай қарсы алды? Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма? Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?

2.Мына үлгі бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жаз.


өңі сұп-сұр

Құнанбай зор денелі

бурыл сақалды


ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге сүйеніп, Абайға мінездеме бер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал