7


  • Учителю
  • ' ҰСтазым менің ұстазым' сайыс

' ҰСтазым менің ұстазым' сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ»

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ» атты бастауыш сыныптар аралығында өтетін мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! дей отыра 4-сынып оқушыларының «Жас дэнс» биін қабыл алыңыздар!

Күлімдеген,
Күнім деген,
Қамқор болған ұстазым.
Жаны жайсаң,
Жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын. - дей отырып сөз кезегін Жалаулы орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Садақбаева Айнагүл Қайырбекқызына беріледі.



Қазылар алқасы мен таныс болыңыздар!

  1. Қазақ тілі қазақ әдебиетінің мұғалімі : Даирбекова Кулзат Бекейқызы

  2. Орыс тілі орыс әдебиетінің мұғалімі: Балжарикова Диана Төлегенқызы

  3. Аға важатый: Әбдікәрім Назым Нығыметқызы

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше адалдықпен

Білім іздеп лапылдап жаңа берем -деп

Ортаға 3-сынып оқушысы Асқар Маликаны шақырамыз.



Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі.

2 қазақ сынып оқушысы Құнанбаев Еркін



Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

4 орыс сынып оқушысы Котова Ангелина

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
4-сынып оқушысы Кунанбаева Дильназ

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

1-сынып оқушысы Жақсылық Айсара



Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
4-сынып оқушысы Сабыр Райымбек



Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп

2-сынып оқушысы Төлеген Дастан


Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Ортаға 4-сынып оқушысы Амангельды Ерболат

Мұғалім - ұстазысың балалардың.

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


2-сынып оқушысы Батырханов Арман


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.


4-сынып оқушысы Даирбек Аяжан


Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

2орыс сыныбының оқушысы Кекин Максим


Ардақтысың, аяаулы ұстаздарым,
Сізге айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім- дей отыра 4-сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар


Сөз кезегі әділқазылар алқасында
1-орын- Даирбек Аяжан

2-орын- Асқар Малика, Сабыр Райымбек

3-орын- Амангельды Ерболат


Н. Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі














«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ»







Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Елдесова Рысты Нурлановна



2015 жыл







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал