7


  • Учителю
  • Ашық сынып сағаты Бір белестен өттік біз, шуағын төккен 4 көктем!

Ашық сынып сағаты Бір белестен өттік біз, шуағын төккен 4 көктем!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Бір белестен өттік біз! Шуағын төккен 4-көктем!» атты

бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Мақсаты: оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу,

ой өрісін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз ойын

әдеби тілмен өрнектеуге машықтандыру. Үлкенді сыйлауға және

кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд « Шуағын төккен 4-көктем!», Оқушылар өмірінен түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, әртүрлі деңгейлі дипломдар, мадақма қағаздар,нақыл сөздер,күнбағыстар.



Мұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4-жыл бұрын мектеп табалдырығын қымсына, жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-білім алып, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра біліп, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Білім деген қауыздан гүл ашылған,

Оған керек таусылмайтын көп шыдам.

Бар білімнің, бар ілімнің атасы,

Бастау алар бастауыш сатысынан.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда,

Мал озбас, біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар адасқанда.

Білім бар білім десең баста піскен,

Қолда оқулық тасқа түскен.

Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Толқимыз ,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда?

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,

Наргиз бен Айдананы!

Мен бүгін осы кешті жүргізуді сыныбымыздың озат оқушылары Қазымбекова Наргиз бен Макатова Айданаға тапсырамын.



Екеуі бірге: «Сәлеметсіздер ме?»

Наргиз :

-Айдана, саған бір жұмбақ айтсам шешуін тауып көресің бе?

Айдана:

-Наргиз мерекелік кешімізді бастамай-ақ жұмбақ шешіп тұрамыз ба?

Сен де қызық екенсің!

-Ал, айтып көр, шешуін тауып көрейін.

Наргиз

-Ал,тыңда онда!

Күннің көзін сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Айдана: (таңданып, жан -жағына қарап)

-Бұл жұмбақтың шешуі күнбағыс қой! Түсінбеймін! Күнбағыстың бүгінгі мерекеге қандай қатысы бар? Сен жұмбақ айттың, ал апайымыз мында күнбағыстарды жайқалтып, жайнатып тізіп қойыпты.

-Әйтеуір апай екеуіңіздің ойлап таппайтындарың жоқ! Мұның бір сыры бар сияқты.

Наргиз:

-Дұрыс айтасың, болғанда қандай! Апайдың күнбағыс туралы бірдеңе ойластырып жатқанын сезіп қалдым да мерекелік кешті осы жұмбақпен бастасам ба деген маған бір ой келді.

-Айдана, көрдің бе? Сахна төрінде әр түрлі биіктікте әдемі күнбағыстар орналастырылыпты. Күнбағыста күннің көзін сүйетін, күннің шуағына бөленіп, оның шығу бағытына қарай басын иіп, жайқалып,жайнап өспей ме? Мені де, сені де, барлық оқушыларды да осы өсімдікке теңер едім.

Айдана:

-Енді түсіндім Олай болса кешімізді ары қарай жалғастырайық!

Наргиз: Олай болса. №8 негізгі мектебінің 4 -сынып оқушыларын қошеметмен сахна төріне шақырымыз!

(музыка әуенімен 2-2-ден қол ұстасып оқушылар шығады. Жұптасып вальс билейді.)

Айдана:

Армысыңдар, аяулы да асыл жанды ата-аналарым!

Наргиз:

Армысыздар, аяулы да ,қымбатты ұстаздарым!

Айдана:

Шуағын шашқан,

Наргиз:

Нұрын төккен,

Айдана: Дәнін еккен,

Наргиз: «Бір белестен өттік біз! Шуағын төккен 4-көктем!» -атты бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!

Айдана:

Бесіктегі баланың ,

Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың ,

Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4-ші сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкіртпіз.

Наргиз:

Бұл күнге жайдан-жай келе салғанымыз жоқ, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. Сол сәттерден үзінділерге назар аударсақ!

(Слайд көрсетіледі. Туған күндерден үзінділер)

Ислам: Мектеп кеме, білім теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім жолда.



Хор: «Мектебім» әні.



Ислам: Есімде ұстаздың алған қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір- бір мықты.



Гүлдастан: Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің,

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын.

Гүлзат: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе біздің данамыз.

Әліппені құрметтеп,

Басқа орынға қоямыз.



Жасмин: Ойлантып, есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғалымдардың патшасы,

Математика данамыз.

Нұрдәулет: Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

Ердәулет: Адамдыққа үйреткен,

Жамандықтан жиренткен,

Тілімізді ширатқан,

Ана тілі данамыз.



Нұрдаулет: Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.



Ән: «Ұстазым».



Ержігіт: Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.



Айдана: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.

Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.



Хор: «Мұғалім».



Наргиз : Сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.



«Есеп».

Баласы: Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың Әкелері де сол есепті

шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін Кім сындырды деген сұраққа…

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің

деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.

Айдана: Біз нені үйрендік?

Фархат: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.

Шыңғыс: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге

жақсылық жасауды.

Мадияр: Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.

Наргиз:Біз нені сүйеміз?

Хормен: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!



Айдана: Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.

Наргиз: Біз кім боламыз?

Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.

Айдана: Құрметті мұғалімдерге арналған өлеңдерімізді қабыл алыңыздар.



Фархат: Біраздан бері бұл мектепті басқарады,

Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.

Үлесі бар мектепті көркейтуге,

Нұрлыбек ағай сізге алғыс жолданады.



Мектебімізге бас болған,

Ұжымды ол басқарған,

Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,

Нұрлыбек ағай үміт күтеді жастардан.



Шыңғыс : Үйреткен сөз өнері қыр сырларын,

Гүлденткен үлес қосып бала бағын,

Асема апай мен Ләззат апайларға арналар шексіз алғыс,

Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.



Диана:

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Біздің де көкірегімізде із қалыпты.

Зәуре апай неткен мықты төзімдісің,

Әр сыныптың білім пайызын тексересіз.

Көркем: Сыныпқа келіп кіргенде,

Қимылдамас еш пенде.

Баян апай сабағын,

Өткіземіз деп демде.



Гүлзат: Дәмді етіп дайындап,

Ас мәзірін ұсынған.

Гүлшат, Зина апайлар.

Сіздерге алғыс жолданар.



Диана: Орыс тілді оқытып,

Тілімізді ширатқан.

Гайнел апай қабыл алыңыз,

Көп рахмет, алғыс балаңнан.





Мадияр: Әкемдей мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Абат ағай амандасып,

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.



Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді аямады,

Шымыр болып шынығып

Шығамыз біз белестерге



Нагиз: Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің,

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады жыр -әнім.

Айдана:

-Наргиз адамдарда қандай аналар бар? Айтып атап бере аласың ба?

Наргиз:

Отан-ана, жер-ана, өз анаң,мектеп-ана, ұстаз-ана! Соны да білмей тұрсың ба?

Айдана:

-Жоқ, Наргиз білмей тұрғаным жоқ. Бүгінгі кештің назарын мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!

Наргиз:

Бүгін біздер осы аналарға деген ыстық лебімізді білдіреміз!

Айдана:

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар тамаша әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: «Ана»



Наргиз:

-Айдана , дүниедегі адамға ең жақын ,ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

Айдана:

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

Наргиз:

-Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек. Сондықтан ұлы ақын Абай атаның

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кепес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.-деп айтуында терең ой жатыр.

Айдана:

-Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.

Наргиз:

Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Ән: «Ұстазым».



Нұрдәулет: Арайлым.

Аяулы мектебім,

Өзіңде өткен көктемім.

Өзіңнен алар әлі де,

Арманым, асқақ көп менің.

Алғашқы басқан өткелім,

Білімді сақып төккенің,

Сусындап сенен нәр алам,

Алатын шыңым көп менің,

Аялы менің мектебім.



Ержігіт: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектебім-білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.



Жасмин: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықты бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.



Көркем: Армысың алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем ,сені мәңгі мектебім.



Фархат:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,

Күллі шәкірт саған басын иеді.



Шыңғыс:

Мектебім, алтын ұя мектебім, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітіңнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



Ислам:

Мектеп-үйім, ұстазым менің ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.



Айдана:

Мектепдеген киелі ұғым ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Түлеп ұшты талай-талай азамат.



Ислам:

Білімнің байыбына барып терең

Жанат апай бастап алғаш әліппеден,

Жаны асыл ұстазыма мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.





Гүлзат: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақ босаға киелі,

Қанат қаққан білім алған өзіңнен,

Күллі шәкірт сіздерге басын иеді.



Мадияр: Ауырсақ дәрі беретін,

Шақырсақ жүгіріп келетін.

Медбике Надежда апайға,

Шексіз алғыс арналған.



Серікболсын: Хат танытып, үйреткен әріптерді,

Ұстатып алғаш қолға әліппені.

Рахмет ұстазыма дәріс берген,

Үйреткен ғылымдарды өнерменен.

Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз,

Сізден алған біліммен біз өсеміз.

Ақтармыз еңбегіңді аяулы ұстаз,

Көрініп әлі талай биіктерден.



Гүлдастан: Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектепбім!

Наргиз:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті,

Қоссаңдар 1-ді 2-ге 3 болады,

Деуші едің білімменнен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап,

Өзіңіз баға қойған күнделікті ,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.



Айдана:

Есімде ұстазымның алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны,

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны,

Енді міне сағымдай боп өте шықты.

4жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.



Наргиз:

Атағым Алатаудай болса биік,

Тұрса төбем өсіп көкке тиіп.

Алдында әрқашанда тағзым етіп,

Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Көрінетін биіктен асқақ іспен,

Баулитұғын білімге жас кішіден,

4 жыл бойы біліммен сусындатқан,

Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

.

Айдана:

Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дар шың,

Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын,

Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,

Шәкірттерін оңашада еске алатын.

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі,

Пана болған дара болған біз үшін,

Жанымыздан артық дер ем біз сізді. Сөз кезегі н алғашқы ұстазымыз Жанат апайға беріледі.

Мұғалім кешті қортындылап , ата-аналарға рахметін айтып оқушыларды дипломдармен, ата-аналрды алғыс хаттармен марапаттайды.



Наргиз:

Өтті біздің балалық,

Өтті бізден балалық,

Тезге салды ұстазым,

Ұстанғаны адалдық,

Текті мінез даналық,

Үйреткені адамдық,

Біз тілейміз ұстазға



Екеуі бірге: «Бақыт, табыс, амандық»

Наргиз «Бір белестен өттк біз! Шуағын төккен 4-көктем!» атты ертеңгілігімізді «Мектебім» әнімен аяқтаймыз. Құттықтау сөз мектеп директоры, сынып жетекші, ата аналарға беріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал